Сценарий Бисмилла ир-рахман-ир-рахим! Сүндет той Бала, бала-бал ғұмыр



Дата07.02.2022
өлшемі18,92 Kb.
#89766
түріСценарий
Байланысты:
Сүндет той сценарий


Сүндет той сценарий
Бисмилла ир-рахман-ир-рахим!
Сүндет той
Бала, бала-бал ғұмыр,
Қуанышты мәңгі жыр.
Отырыпты сүндетке,
Жігіттіктің алды бұл.
 
Дәстүріміз бел алды,
Елдің ісі оңалады.
Өтеліпті парызы,
Жасалыпты жоралғы.
 
Құтты болсын сүндеті,
Ол-Мұхамет үмбеті.
Орындалды ойдағы,
Ата-ананың міндеті.
 
Мұсылмандық-иманың,
Екендігін біл, жаным.
Той жасапты ағайын,
Шашып барлық жиғанын.
 
Өмірдің бір белесі,
Мұсылмандық жөні осы.
Қуанып жүр әкесі
Көкке жетіп төбесі.
Аман-есен жетейік,
Тойларына келесі.

Ат арытып алыстан
Келе құшақ жайысқан,
Қызын алып, қыз беріп,
Қызықтарын бір көріп,
Құдайымдай сыйлайтын,
Құдайына қимайтын
Құдаларым, қош келдің!
 
Алыс ауыл арасын
Жақын қылған нағашым,
Ақ көңілді баласын
Ақын қылған нағашым,
Нағашымның жаңасын
Іздесең қайдан табасын?
Нағашылар, қош келдің!
 
Өсіп-өнер жұртыма,
Өріс болған жиенім.
Айқасқанда жауымен,
Жеңісті алған жиенім.
Елдігін де білемін,
Кеңдігін де білемін,
Кездесе алмай жүр едім,
Жиендерім, қош келдің!
 
Бір-бірінің жан сырын,
Айтқызбай-ақ ұғысқан.
Аралары тату боп,
Арылмаған ырыстан.
Ауыр жүкке жұмылып,
Бір жағына шығысқан,
Аман болғын әрдайым,
Айналайын туысқан,
Туған-туысқандар, қош келдің!

Әрбір тойда достардың орны бөлек.
Достарың жаныңның жақсылығын,
жүрегіңнің қуанышын сезінеді.
Достарымыз қош келдің!
 
Ынтымағы жарасқан,
Ықыласпен қарасқан,
Туысқандай, туғандай
Көршісімен санасқан,
Көршілерім, қош келдің!
 
Барлық қонақтар орындарына жайғасып алған соң
- Ал енді, бүгінгі тойдың егесі, батырымыз ортаға келсе. Барлығымыз бірге қол соғып ортаға күтіп алайық.


Әжесі шашуын шашу қажет.


Ал, халайық, халайық,
Балапанға қарайық.
Дінімізді құрметтеп,
Мұсылманға санайық.
Діннің жолы – түзу жол,
Түзу жолды қалайық.
Көрімдігін сүндеттің,
Қоржынына салайық.
Ал ортаға сүндеттелген ұлмен бірге атасы мен әжесін шығарып бата сұрау.


Ал, енді отырысымызды ары қарай жалғастырайық. Барлықтарыңыз алдарыңыздағы астарыңыздан алып отырыңыздар. Олай болса отырысымызды ары қарай жалғастыра отырып келесі сөз кезегін
Ерекше қадірі де, бағасы да,
Ұқсайтын алтын тонның жағасына.
Тілегін жүрек жарды қалсын айтып,
Берейік сөз кезегін нағашыға.
Аға жеңгелеріне, әпкелерімен жезделеріне сөз берсек.


АРАСЫНДА ӘН АЙТУ ҚАЖЕТ.
Баланың ата-анасымен қатар, кіндік шешеге көрсетілер құрметтің орны бөлек. Қыз алысып, құдандалы болып жатқанда да, ата-анасымен аты аталып, кіндік шешеге төрден орын берілген.
Кіндік шеше – қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана. Сондықтан да кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады.
Ал енді баламыздың кіндік шешесі мен әкесіне сөз кезегін берсек.


ӘН ШАШУ
Сыйлы боп жүрген барша қауымына,
Тілектес думаны мен сауығына.
Жүретін Алатаудай арқа сүйеп,
Берейік сөз кезегін бауырына - дей келе,
АҒАЛАРЫ МЕН ЖҰБАЙЛАРЫНА СӨЗ БЕРЕЙІК.
Бұл тойға туыс келмей, жат келсін бе,
Дүбірлі талай тойлар қапты есімде.
Ағытсын шын жүректен ақ тілегін,
Қанеки, бір тыңдайық әпкесін де.

Жездеге берген қазақ төрден орын,


Қайын жұртқа ерекше еңбегі оның.
Дәл басатын сезімнің пернелерін,
Алады сөз кезегін жезделерің.


КЕЛЕСІ ӘДЕМІ СӨЗ КЕЗЕГІН ӘПКЕЛЕРІ МЕН ЖЕЗДЕЛЕРІНЕ БЕРЕЙІК.
Тіреу ғой тұрса егерде артыңда іні,
Інілер-ағалардың жал- құйрығы.
Сөз кезегін береміз інісіне,
Іні бар да қалмайды нардың жүгі дей келе -
сөз кезегін інілері мен келіндеріне берейік.
Ынтымағы жарасқан,
Ықыласпен қарасқан,
Туысқандай, туғандай
Көршісімен санасқан
дей, келе келесі сөз кезегін Көршілерге берейік.





 Біраз дәм татып, тілек білдіріп, ән тыңдаған соң, азырақ бой жазбаққа үзіліске шығуға болады. Үзіліс кезінде ән, би, күй, ойын жарысы болады. Үлкен, кіші бүгінгі той күні өз өнерлерін ортаға салады. Үздік өнер көрсеткендер сый-сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады. Үзіліс аяқталғаннан кейін қонақтар қайыра дастарханына шақырылады. Екінші отырыс та алдыңғы секілді тілек, бата, ән араласып қызықты тартымды өткізіледі. Осы дастарқан үстіне мүше-мүшенің жөн-жолымен ет тартылады.
Басты бата берген кісінің алдына қояды да, бала бастың үстіндегі бір жапырақ етті алып жейді.
Тойдың соңында тойбастар айтылған жерде тарту-таралғы таратылады. Бұл, тойшы қауымның ауылдың алты ауызын айта отырып, той иелерін мадақтауы, тойға ризашылығы және «келесі тойға дейін аман болайық» деген тілекте әнм

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет