2
ӘОЖ 373
КБЖ 74.102
М 41
MANGILIK EL JASTARY қоғамдық қоры
М41
Мектепалды даярлық және балабақша ұйымдарында өткізілетін
мерекелік іс-шаралар СЦЕНАРИЙІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ. MANGILIK
EL JASTARY қоғамдық қоры.
Алматы. 2023. - 80 бет.
ISBN 978-601-211-559-8
Мектепалды даярлық және балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлеріне
арналған мемлекеттік мерекелердің сценарийлер жинағы. Жинақ әр топқа
арналған төрт бөлімнен тұрады. Мектепке дейінгі
тәрбие мен білім беру
барысында қолдануға арналған.
ӘОЖ 373
КБЖ 74.102
ISBN 978-601-211-559-8
© MANGILIK EL JASTARY қоғамдық қоры, 2023
3
АЛҒЫ СӨЗ
Мектепалды даярлық және балабақша тәрбиешілерінің қызметі өте жауапты
әрі маңызды екені бұрыннан белгілі. Алайда ұзақ уақыт назардан тыс қалып
жүргені де жасырын емес. Бүгінде бұл мамандыққа деген сұраныс артуда.
Аталған саланың мамандарына артылған жауапкершілік те аса жоғары. Себебі,
баланың айнала қоршаған әлемді тану кезеңі (сенсорлық) тәрбиешілерімізбен
тікелей байланысты.
Баланың сөйлеу мәнері, іс-қимыл арқылы қоршаған ор-
таны тануы, бұлшық еттердің жетілуі, түрлі сезімдердің
пайда болуы сияқты
дағдылары көбіне балабақша қабырғасында дамып, жетіледі. Тәрбиешілеріміз
үнемі шығармашылық ізденісте жүріп, баланың жан дүниесін оның даму сатысын
бақылауда ұстауы қажет. Дегенмен көп жағдайда тәрбиешілер қосымша жұмыстар
мен қағазбастылықтан арылмай жатады. Солардың
бірі мерекелік шараларды
ұйымдастыру. Ертеңгіліктерді ұйымдастырудан бөлек, оның сценарийін қағазға
түсіріп жоспарлау біршама уақыт алары сөзсіз. Осыған байланысты «MAN-
GILIK EL JASTARY» қоғамдық қоры мектепалды даярлық және балабақша
ұйымдарында өткізілетін мерекелік кештердің сценарийлер жинағын ұсынып
отыр. Бұл жинақта бір жыл ішінде өтетін барлық
мемлекеттік мерекелердің
сценарийлері қамтылған. Соңғы стандартқа сәйкес әр топқа (2+/3+/4+/5+)
арналған сценарийлер түрлі идеялар мен қызықты сюжеттерден құрастырылған.
Бұл жинақта геимификация, баланың жас ерекшелігі,
оның тілдік нормалары,
уақыт ұзақтығы және тәрбиешінің рөлі ғылыми негізде ұсынылған.