Сценарий тақырыбы: Сайыстың тақырыбы: Рәміздерім- мақтанышым



Дата26.06.2018
өлшемі39,5 Kb.
#44292
түріСценарий
Шығыс Қазақстан облысы ,Тарбағатай ауданы

Байтоғас ауылы

«Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Кітапханашысы

Канжекенова Алия Кариевна



Сценарий тақырыбы:

Сайыстың тақырыбы: Рәміздерім- мақтанышым.

Сайыстың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.


Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер:слайд, үлестірмелі материалдар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады


Кітапханашы:Армысыздар құрметті оқушылар және сайысымыздың қонақтары!
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724. 9 мың км2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 - орынды иеленеді.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні»- делінген.

Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Олай болса, бүгінгі біздің 7-8 сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Рәміздерім- мақтанышым » атты сайысымызға қош келіпсіздер.



Кітапханашы:  Бүгінгі сайыс сабаққа қатысқалы отырған оқушылардың білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. Әділ қазылар алқасы тағайындалады. Кітапханашы: Сайысымыз 4 кезеңнен түрады. 1. Кім тапқыр? (Сұрақтарға жауап беру.)
2. «Ойлан тап!» 3. «Мақал –сөздің мәйегі» (берілген мақал- мәтелдерді жалғастыру.) 4. «Ойлы болсаң, озып көр!» (қолдарымызға берілген қағаз қиындыларын, Қазақстан Республикасының картасын құрастыру.

Кітапханашы:

Талапты бала


Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.


Сайыстың «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.

Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.


Сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
(Ту, Елтаңба, Гимн)

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі?


(Көк, сары)

3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты?


( Екі рет)
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі?
(Жұлдыз)
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай?

( 2:1)

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?
(1992 жыл)
7. Мемлекеттік рәміздер күні?
(4 маусым)
8. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін қандай құс?
( Қыран бүркіт )
9. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген қандай жануар ?
(Қанатты пырақ)
10. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды?
(Ел президенттін ұлықтау рәсімінде )

  Кітапханашы: Оқушылардың І кезең бойынша әділ- қазы алқаларының ұпайларымен танысып өтсек.



Кітапханашы: Әнді айшығы, бедері,
Рәміздер – ел беделі!
Бойға таққан тұмардай,
Қастерлеймін мен оны!
Сайысымыздың келесі кезеңі «Ойлан тап!» деп аталады.

Бұл кезеңде «Авторлар», «Ұғымдар», 


«Спортшылар», «Мемлекет» деп аталатын төрт категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30, 40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен категорияны және ұпай көрсетілген ұяшықты таңдайды. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленеді.
«Авторлар» категориясының сұрақтары:

1. Мемлекеттік Тудың авторы кім?

(Шәкен Ниязбеков)
2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер?

(Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)


3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім?

(Шәмші Қалдаяқов)


4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын кімдер?

(Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)



«Ұғымдар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?

( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)

2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер?

(Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)

3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?

( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)

4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?

( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)



«Спортшылар» категориясының сұрақтары:
1. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім?

(Жақсылық Үшкемпіров)


2. Лонданда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында бірінші болып Қазақстанның Туын желбіретіп, Гимнін асқақтатқан спортшы?

( Александр Винакуров)


3. Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан екі дүркін чемпионы атанған спортшыны атаңдар

(Илья Ильин)


4. Әйгілі отандастары Василий Жиров пен Бахтияр Артаевтың жетістігін қайталап Олимпиадалық ойындарда бокстан алтын медальмен бірге «Баркер» кубогін иеленген қазақ спортшысы кім?

(Серік Сапиев)



«Мемлекет» категориясының сұрақтары:
1. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет қай мемелекет?

(Түркия)
2. Осы мемлекетте өткен Олимпиада ойындары Қазақстанға 7 бірдей чемпионды және 5 олимпиада жүлдегерлерін сыйлады. Бұл қай мемлекет?

(Англия)
3. 2017 жылы қандай айтулы мереке тойланды?

(Ел тәуелсіздігінің 25жылдығы)


4. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан мемлекет?

(Ресей)



Кітапханашы: Оқушылардың ІІ кезең бойынша әділ- қазы алқаларының ұпайларымен танысып өтсек.

Кітапханашы:Келесі кезекті «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімге береміз. Сіздерге туған жер, Отан туралы мақалдардың бастапқы бөлігі беріледі, сіздер соның жалғасың табасыздар.

1.Отан- елдің анасы, Ел -ердің анасы

2. Отансыз адам Ормансыз бұлбұл

3. Отанды сүю- Отбасыдан басталады

4. Аққу көлін аңсайды Адам туған жерін аңсайды

5. Ит- тойған жеріне Ер -туған жеріне.

6. Отан үшін күрес- Ерге тиген үлес

7.Туған жер – тұғырың,


Туған ел – қыдырың.

8.Ел қадірін көрген біледі,


Жер қадірін жүрген біледі.


Кітапханашы: Оқушылардың ІІІ кезең бойынша әділ- қазы алқаларының ұпайларымен танысып өтсек.

Кітапханашы: Сайысымыздың 4 кезеңі «Ойлы болсаң, озып көр!»

(қолдарымызға берілген қағаз қиындыларын, Қазақстан республикасының картасын құрастыру. Кітапханашы: Оқушылардың ІV кезең бойынша әділ- қазы алқаларының ұпайларымен танысып өтсек.



Кітапханашы: Әділ қазы алқалары қорытынды баға шығарғанша, көрермендермен ойын.

Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.

  1. Күрекпен су тасуға болады ма?

(болады, мұз күйінде)

  1. Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

  2. Есік пен терезенің арасында не тұрады?

(«пен» тұр)

  1. Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай?

(Май - үш әріптен тұрады)

  1. Қай өзен ең қорқынышты ?

(Тигр өзені)

  1. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?

(сабақты)

  1. Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс?

(шәйді қасықпен араластырған дұрыс)

  1. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз?

(ұйықтап жатырсыз ба?)

  1. Қар жауады, күн жылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не байқалады?

(көктайғақ болатындығы)

  1. Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады?

(бәрі жарылып қалады)

  1. Қазақтандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?

  (Талдықорған облысы,  Тентек өзені.)

 Кітапханашы: Оқушылардың жалпы жинаған ұпайларын бойынша марапаттау сөз кезегін қазылар алқасына береміз.



Кітапханашы:                     Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

                                            Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер  де.

                                           Жаһандағы  ең жауынгер халықта

                                           Кім сенеді Ту болмады дегенге ?

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

                                           Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

                                           Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

                                           Түлігіне дейін салса  ен – таңба ?!  

                   Батырлыққа уызынан жарыған,

                                          Ер түркіні байрағынан таныған.

                                          Өзі ақын , өзі әнші халықта ,

                                          Кім айта алар болмаған деп Әнұран ? !

Енді бүгін өлген туым тірілді,

                                          Әнұраным  алды жаулап  ғұмырды .

                                          Босағада  қалып келген Елтаңбам

                                          Баяғыша төріме кеп ілінді,



дей келе, бүгінгі «Рәміздерім- мақтанышым» атты сайысымызды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен қорытындыласақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет