14
Оқу білім алушының басында түсіну, жеткізу, болжау түрінде
болатынын, сондықтан қорытындыны (бағалау пайымы) дұрыс тиянақтау
үшін ең сенімді, жарамды негізді талап ететін үдеріс екенін естен
шығармауымыз қажет. Негіз ретінде қалыптастырушы
бағалау кезіндегі
бақылау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау кезіндегі
нәтижелер қызмет атқаруы мүмкін. Бұдан басқа қосымша негіздеме ретінде
мұғалімнің кемшіліктердің алдын алу туралы шешім қабылдауы кезіндегі
сенімділігін арттыру мақсатында туындаған
қиындықтарды білім алушымен
бірге талқылауына болады. Оған көмегі тиетін жағдай туындағанда, осы шара
туралы оның пікірін, ойын білуіне болады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды тоқсанның және оқу жылының соңғы
күндерінде өткізу ұсынылмайды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім
алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін
тыйым
салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Тыйым салынған
заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: