Сценарий. «Қош келдің, әз Наурыз!»



бет3/4
Дата09.10.2022
өлшемі31,95 Kb.
#152281
түріСценарий
1   2   3   4
Байланысты:
22 наурыз сценарий22 (1)

-«Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің?
Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.
«Наурызкөк» дегеніміз не?
Жауабы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.
«Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің?
Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.
-“Әз”дегеніміз не?
Жауабы:Наурыз күнгі дыбыс,жылы ағыс
-Наурыз күнгі тілек қабыл қылатын қария?
Жауабы: Қызыр ата
1-жүргізуші: Наурыз мерекесіне өз өнерлерін көрсетуге ШР-9-20 тобының студенттері келіпті, ендігі кезекті қонақтарымызға береміз


2-жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз мың бұрылған биші қыздарымызға берелік. Қазақ биі
(Музыка:Қазақ биінінің музыкасы, күй:Хафиз күйі)
1-жүргізуші: Асық ойыны – қазақ халқының ежелден өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі.Ендеше келесі ойынымыз қазақтың ұлттық ойыны: Асық ату ойыны . Олай болса кімнің мерген екенін анықтау үшін,ортаға бақ сынасуға шақырамыз.
(асық ойыны ойнатылады)
музыка: сүйемелдеуші музыка қойылады, қазақша күй
(дауысын ақырындатып)
2 жүргізуші:Әнді сүйсең ,менше сүй -демекші ортаға әнші қыздарымыздың орындауында «Ең сұлу» әнін қабыл алаңыздар!
(музыка:«Ең сұлу» Аружан мен Назеркенің орындауында)
1-жүргізуші
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!

2 жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған
Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!
Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп мерекелік концертімізді аяқтаймыз.
Мереке құтты болсын!
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет