Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет57/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99
Байланысты:
Китапша

Қатысушылар:
Аяз ата, Ақша қар, (қоян), сиқыршы
• 
Қойылым барысы:
жаңа жылдық музыка ырғағымен ортаға билей басып Аяз ата мен Ақша 
қар келеді.
Аяз ата:
Сәлеметсіңдер ме кішкентай бүлдіршіндерім?!
Қандай жарқын жүздерің,
 
Қандай әсем жырларың.
 
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан,
 
Аталарың сендерге,
 
Шаршап келді алыстан.
Ақша қар:
Қош көрдік балалар! Барлығың көңілді Жаңа жыл мерекесін одан әрі жандандырып 
бал-бұл жайнап тұр екенсіңдер!Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын! Біздің ортамызға келе 
жатқан жаңа жылымыз жетпей тұрған сияқты солай ма? Ол кім деп ойлайсыңдар?
Балалар:
Қоян!
Ақша қар:
Бәріміз бірге қоянымызды шақырайық! 
(
балалар дауыстап –Қоян! Қоян! Қоян! - 
деп шақырады )
.
Аяз ата:
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Қане, сиқырлы сөздерімізбен 
оның шамдарын жарқыратайық! 
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар:
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат. Шырша жарқырайды.
Сиқыршы:
- Аяз ата балаларымыздың сізге арнап алып келген жыр шумақтары, тақпақтары 
бар екен. Құлақ түрсеңіз
.
1-бүлдіршін:

Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
2-бүлдіршін:

Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, төрле, Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын!
3-бүлдіршін:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет