Сценарий 1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері! Бүгінгі студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!»



Дата07.02.2022
өлшемі16,24 Kb.
#92572
түріСценарий
Байланысты:
сценарий
сценарий, сценарий

«Студенттер қатарына қабылдау кеші» сценарий

1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері! Бүгінгі студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Сіздерді біздің ортақ және үлкен білім ордасына, яғни Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетіне қосылуларыңызбен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Ғылым болып даналықпен көктерсің,
Оқысаң сен адалдыққа жетерсің.
Шырақ болып қалғың келсе өмірде,
Лаулап, лаулап биіктерге жетерсің!
2-жүргізуші: Құттықтау сөзді факультет деканы Адиева Айнагүл Жанибекқызына береміз.
1-жүргізуші: Рахмет. Келесі сөз кезегін «Физика және техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі ғылым кандидаты қауымдастырылған профессор Джумамухамбетов Джангирхан Гилманұлына берейік.
2-жүргізуші: Жылы лебізіңізге көп рахмет. Әлемде болып жатырған пандемияға байланысты сіз бен біз онлайн оқуға мәжбүр болып отырмыз. Осы орайда сіздерді университетіміздің тарихымен шағын бейнеролик арқылы танысуға шақырамыз. Видео журеди
1-жүргізуші: Университетемізде 5 оқу ғимараты, Жайық спорт кешені, 2 ғылыми кітапхана, оқу залы, барлық жағдайы жасалған 3 жатақхана және онда студенттерге арналған жаттығу залы мен жеке кітапхана бар.
2-жүргізуші: Біздің университетімізде студенттерге негізгі білім алу үрдісімен қатар әскери білім алу мүмкіндігі және тәжірибе алмасу мақсатында шетелдердің, республика ішілік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық арқылы эрасмус,мевлана, болашак бағдарламалары жұмыс істейді.. Сонымен қатар әртүрлі ғылыми бағыттағы жобалар мен өнер және спорт саласында бақ сынай алады.
1-жүргізуші: Студенттік өмірді қызықты және пайдалы өткізу үшін әртүрлі жобалар мен орталықтар жұмыс істеуде.Атап өтсек, I-space коворкинг орталығы,
English only space орталығы, Ақтаңгер ақындар клубы, Асуүміт қайырылымдылық қоры, Самғар жастар театры, ХалелГранд КТА командасы, Сенатор дебат клубы, Шахмат клубы,асу радиохабар арнасы, адалдық дүкені, робототехника курсы, балалар университеті, спорт секциялар. Жыл сайын спартакиада ойындары, жайдарман, күзгі бал, миссагу, жігіт сұлтаны сайыстары өтеді. Танымал тұлғалармен оффлайн және онлайн түрінде кездесулер мен сұхбаттар өткізіледі.
2-жүргізуші: Бұл университет тыныс-тіршілігінен көрсетілген шағын естелік суреттер болатын. Енді өз саламызға оралсақ, Сіз бен біздің ортақ таңдауымыз физикаға байланысты қызықты ойынға кезек берейік. Ойын болады

1-жүргізуші: Бірінші ойынымыз анаграмма ойын. Мұнда сіздерге әріптердің реті ауыстылып берілген және сіздер дұрыс сөзді табу керексіздер.
2-жүргізуші: Келесі ойынымызда сіздерге логикалық сұрақтар қойылады.
1-жүргізуші: Енді кезекте факультетімізбен таныстыру мақсатында назарларыңызға шағын бейнеролик ұсынамыз.


1 - жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты "студенттер" бақыттылар!
Дей отыра сіздерді ресми түрде студент атануларыңызбен құттықтаймыз, білім кілтін табыстау үшін сөз кезегін 4 курс студенті Бектемірқызы Гүлданаға және 1 курс студенті Айтимова Аружан Абайқызына береміз.


Гүлдана: Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп.
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт.
Білімді құйып санаңа,
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар,
Тапсырамыз «Алтын кілтті».


1-курс Айтимова Аружан : Біз физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенттері Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мәртебесін биік, тұғырын берік ұстауға ант етеміз!

Келесі сөз кезегін топ кураторы педагогикалық ғылымдар кандидаты қауымдастырылған профессор Баян Олжағалиқызына береміз.


2-жүргізуші:
Бүгінгі өткен студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер! Көңіл бөліп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет