Жас Ұландар әні
1 - жүргізуші
Білімді – көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
“Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді
“Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды
“Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді
“Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады
“Жас Ұлан ” – спорт пен еңбекті ұнатады
“Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”
1 - жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
1 оқушы - Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата - анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.
2 оқушы - Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту қажет.
3 оқушы - Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
4 оқушы -Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт - дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
5 оқушы - Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
6 оқушы - Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.
Достарыңызбен бөлісу: |