Сценарий 3- жүр: Асет Армысыздар, бармысыздар! Көптен күткен мереке, Алтын күзді қарсы алайық!



Дата12.03.2018
өлшемі41,1 Kb.
#38513
Қайрат Рысқулбеков атындағы № 33-ші орта білім беретін мектебі

«Күзгі балл» мерекесіне сценарий

3- жүр: Асет

Армысыздар, бармысыздар!


Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алайық!

1 жүр:

Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі «Күзгі балл» мерекесі де келіп жетті.



3-жүрг:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті көрермендер!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.
2-жүрг:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!-

3-жург:

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,


Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік

1 – тур: Таныстыру
2 – тур
«Сұрақ бізден, жауап сізден»

3 – тур: «Өнерің өрге жүзсін»
4 – тур: «Күзгі вальс»
5 – тур: Көрме. Үздік сурет.



3-жүрг: Асет

Баяғы өткен заманда


Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік.

2 жүр:

Уа, халайық! Патша мен патшайым келе жатыр! (Музыка)


Хан-Бекнұр:   Біздің орнымызға қалатын ханзада мен ханшайым мықты, елін, жерін жаудан қорғай алатын болу керек. Бағалауда қатысушылардың өз – өзін ұстауы, әртістік өнері, киім үлгілері, сөйлеу мәнері ерекшелігі мен маңызы ескеріледі. 

Ханшайым-Аяжан:

Құрметті көпшілік көрерменім


Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім.
1 жүрг:

Ақыл – көрік бойларында жетеді,


Әлі талай сынақтардан өтеді.
Баршыңызды патшалығымен өзінің
Тез арада таныстырып өтеді. («Таныстырдым патшалықты басқарған» атты видео-роллик үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы).

Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы! Ортада 1 – ші жұп!


Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді.
Хан-Бекнұр:
Таныстырды ханза-ханшайым тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
2-жүрг:

Баршаға өнер сүйер жар саламыз,


Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін ән саламыз, ән саламыз.

Ән. «Күзгі қайың»

3- жүрг:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,


Келді кезек тапқырлықты танып көр.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде ... («Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз).

1-жүрг:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,


Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Алтын күз жарысында бәйге алуға,
Ханзада-ханшаймдар аянбай жан салыпты.

3- жүрг:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.
(Өз өнерлерін көрсету).

2-жүрг:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде, өнерлерін көрсетуде... Ханзада мен ханшайымдарды ортаға шақырайық

1-жүрг:

Шалқып, тасып әніміз,


Жадырасын жанымыз.
Бүгінгі күз кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі 4– тур: «Күзгі вальс»


2- жүрг:
5 – тур: Көрме. Үздік сурет байқауына көшейік. Бұл «Күзгі балл» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!

3-жүрг:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!
---------------------------------
2-жүрг:
Осылайша «Күзгі балл» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі балл - 2016» байқауының жеңімпаздарың......... қошеметпен ортаға шақырамыз.

(музыка) Хан мен ханшайым тәжді марапаттайды...



3- жүрг:

Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі балл» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.


«Күз ханзадасы»: .............
«Күз ханшайымы»:............... 
Ханшайым-Аяжан:

Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,


Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бәрінде аман болыңдар!
3- жүрг:

Осымен «Күзгі балл» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет