ЭҚабж мо 23. 0 нұсқасы) эцқ-ны тексерудің нәтижесі оң



бет1/4
Дата10.01.2020
өлшемі1,11 Mb.
#55656
  1   2   3   4
Байланысты:
тарбие сагаты 2



26.11.2019 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) ЭЦҚ-ны тексерудің нәтижесі оң.



25.11.2019-ғы № 01-13-2-7/4481-И шығыс хаты

25.11.2019-ғы № 9902 кіріс хаты



Білім беру ұйымдарында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» тақырыбында өткізілетін 5-8-сыныптарға арналған жалпыреспубликалық ашық сабақ

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Елімізде 2019 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні атап өтіледі. Қазақстан Парламенті 2011 жылы мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін белгілейтін Заң қабылдады.

1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен көркеюіне айрықша үлес қосқан, Қазақстан мемлекеттігін құрудың бастауында тұрған көрнекті тұлға. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан 20 жыл ішінде әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеуге орайластырылып, білім беру ұйымдарында білімалушылардың назарын Елбасының ерекше еңбегіне аударуға, жастардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімін орнықтыруға, сондай-ақ өзін-өзі іске асыру дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталып отыр.



Тақырып: Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары.

Өткізу күні: «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» жалпыреспубликалық ашық сабақ барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында белгілі бір уақытта 2019 жылғы 29 қарашада өткізіледі.

Қатысушылар: ашық сабаққа контингентінің саны 3 млн. 162 мың оқушыны қамтитын жалпы білім беретін 6992 мектеп қатысады.

Шақырылғандар: өңірлердің танымал қоғам қайраткерлері шақырылуы мүмкін.

Сабақтың мақсаты:

- Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсету;

- білімалушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту; өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілікке, Тұңғыш Президент үшін мақтана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

- білімалушыларда қазақстандық патриотизмді, елдікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

- танымдық қабілеттерді, көшбасшылық қасиеттерді дамыту;

- өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.



Құрал-жабдықтар: бейнероликтер, презентациялар, Қазақстан Республикасының рәміздері, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, маңызды тарихи кезеңдер жазылған плакат, Н.Ә. Назарбаевқа арналған өлеңдер мен фотосуреттер көрмесі, үлестірме материалдар.

Сабақтың құрылымы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі (2 минут)

І. Н.Ә. Назарбаев туралы бейнероликті немесе таныстырылымдыкөру

(5 минут).

II. Таныстырылымды (бейнероликті) талқылау (5 минут).

III. Сыныптың/топтың/қоғамның көшбасшысы болуға қажетті тұлғалық қасиеттерді талқылау (20 минут).

IV. Викторина (6 минут)

V. Сабақты қорытындылау (2 минут).

Жоспарланған ашық сабаққа дейін оны өткізу түрін анықтап алу ұсынылады (төменнен қараңыз); топтарға алдын ала тапсырмалар беру; таныстырылымды дайындау.

Сабақ барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ұсынымдар: мұғалімнің кіріспе сөзі. Кіріспеде еліміздің Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу туралы қысқаша ақпарат болуға тиіс.

Жұмыс істеу үшін сыныпты бірнеше топқа бөлу қажет. Топтарды мынадай бірнеше жолмен құруға болады:

1) алдын ала таратылған түрлі түсті стикер бойынша (қызыл – бірінші, сары – екінші топ және т.с.с.);

2) білімалушылардың өздерінің қалауы бойынша.

Білімалушыларды топтарға біріктірудің басқа нұсқалары да болуы мүмкін. Мұғалім бұл ұйымдастыру мәселесін өз сыныбының ерекшеліктеріне сүйене отырып шешеді.

І. Таныстырылымды (бейнероликті) көру

Ұсынымдар: таныстырылым (бейнеролик). Білімалушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып Тұңғыш Президенттің балалық шағы, мектептегі жылдары, ата-анасы, туған жері туралы сюжеттерді таңдау. Таныстырылымды (бейнероликті) көргенде алдын ала түсіндіру болмауы керек немесе қандай да бір түсінік берумен, репликамен үзіліс жасалмауы тиіс. Сонымен қатар жоғарыда аталған сюжеттік желілер туралы да алдын ала айтудың да қажеті жоқ. Білімалушылар таныстырылымның сюжеттік желілерін әрдайым түсіне бермейді. Сондықтан сюжеттердің түсіндірме жазбалары болуы мүмкін. Мұғалім кіріспе сөзінде қаралатын сюжеттердің талқыланатынын және оны викторина өткізгенде пайдалануға болатынын ескертеді.

II. Таныстырылымның идеялары мен сюжетін талқылау

Мұғалім тақырып бойынша сұрақтар қойып, білімалушылар жауап береді.

Одан кейін мұғалім сабақтың одан арғы құрылымын баяндап, әрбір оқушының тұлғалық жетілуі үшін нақты жоспарлар құруға ерекше бастама болатынын түсіндіруі керек.

III. Сыныптың/топтың/қоғамның көшбасшысы болуға қажетті жеке қасиеттерін талқылау

Әрбір топқа постер немесе A3 форматындағы қағаз парағы беріледі, оның жоғарғы жағында таңдалған тақырып бойынша сұрақ жазылады (плакаттардағы сұрақтар қайталанбайды).



Сұрақ үлгілері:

1. Мен Елбасының қандай қасиеттерін үлгі тұтамын?

2. ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін маған қандай қасиеттер қажет?

3. Мен кім болғым келеді және не себепті?

4. Еліме қалай көмектесе аламын?

5. Елімді көркейту үшін қандай өзіндік үлес қосуға тиіспін?

6. Қазақстанның болашағын қалай елестетемін?

Білімалушылар берілген сұрақ бойынша өз жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазу үшін белгіленген регламент аясында топтарда жұмыс істейді. Әр топқа болашақта өз жауабын тез тани алуы үшін басқа топқа арналған қаламның түсінен ерекшеленетін басқа түсті қалам беріледі. Жұмысқа бөлінген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі постерге көшеді. Білімалушылар алдыңғы топтың жауаптарымен танысады және оларға келісетінін/келіспейтінін білдіріп, талқылайды: егер келіссе, оны қандай да бір таңбамен белгілейді; егер келіспесе, түсініктеме, дәлелдеме жазады. Әрі қарай білімалушылар берілген сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер олардың ойлары мен идеялары алдыңғы топтың жазбаша жауаптарына үйлесетін болса, оларды сызықшамен байланыстыра алады. Әрбір топ постерлермен танысқанша, барлық сұраққа жауап бергенше «Тізбек» жалғаса береді. Содан соң әрбір топ өз жауаптарын қорғайды және басқа топтардың жауаптарын талқылайды.



IV. Викторина

Ұсынымдар:

«Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы» деп аталатын шағын викторина өткізу. Топтар сұрақтарға кезекпен жауап береді, оның үстіне топтың әрбір мүшесі сұраққа өз бетінше жауап береді. Егер жауап қате болса, дұрыс жауап балын алу мүмкіндігі келесі топқа беріледі (5 минут) (1-қосымша).

V. Сабақты қорытындылау

Мұғалім аталған ұсынымдарда көрсетілген сабақ идеясының (педагогикалық мақсаттың) білімалушылармен талқылау нысаны болып табылмайтынын, өзіне берілген нұсқаулық екенін есте сақтағаны жөн.

Сабақтың мақсатына міндетті түрде тоқталу қажет.

Сабақтың ұзақтығы – 40 минут.

Сонымен қатар төмендегілерді жалпы білім беретін мектептерде өткізу ұсынылады:

- білімалушылар арасында «Елбасының балалық шағы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кіші Отаны»; «Қазіргі заманғы көшбасшының балалық шақтағы армандары»; «Көшбасшының жолы» деген тақырыптарда үздік шығармалар конкурстары;

- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұраларын (Тұңғыш Президенттің еңбектерін) зерделеу бойынша зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың конкурстары;

- «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты бейнесюжеттердің конкурсы;

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптардың көрмелері;

- жыл сайынғы мектепішілік Назарбаев оқулары.



Сабақтың өткізілетіні туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге, мектептердің сайттарына орналастыру, сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарының сайттарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған тұрақты негіздегі беттің ашылуын ұйымдастыру қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Біздің Президент. Деректі повесть: орта және ересек мектеп жасындағы балаларға арналған. / Қасымбеков М.Б., Молдағаринов А.М., Хасенов Е.Ә. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2015 – 204 бет.

2. Н.А. Зенькович, Назарбаевтай болғым келеді. Президенттің балалық шағы туралы әңгімелер. – Кіші және орта жастағы балаларға арналған. – «Алматыкітап» баспасы, 2018 – 124 бет.
1-қосымша

1. Н.Ә. Назарбаев қашан дүниеге келді? (1940 жылғы 6 шілде)

2. Н.Ә. Назарбаев қай қалада еңбек жолын бастады? (Теміртау)

3. Қазақстан Республикасының негізгі заңы қалай аталады? (Конституция)

4. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып алғаш рет қай уақытта сайланды? (1991 жылғы 1 желтоқсан)

5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қандай спорт түрлерімен шұғылданады? (Теннис, гольф, шаңғы)

6. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы қалай аталады? (Ақорда)

7. Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағына арналған фильм қалай аталады? («Балалық шағымның аспаны»)

8. Қазақстан Республикасы Әнұранының сөзінің авторлары.
(Н.Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов)

МАЗМҰНЫ


1-кейс

«Әлем мойындаған Елбасы» ....................................................................

6


2-кейс

«Елбасының дара жолы» ..........................................................................

9


3-кейс

«Н. Назарбаев. Қайырымдылық қадамдары» ......................................

12


4-кейс

«Елбасы және «Қамқорлық» жобасы» ...................................................

15


5-кейс

«Еуразия жүрегіндегі қала» ......................................................................

18


6-кейс

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» .......................................................

22


7-кейс

«Қазақстан және ЭКСПО» ........................................................................

24


8-кейс

«Н. Назарбаев. Әлем. ХХІ ғасыр»............................................................

27


9-кейс

«Қазақстанның астанасы – Н. Назарбаев армандаған қала» ............

30


10-кейс

«Еліміздің астанасы» ..................................................................................

35


11- кейс

«Елбасы даналығы» ...................................................................................

41


12-кейс

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» .........................

44


13-кейс

«Елін сүйген Елбасы» ................................................................................

46


1-кейс

«Әлем мойындаған Елбасы»
Мақсаты: Елбасының еңбек жолын оқушыларға таныстыру арқылы олардың білімге құштарлығын ояту, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дарыту, жетістікке жету жолдарын көрсету, еңбексүйгішттікке баулу.
Сабақ түрі: Топтық жұмыс
Мұғалімнің негізгі функциясы – бағыттаушы, сабақ үстіндегі процесті ұйымдастырушы, ой қозғаушы. Оқушылардың пікірін қолдап, тақырыптың аясында сұрақтар қойып, қорытындылап отырады. Сыныпта дисскусиялық жағдаятты орнатып, сол арқылы оқушылардың қызығушылығын оятуға, белсенділігін арттыруға тырысады. Берілген оқиғалардан өз білімдерін пайдалана отырып, шешу жолдарын ұсынуға бағыттау, сол арқылы Елбасымыздың ерең еңбегін атап өту. Ұлтжандылыққа, көшбасшылыққа, кең ауқымды ойлай білуге үйрету.
САБАҚ БАРЫСЫ

1 КЕЗЕҢ (5 минут)

Бастапқы кезеңде мұғалім оқушыларды топқа бөліп, мәтіндерді үлестіреді. Әр топ өзі таңдаған мәтін бойынша жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларды кітаптар жинағымен таныстырады, сол арқылы негізгі ойды немесе бүгінгі тақырыпты анықтауды ұсынады.


ІІ КЕЗЕҢ (25 минут)

Оқушыларға мәтінмен жұмыс істеу кезінде төмендегі сұрақтар аясында зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Оқушылар топта жұмыс істеу кезінде рөлдерге бөлінеді. Мұғалім оқушылардың пікірі аясында қосымша сұрақтар қойып, ойларын қорытындылап, баға беріп отыруға және оқушылардың өздеріне кері байланыс жасауға мүмкіндік жасап отырады. Оқушылар рөлдік ойындар арқылы аталған мәселелерді шешеді.

1. Біз өз жолымызбен – қазақстандық даму жолымен жүреміз

«...Қазақстандағы бүкілхалықтық президент сайлауы алғаш рет 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті. Бұл кезең Кеңес Одағының ақтық демі таусылар кездің қарсаңы болатын, оның экономикасы да біржола күйреп жатты. Қараша айында сайлаушылармен кездескенде проблемалардан қашқақтауға тырысқан жоқпын, популистік уәделер де бермедім, керісінше, адамдармен ашық әңгімелестім. Сайлаушыларыма елді ауыр сынақтар күтіп тұрғанын, одан қалайда өту керектігін, себебі тәуелсіздік пен игілікке жетудің ептеп айналып өтетін басқа жолы жоқтығын түсіндірдім. Сайлау учаскелеріне 8 681 276 адам келді. 98,8 процент дауыс алған сәтте мен елдің президентін ғана емес, болашаққа баратын жолын таңдап, менің маңайыма ұйысқан еліммен бірге айтып тіл жетпейтін тұтастықты сезіндім. 10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің ант беру салтанаты өтті. «Біз дербес өмір сүретін жағдайдамыз» – менің ұлықтау салтанатындағы негізгі сөзім осы болды...».



Тапсырма: Берілген мәтінде оқиға қандай тарихи кезеңдермен тұспа-тұс келеді? Қандай мәселені атап өтер едіңіз? Еліміздің қазіргі жағдайы үшін қандай маңызды қадамдар жасалды?

2. Барлығы дәл осылай болған...

«...Дағдарыстың басталуымен тұтыну нарығынсыз, шикізатсыз және айналым қаржысынсыз қалған көптеген қазақстандық кәсіпорындар өндірісті қысқартуға, тіпті жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. Ресейден сода жеткізу тыйылғаннан кейін «Ақтөбе хром бірлестіктері» зауыты өнім шығаруды қысқартты. «Казстройполимер» шикізатсыз қалғандықтан, ол да тоқтады. «Шымкентшина» тоқтап тұрды. Ресейлік «Карбид», «Фосфор», «Химпром» жұмысын тоқтатуға жақын еді. Қарағанды металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш және Лениногор полиметалл комбинаттары арагідік жұмыс істеп тұрды. Өз еңбек жолын домна өндірісінен бастаған маған қалыптасқан жағдай өте қатты әсер етті. Сондықтан бүкіл күш-жігерімді салып, өндірістік апаттың алдын алуға, өндіріс пен жұмыс орындарын сақтап қалуға тырыстым. Алайда республикалар арасындағы шаруашылық байланыс бірінен соң бірі үзіліп жатты. Әрі бұл процестің тоқтамайтыны да белгілі болып қалған еді. Осылайша, 1993 жылы 114 мың адам жұмыс істейтін қазақстандық 130 ірі кәсіпорынның біразы жұмысын толығымен немесе жартылай тоқтатты

Аса күрделі жағдайға қарамастан, мен қашанда адамдармен ашық әңгімеден бас тартқан емеспін. Жұмыстың жоқтығы мен ақшаның тапшылығынан өмірден түңілген адамдармен сөйлестім. Ондай кездесулер еліміз бойынша жасаған сапарларымда, кәсіпорындарда немесе көшеде, кез келген жерде болып жататын. Мен әркіммен сөйлесіп, бірде-бір адамның мұң-зарын ескерусіз қалдырмауға тырыстым, әркім үшін дұрыс шешім іздеп таба білдім, қиындықтардың артта қалатыны туралы отандастарымның жүрегіне үміт отын жақтым...».



Тапсырма: Мәтінде не жайында баяндалған? Мәтінде кейіпкердің бойындағы қандай қасиеттер қиындықтарды еңсеруіне көмектесті? Еліміздің қазіргі жағдайы үшін қандай маңызды қадамдар жасалды?

3.Шетелдік инвестициялар және өнеркәсіптің қайта өрлеуі

«...1990 жылдары қазақстандық бизнесмендер ірі кәсіпорындардың тиімді жұмысына жауап бере алатын толыққанды инвестор бола алмады. Оларда жеткілікті қаржылық капитал да, технологиялар да, кадрлар да, тәжірибе де, халықаралық байланыстар да, тұтыну арналары да болған жоқ.

Ірі шетелдік бизнесті ауқымды инвестицияларға өте мұқтаж қазақстандық өнеркәсіп жобаларына тарту үшін, шынында да, үлкен күш-жігер керек болды. Бірінші кезекте, ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнына байланысты еді.

Теңіздегі америкалық әріптестермен келіссөз 1980 жылдардың өзінде басталған: КСРО-да осыншалықты күрделі кен орнын игеруге қажетті технология болмады. Дегенмен кеңестік құрылымдар Қазақстанды келіссөз процесіне тартуға асықпады. 1990 жылдардың басында ахуал өзгеріп, көптеген ресейлік өндіруші компаниялар өз үкіметіне қысым жасап, теңізді игеруге біздің елімізбен келісім жасауға тырысты...».

Тапсырма:


  • Мәтінде не жайында баяндалған?

  • Кейіпкер мәселені қалай шешті?

  • Қазіргі таңда еліміздің өнеркәсіп саласы қандай қарқында жұмыс істеуде?

  • Еліміздің болашағы үшін қандай маңызды қадамдар жасалды?


ІІІ КЕЗЕҢ. (10 минут)

Мұғалім бүгінгі сабақты қорытындылайды. Сабақтың басындағы мақсатқа қайта оралады. Елбасымыздың өмірбаянынан маңызды мәліметтерді атап өтеді. Кері байланыс жасайды. Тұңғыш Президенттің еліміздің дамуына қосқан үлесін атап өтеді.



2-кейс

«Елбасының дара жолы»
Мақсаты: Елбасының өмір жолын білімалушыларға таныстыру арқылы олардың білімге құштарлығын ояту, адам бойындағы жақсы қасиеттерді дарыту, жетістікке жету жолдарын көрсету, еңбексүйгішттікке баулу.
Сабақ түрі: Топтық жұмыс

Мұғалімнің негізгі функциясы – бағыттаушы, сабақ үстіндегі процесті ұйымдастырушы, ой қозғаушы. Оқушылардың пікірін қолдап, тақырыптың аясында сұрақтар қойып қорытындылап отырады. Сыныпта дисскусиялық жағдаятты орнатып, сол арқылы оқушылардың қызығушылығын оятуға, белсенділігін арттыруға тырысады.


САБАҚ БАРЫСЫ

1 КЕЗЕҢ (5 минут)

Бастапқы кезеңде мұғалім оқушыларды топқа бөліп, мәтіндерді үлестіреді. Әр топ өзі таңдаған мәтін бойынша жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларды мәтінмен таныстырып, негізігі ойды немесе бүгінгі тақырыпты анықтайды.


ІІ КЕЗЕҢ (25 минут)

Оқушыларға мәтінмен жұмыс істеу кезінде төмендегі сұрақтар аясында талдау жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Оқушылар топтық жұмыс істеу кезінде рөлдерге бөлінеді. Мұғалім оқушылардың пікірі аясында қосымша сұрақтар қойып, ойларын қорытындылап, баға беріп отыруға және оқушылардың өздеріне кері байланыс жасауға мүмкіндік береді.



Тапсырма:

1. Берілген мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтаңыз (өзіндік пікіріңізді білдіріңіз).

2. Мәтіндегі кейіпкердің басты қасиеттері оның тұлғалық бейнесін ашады ма? Өзіңіздің бойыңызда бар немесе болғанын қалайтын қасиеттерді байқадыңыз ба? (аргументтер жинап, фактілермен дәлелдеңіз).

3. Жетістікке жету жолы мәтінде көрініс тапты ма? Сіз өз мақсатыңызға жету үшін қандай әрекеттер жасап жатырсыз және ол осы мәтінде байқалды ма? ( салыстыру және талдау, жағдайға баға беру).


1. Балалық шақтың іздері
Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Бала Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды.

Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды.

Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындары ауызбіршілікте тіршілік етті. Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың ба, шешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны туралы жазды: «Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп бөлінеді. Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ достық пен өзара көмек өмір салтына айналған еді...».
2. Болашаққа бастар жол
Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын». Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйытқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді...».
3. Білім мен біліктілік
Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.

1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды.

Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтің қиын да күрделі мамандығын игеріп қана қоймай, Украинаның спорт шебері атанды. Табандылығы мен қайсарлығы өзі таңдаған мамандық бойынша барлық пәнді үздік игеруге жол ашты. Сондай-ақ Елбасы оқу бітіретін кездегі біліктілік емтихандарынан үздік баға алып, «Домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы» куәлігін иеленді.
4.Кемел тұлға
Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты. Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының диспетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Жұмыс өте ауыр еді, кейбіреулер алапат ыстық пен қиындықта шыдамай, есінен танып, мұрындарынан қан саулап жататын. Көптеген жастар осыған төзе алмай, кетіп қалды. Бірақ Назарбаев олардың қатарынан емес еді. Ол бәріне шыдауға ант берді және шыдай біліп, жұмысты дөңгелентіп әкетті. Онымен бірге қиындықтарға төтеп берген жолдастары Төлеген Юсупов пен Болат Кәрімов те жоғары білікті металлургтерге айналды.
5. Ұлт көшбасшысы
Өміріндегі бетбұрысты сәт оның 1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болды. Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті 1989 жылғы 22 маусымда бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі.

1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, сайлаушылардың толық қолдауына Назарбаев ие болды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті.

Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.


ІІІ КЕЗЕҢ. (10 минут)

Мұғалім бүгінгі сабақты қорытындылайды. Сабақтың басындағы мақсатқа қайта оралады. Елбасымыздың өмірбаянынан маңызды мәліметтерді атап өтеді. Кері байланыс жасайды. Тұңғыш Президенттің еліміздің дамуына қосқан үлесін атап өтеді.



«...Қайырымдылық – қазақ халқының дәстүрі»

Н. Назарбаев
3-кейс

«Н. Назарбаев. Қайырымдылық қадамдары»
Мақсаты:

- оқушылардың бойында «қайырымдылық» түсінігін қалыптастыру;

- қайырымдылық жасаушылардың белгілі іс-әрекеттері туралы түрлі ақпаратты талдай білуді дамыту;

- білімалушыларды Елбасының қайырымдылық идеялары мен үлгілерінде тәрбиелеу.


Сабақ түрі: пресс-конференция сабағы

Бірнеше оқушы пресс-конференция өткізуге дайындалады, сынып оларға сұрақтар қояды, арнайы сайланған қазылар алқасы әр сұраққа және әр жауапқа балл қояды.



Құрал-жабдықтар: бейнеролик, презентациялық материал, фондық музыка, толтырылмаған дөңгелек сызба-нұсқалар, «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V Заңының мәтіні, таза қағаз парақтары.

Сабаққа дейін қатысушылардың жұмыс тобын құру қажет. Әр топ екі тапсырмадан орындайды: өз қайырымдылық эмблемасын ойлап табу, бейнелеу және түсіндіру; Н.Ә.Назарбаевтың қайырымдылық қызметтері туралы хабарламалар дайындау.


САБАҚ БАРЫСЫ

I КЕЗЕҢ (5 минут).

Педагог «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V Заңы туралы қысқаша ақпарат береді.

Бейнеролик/презентация ұсынылады.
II КЕЗЕҢ (25 минут).

Мысал ретінде педагог Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары кезінде алған «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражатын Аружан Саинның қайырымдылық және мемлекеттік тілді дамыту қорларының әрқайсысына 300 мың доллардан бергені туралы әңгімелейді.

Н.Ә.Назарбаев: «Бұл қаражат, әрине, барлық түйткілді шешпейді. Бірақ оның берілуі біздің қоғамды қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлуге үндейтін белгі болып саналады, өйткені қоғам қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлуі тиіс», – деп тұжырымдайды.

Нұрсұлтан Назарбаев осындай әлеуметтік маңызды бағыттармен айналысатын қорларға барлық қоғамның қолдауы қажет екенін атап көрсетті: «Бұл істі қолға алып отырғандықтарыңыз Сіздердің мейірімділіктеріңізді көрсетеді, өз қаражаттарын балаларға көмек көрсетуге бере алатын біздің азаматтарымыздың назарын аударатын іс. Сонымен қатар біз аурудың пайда болу себептерін анықтауымыз және олардың таралуының алдын алуымыз керек».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді дамытудың ел болашағы үшін маңызды мәнге ие екендігін төмендегідей атап өтті: «Бұл мәселе тез шешіле қоюы мүмкін емес, ұзақ уақыт жұмыс жүргізген жөн. Мұны өскелең ұрпақтан бастау қажет. Тілдің дамуына жан-жақты көмек көрсету керек. Зиялы қауымды тартып, өзекті шығармаларды талқылау, тілді үйренудің жаңа әдістерін ілгерілету маңызды».

Елбасы қоғамдық бірлестіктер жұмысының әлеуметтік тұрақтылық үшін айрықша маңызы бар екенін, ол мемлекеттің басымдығы бар бағыттарына сай келетінін баса айтты: «Қоғамның әл-ауқаты неғұрлым жоғары болған сайын, ол мұқтаждарға, соның ішінде науқас балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлерге соғұрлым көбірек көмектесетін болады. Қазақстанның балалары ата-анасы бола тұрып, балалар үйінде тәрбиеленбейтіндей, ал балалары бар ата-аналар қарттар үйіне түспейтіндей жағдай жасау маңызды. Осының барлығы үшін қоғам мен мемлекет бірлесіп жұмыс істеуі керек. Сіздер сияқты энтузиаст жандар елдің табысты дамуы мен оның болашағы үшін өте қажет».

Қайырымдылық іс-әрекеттерінің мақсаттарымен таныстыруды топтық формада ұйымдастырған дұрыс. Сабаққа дейін қалыптастырылған топ жұмыстың алдында өзін таныстырады, оның барысында әзірленген қайырымдылық эмблемаларын көрсетеді.

Топтық жұмысқа бағыт: әр топқа «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасы заңының 2-бабын оқып шығу және «Қайырымдылық қорлары қандай мақсатпен құрылады?» сұрағына жауап беру. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін талқылау ұйымдастырылады.




Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қайырымдылық шаралары туралы мысалдар келтіріледі, Қазақстанға танымал қайырымдылық жасаушылар туралы ақпарат беріледі.
Оқушылар Н. Назарбаевтың қайырымдылық шаралары, Қазақстанның белгілі меценаттары туралы бірнеше хабарлама әзірлейді.

«Қайырымдылық адресаттары» сызба-нұсқасы топпен толтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет