Сценарий Қазақстан Республикасының «Жас Ұлан» «Жас Қыран»



Дата13.12.2022
өлшемі22,33 Kb.
#162537
түріСценарий
Байланысты:
Сценарий Жас Кыран
Документ Microsoft Word, 1625031646 1 (копия), Klassnyj chas, ОШ СОЧ Русский-язык-и-литература 11-класс-1, ОШ СОЧ Алгебра и начала анализа ЕМН 11 класс каз (1), ОШ СОЧ Алгебра и начала анализа ЕМН 11 класс каз (1), ОШ СОЧ Алгебра и начала анализа ЕМН 11 класс каз (1), ОШ СОЧ Алгебра и начала анализа ЕМН 11 класс каз (1), Жүнісжан А.Ж.-3, Родной язык (русский). Начальное общее образование, FRESHGRADUATES OSh SOCh Kazakhskiy yazyk i literatura T2 11kl, ormo russkiy yazyk 2 etap resheniya 10-11kl 1 variant (2), Движения собак Р.П. Эллиот-6

Сценарий
Қазақстан Республикасының «Жас Ұлан» «Жас Қыран» РЕДЮЮ-нің мүшелігіне салтанатты қабылдау.
Жүргізуші: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға тартқан тұмары.
Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
Армысыздар құрметті ұстаздар, мектеп әкімшілігі, оқушылыр!
Сап түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!
Жүргізуші:Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш - қуат, жігер
Шырқалсын шаттық Әнұран әнім!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!(Әнұран орындалады).
Жүргізуші: Бүгінгі мектептің, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылған, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біраңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының мүшелері Тәуелсіздік қарсаңында өткізіліп отырған «Жас Ұлан» « Жас Қырын» ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы « Жас Ұлан» ұйымының төрағасына хабарлама жасасын.

«Жас қырандықтар» сап түзеп, тік тұр! Құрметті Төраға, «Жас Қыран» тобы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық «Жас Ұлан» « Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына.
«Біз – болашақ жас қыран,
Өз Отанын қорғайтын.
Білім сүйер қыранбыз,
Заңғар көкке самғайтын.» ұранымен жиынға дайын.


« Жас Қыран » тобы, еркін !

«Жас Ұлан» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Құрметті Төраға, «Жас Ұлан» ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» « Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиынына:
«Тәуелсіз еліміздің болашағы,
Туған ел мен Отанын мақтан тұтар.
Салауатты өмір салтын ұстанар,
Біз – патриот жас ұландар!» ұранымен дайын.

« Жас Ұлан » тобы, еркін !


Жүргізуші: Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жерімнің атым айтсам- Қазақстан.
Қойнауы қазынаңа толған мекен,
Байлығым атын айтсам – Қазақстан, - дей отырып, 5 –сыныптың оқушыларына кезек берейік. (тақпақ)


Жүргізуші:
«Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымның әрбір мүшесі қоғамдық өмірде, тұрмыста, ұлттық қазақ болмысын, халықтық келбет пен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.


Жүргізуші:Құрметті мектеп әкімшілігі және ардақты ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

  1. Директордың міндетін атқарушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мирманов Алик Ахметкереевич

  2. Директордың тәрбие іс-жөніндегі орынбасары – Кашкенова Клара Сакулқызы

  3. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы – Убишева Элеонора Нұртасқызы

  4. Мектебіміздің психологы – Елжанова Гүлкенже Қанатжанқызы

  5. Бастауыш әдістемелік бірлестігінің жетекшісі – Бердыбаева Алтынай Мұхитжанқызы

  6. Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі – Базаркулова Күнсұлу

  7. Математика – жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі – Утегенова Асел

  8. Көркем эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі –

  9. Мектеп призеденті – Алмұрза Айжан Азаматқызы

  10. Жас Ұлан ұйымының төрағасы – Суюнтаев Есет Бауыржанұлы

  11. Қоғамға қызмет еріктілер клубының жетекшісі – Сейдулла Ерасыл Асылжанұлы


Жас Қыран төсбелгілерін « Жас Ұлан» ұйымының белсенділері табыстайды.


Жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз. (Оқушылар Ант қабылдайды)
Жүргізуші: « Жас Ұландар» әнұраны орындалсын Хор: 5 сынып
Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін Директордың міндетін атқарушы Мирманов Алик Ахметкереевичке беріледі.
Жүргізуші: Сап түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын.
Жүргізуші:
“Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді
“Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды
“Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді
“Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады
“Жас Ұлан ” – спорт пен еңбекті ұнатады
“Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”
Жүргізуші: «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» оқушылардың қабылдаудың салтанатты кезеңі аяқталды. Біз оларға еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болуға тілектеспіз.
Сау саламатта болыңыздар!

«Жас қырандықтар» сап түзеп, тік тұр! Құрметті Төраға, «Жас Қыран» тобы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық «Жас Ұлан» « Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына.
«Біз – болашақ жас қыран,
Өз Отанын қорғайтын.
Білім сүйер қыранбыз,
Заңғар көкке самғайтын.» ұранымен жиынға дайын.

«Жас Ұлан» ұйымы, сап түзеп, тік тұр! Құрметті Төраға, «Жас Ұлан» ұйымы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» « Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиынына:
«Тәуелсіз еліміздің болашағы,
Туған ел мен Отанын мақтан тұтар.
Салауатты өмір салтын ұстанар,
Біз – патриот жас ұландар!» ұранымен дайын

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет