6-кейс
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
Мақсаты:
- білімалушыларды алғашқы «Назарбаев Зияткерлік мектебімен» таныстыру;
- білімалушылардың бойында көшбасшылық қасиет қалыптастыру.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Құрал-жабдықтар: бейнеролик, презентациялық материалдар, таза парақтар, фондық музыка, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрылуы туралы мәтін.
Сабаққа дейін қатысушылардың 2 жұмыс тобы құрылады. Жаңа материалды тамашалап және тыңдап болғаннан кейін әр топ сұрақтарға жауап береді. Әділқазылар топтарды әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріп бағалайды.
САБАҚ БАРЫСЫ
I КЕЗЕҢ (10 минут)
Мұғалім Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы ақпарат ұсынады. Бейнеролик/презентацияны қарау ұсынылады.
Сілтеме: https://youtu.be/5ViffaEVplo?t=84
II КЕЗЕҢ (20 минут)
Мысал ретінде 2010 жылдың 1 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында химия-биология бағытындағы алғашқы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылуы туралы әңгімелейді.
Н. Назарбаев мектепті ашу салтанатында: «Бұл мектеп – ғылым, экономика және саясат салаларында болашақ басқарушылық қызметке жан-жақты дайындалған дарынды балаларға арналған», – деп тұжырымдады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен елімізде «20 зияткерлік мектеп» жобасы жүзеге асырылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз баяндамасында: «Ұлттық интеллектің ядросын құру қажет; Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болатын мектептер құру», – деп атап көрсетілген. Яғни, зияткерлік мектептер білім беру сипатындағы міндеттерді ғана шешіп қоймай, ертеңгі күні еліміздің болашағын анықтайтын интеллектуалды элита қалыптастыруы қажет.
Тұңғыш Президент – Елбасының алға қойған міндеттерін орындау үшін, оқушылардың барлық қызығушылықтары мен қабілеттерін толық қамтуға жағдай жасайтын, жаратылыстану-математика бағытындағы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қабілетті зияткелік мектептер жүйесін ашу қажет болды.
Н.Ә.Назарбаев: «Бұл мәселенің жылдам шешілуі мүмкін емес, оны жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу қажет. Оны өскелең ұрпақтан бастау керек. Үш тұғырлы білім беруді дамытуға жан-жақты көмек көрсету керек. Зиялы қауымды тарту, өзекті шығармаларды басып шығаруды талқылау, тілді үйренудің жаңа әдістерін ілгерілету маңызды», – деп тұжырымдайды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерін құрудың мақсаттарымен таныстыруды топтық формада ұйымдыстыру керек. Топтық жұмысқа бағыт: әр топқа және жанкүйерлерге Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы материалды тыңдау және тамашалау қажет. Жұмыстан соң ойын ұйымдастырылады.
Жүргізуші командаларға сұрақтар қояды, сұрақты талқылауға берілген уақытты қадағалайды, сынып тізімінде жауап беретін оқушыны белгілейді (мұғалім жүргізуші ретінде болуы мүмкін). Екі команда сынып оқушыларының санынан құралады. Команданың мүшелері үстелдің басына бір-біріне қарсы отырады. Әр команда өз капитанын таңдайды, оның қызметі жауаптың дайындығын анықтап отыру, басқа балалар көрермендер болып отырады. Олар ойынның барысын бақылайды. Егер екі команда да сұраққа дұрыс жауап бермесе, онда жүргізуші көрермендерден көмек сұрай алады.
Жүргізуші командаларға сұрақ қояды. Сұрақты талқылауға бір-екі минут уақыт беріледі. Жауап беру құқығы дайындығын туралы бірінші белгі берген командаға беріледі.
III КЕЗЕҢ (30 минут)
Сабақтың соңында педагог жұмыстың жалпы қорытындысын жасайды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Назарбаев Зияткерлік мектебі дегеніміз не?
2. Назарбаев Зияткерлік мектебін құрудың мақсаты?
3. Алғашқы Назарбаев Зияткерлік мектебі қашан және қайда құрылды?
4. Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқушыларды қандай қағидамен қабылдайды?
5. Назарбаев Зияткерлік мектебінде қандай мұғалімдер сабақ береді?
6. Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыту қандай қағида бойынша жүзеге асырылады?
7-кейс
«Қазақстан және ЭКСПО»
Мақсаты:
- «ЭКСПО-2017» көрмесінің астана мен тұтас Қазақстанның дамуы үшін рөлі мен маңыздылығын көрсету.
- білімалушылардың «ЭКСПО-2017» туралы түсінігін қалыптастыру;
- туған қалаға, Отанға, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
- белсенді қарым-қатынас, көпшілік алдында сөйлеу, өз пікірін және көзқарасын дәлелдеу және қорғау дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.
САБАҚ БАРЫСЫ
I КЕЗЕҢ (5 минут)
Құттықтау ретінде «Менің көңіл-күйім» шеңберіндегі ойын қолданылады. Балалар шеңберге тұрады. Әрқайсысы кезекпен бүгінгі көңіл-күйі туралы айтады.
Сәлемдесуден кейін балалар орындықтарда шеңбер бойымен отырады.
Шеңбер – күннің белгісі, жылу, жарық, өмір дегенді білдіреді.
Шеңбер – бірліктің, өзара көмектің, келісімнің символы.
Шеңбер – бұл достықтың белгісі және тек ынтымақта ғана қарсы тұра аламыз.
Шеңбер – бұл біздің планетамыз, біздің Жер және оның проблемалары дәл қазіргі уақытта біздің басты назарымызға айналуда.
Бүгін біз өз мемлекетіміз туралы сөйлесіп, әлемде және Қазақстан Республикасында болған және болатын оқиғалар туралы білетін боламыз. Сондай-ақ біз ЭКСПО және «ЭКСПО-2017» туралы әңгімелесеміз және 28 жыл бұрын әлем картасында «Қазақстан Республикасы» деген атау қалай пайда болғанын білетін боламыз.
II КЕЗЕҢ (25 минут)
ЭКСПО туралы түсірілген бейнеролик көрсетіледі.
Сілтеме: https://youtu.be/EYpcTakc6Yc
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күнін кім айтып береді? (1991 ж. 16 желтоқсан).
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.
- Қазақстан жері шынымен де ғажап. Бұл жерде бір ғасырдан астам уақыттан бері 120-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүрді.
Шағын викторина өткізіп, оқушылардың білімдері тексеріледі.
Сілтеме: https://youtu.be/EYpcTakc6Yc
Викторина:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңыз (Ту, елтаңба, әнұран)
2. Ұлттық валютаны атаңыз (теңге)
3. Қазақстанда кімнің бастамасымен ЭКСПО өтті? (Н. Назарбаев)
4. Наурыз қашан тойланады? (21-23 наурыз)
5. Қазақстанның ең ұзын өзенін атаңыз (Ертіс 4248 км)
6. Шаңырақ нені білдіреді? (Шаңырақ – елтаңбаның жүрегі. Ошақ, отбасы мағынасында)
7. Қазақстанның астанасын атаңыз (Нұр-Сұлтан)
- Тақтадан не көріп тұрсыз? Бұл қандай эмблема? (логотипті)
- EXPO-2017 көрмесінің эмблемасы (логотип)
- Көрме қай жерде өтті? (Астанада/Нұр-Сұлтанда)
«ЭКСПО» – дүниежүзілік көрмесі, жәрмеңкелер немесе World Expo (ағылшынның exposition сөзінен шыққан). Көрмеде дүниежүзінің елдері ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетті.
Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз. Елдіңжаңа елордасы– Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздіңбойтұмарымыз бен мақтанышымызғаайналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық ҚазақстандыЭКСПО-2017Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады.
«EXPO-2017»дүниежүзілік көрмесі – біздің мақтанышымыз және символымыз болып табылады» (Н.Ә. Назарбаев).
Слайд. Түсінікті нақтылау «Дүниежүзілік көрме» («World Expo»).
Сілтеме: https://youtu.be/0l_YA2uqUsI
Әлемнің едәуір дамыған елдері 150 жылдан астам уақыт ішінде өз жетістіктерімен мақтанып және басқалардың жетістіктерін бағалау үшін кезең-кезеңмен жиналып отырады. Бұл дәстүр әлемдік көрмелер немесе «ЭКСПО» деп аталып келеді. Дүниежүзілік көрмелерді өткізу нәтижесі халықаралық, экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейту болып табылады. Дүниежүзілік көрмелер бес жылда бір рет өткізіледі.
«Дүниежүзілік көрме» немесе World Expo деп аталатын ірі халықаралық шара алғаш рет 1851 жылы Ұлыбританияда өтті. Көрменің басты мақсаты – жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктер, даму перспективалары, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті көрсетіледі.
Слайд. «ЭКСПО» өткен қалалар»
Сілтеме: https://youtu.be/cvNwb4vyjDg
1998 жылы Португалияның Лиссабон қаласында EXPO «Мұхиттар болашақтың мұрасы» тақырыбында өтті.
2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында EXPO көрмесі «Су – тұрақты даму кепілі» тақырыбында өтті.
2010 жылы Қытайдың Шанхай қаласында EXPO көрмесі «Жақсы қала – жақсы өмір» тақырыбында өтті.
2012 жылы Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласында EXPO көрмесі «Жанды мұхит және жағалау аумақтары» тақырыбында өтті.
2015 жылы Италияның Милан қаласында EXPO көрмесі «Ғаламшарды асырау. Тіршілік қуаты» ұранымен өтті.
Экспо-2017 көрмесі – Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында
2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегі аралығында өтті. Оған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым, 3 млн. адам қатысты.
EXPO көрмесіне милиондаған туристер қатысты, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға тырысты.
Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу байқауында Қазақстанның жеңіске жету жолы.
EXPO-2017 тақырыбы – «Болашақ энергиясы», әлемдік қауымдастықты толғандыратын энергияның баламалы көздері сияқты ең өзекті тақырыптардың бірін баяндайды. Көрменің тақырыбын «Экспо 2017» атты айқын жазылған қысқа логотип тамаша бейнелеген: гүл күлтелерінің шеңбер бойымен ассиметриялық орналасуы энергияны және мәңгілік қимылды білдіреді. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері және «жасыл экономика» қағидатын іске асыру жөніндегі идеялар мен шешімдер көрсетілді: өзін қамтамасыз ету үшін энергияны туындыратын ғимараттар, «ақылды үйлер», электрмобильдер, биоотынмен жүретін автомобильдер және тағы басқалар.
EXPO-2017 көрме кешенінің жалпы алаңы орасан зор – 174 гектар. Оның ішінде 25 гектар тікелей көрме аймағына бөлінген, оған Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар кіреді. Барлық салынған объектілер көрменің «Болашақ энергиясы» – басты тақырыбына бағынады.
«Миға шабуыл». Блиц-сұрақтар. Сұрақтарды тақылау.
1. Дүниежүзілік көрме дегеніміз не?
2. Дүниежүзілік көрме алғаш рет қайда өтті?
3. Көрменің негізгі тақырыптары қандай?
4. Көрмелер қай елдерде өтті?
Бейне-презентация «EXPO-2017».
III КЕЗЕҢ (10 минут)
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «ЭКСПО-2017» Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды деп есептеуге болады, және бұл іс-шараны өткізу еліміздің имиджін қалыптастыруға, экономика мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосты.
Басты мақсат ЭКСПО аясында білгендерін ортаға салу, пікір алмасу болып саналады. «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша 100-ге жуық ел өздерінің жетістіктерін көрсетті.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Көрмелер өткізу аясында қажет болатын ғимараттар.
2. Көрменің негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы».
«Біздің күшіміз – прагматикалық бірегейлікте!»
Н.Ә. Назарбаев
8-кейс
Н.Ә. Назарбаев. Әлем. ХХІ ғасыр
Мақсаты:
- білімалушыларды Тұңғыш Президент – Елбасының бітімгершілік қызметімен таныстыру;
- патриотизмді, Отанды және жер бетіндегі бейбітшілікті қорғау мақсатында мемлекетімізде жүргізіп жатқан іс-әрекеттерге жауапкершілік және мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Құрал-жабдықтар: бейнеролик,презентациялық материал, фондық музыка, Қазақстан Республикасының «Бітімгершілік қызметі туралы» Заңының мәтіні, таза қағаз парақтары.
Сабаққа дейін қатысушылардың жұмыс тобын құру қажет.Әр топ екі тапсырмадан орындайды: бітімгершілік қызметі эмблемасын ойлап табу, бейнелеу және түсіндіру; Н.Ә.Назарбаевтың бітімгершілік қызметі туралы хабарламалар дайындау.
САБАҚ БАРЫСЫ:
I КЕЗЕҢ (5 минут)
Тақырып бойынша мұғалім және оқушылар маңызды және қызықты хабарламалар жасайды. Педагог Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Заңынан қысқаша ақпарат береді.
Бейнеролик/презентация қарау ұсынылады.
II КЕЗЕҢ (15 минут)
Талқылауға арналған мәселелер:
1. Посткеңестік елдермен ынтымақтастық.
2. Қазақстанның ұстанымы – еуропалықтар көзімен.
3. Н. Назарбаевтың бітімгершілік бастамалары.
4. Қазақстанның ішкі саясаты.
5. Қазақстан дүниежүзілік аренада. Елбасының ерен еңбегі.
III КЕЗЕҢ (20 минут)
Қазақстанның бітімгершілік қызметінің тарихы 15 жылдан астам уақытты қамтиды. Біздің әскери қызметкерлер әлемнің түкпір-түкпірінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша операцияларға қатысты.
Бітімгершілік қызмет халықаралық қоғамдастыққа қарулы қақтығыстарды болдырмау мен тоқтатуға жәрдемдесуге, сонымен қатар гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған. Бітімгерлердің жұмысының негізгі қағидалары – заңдылық, халықаралық құқық нормаларының сақталуы, турашылдық және бейтараптылық; турашылдық және бейтараптылық; жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің құрметтелуі; бейбітшілікке мәжбүрлеу жөніндегі операцияларға қатысу жағдайларынан басқа, ұрыс қимылдарына қатыспау болып табылады.
Бітімгершілік қызметтің басты міндеттерінің бірі – тараптар келіспеушіліктерінің алдын алу, қақтығыстардың қарулы қақтығыстарға ұласуына жол бермеу,күш көрсету іс-қимылдарын тоқтатуға дипломатиялық құралдармен және әдістермен жәрдемдесу. Бұл өте маңызды, себебі кез келген қақтығысты өршітпей алдын алып отырған дұрыс. Алайда жанжалға дейін жетсе, онда оны реттеу үшін барлық шараларды қолдануы қажет.
Сондықтан мұндай жағдайда бітімгершілер БҰҰ Жарғысына сәйкес бірлескен халықаралық шараларға қатысады, бітімгершілік операциясы аймағында қарулы шабуылдан аумақты және халықты қорғайды, атысты тоқтату шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бітімгершілік күштері босқындардың проблемаларын шешуге көмек көрсетеді, гуманитарлық көмекті жеткізеді, инфрақұрылымды қалпына келтіреді, құқықтық тәртіпті, халықтың қауіпсіздігін және, ең бастысы, адам құқығының сақталуын қамтамасыз етеді.
Тұңғыш Президент – Елбасы қол қойған Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Заңы өте уақытылы болған құжат екендігі өте маңызды. Ол күрделі халықаралық қарым-қатынас кезеңінде жұмыс істей бастады.
Жаңа заң Қазақстан Президентінің, ҚР Үкіметінің, Қорғаныс министрлігінің және бітімгершілік қызмет саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың құзыреттілігін айқындайды. Сонымен бірге ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияларына қатысуы туралы шешім қабылдау тәртібі құжатпен реттелген.
Н.Ә. Назарбаевтың бітімгершілік қызметін белгілейтін бір мысал ретіндеҚазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ЕҚЫҰ жаңғырту бойынша қызметін айтуға болады, ұйым Хельсинки принциптерінің мықты іргетастасын негізге ала отырып, қауіпсіздік саласындағы диалогты жандандыруға және «жаңа ғимарат» құрылысына көшуге мүмкіндік берді. Астана декларациясын қабылдау Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитінің маңызды қорытындысы болды, ол қатысушы-мемлекеттердің ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы принциптеріне және құндылықтарына бейілділігін, сонымен қатар қазіргі әлемде ұйымның қажеттілігінің және өзектілігінің маңыздылығын дәлелдеді.
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекеттер арасындағы достық және интеграциялық қатынастарға әрдайым ерекше көңіл бөледі. Мысалы, Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы көптеген халықаралық өткір мәселелерді шешуге өз үлесін қосты. Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымына 1995 жылы мүше болды. Содан бері Қазақстан, Ислам әлемінде пайдалы ұсыныстар жасаумен тұрақты сөз сөйлеп, ұйымның беделді елдердің біріне айналды. 2011 жылы Қазақстан осы ұйымға төрағалық етті және сол жылы ұйымның астаналық резолюциясы қабылданды.
Тұңғыш Президент – Елбасының бітімгершілік қызметімен таныстыруды топтық формада өткізген дұрыс. Сабаққа дейін құрастырылған топтар жұмыстың алдында презентация жасайды, оның барысында Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың бітімгершілік қызметі туралы еңбектерін көрсетеді.
Сабақтың соңында педагог жұмыстың жалпы қорытындысын жасайды.
Сабақтың соңында оқушылар өздерінің бақылау нәтижелерін талқылай отырып, өзідерінің белсенділігіне және жұмыс сапасына баға береді.
«...Сәлем, саған, астана!»
С.Мусалимов
9-кейс
«Қазақстанның астанасы – Н.Ә. Назарбаев армандаған қала»
Мақсаты:
- Елбасы Н.Ә. Назабаев өмірінің үлгісінде оқушылардың көшбасшылық туралы түсініктерін кеңейту: шешім қабылдау, өз еліне деген жауапкершілік, болжау білігі, қойылған мақсатқа нық қадам жасау;
- Қазақстан астанасын көшіру, жаңа қала салу үлгісімен өз елінің тарихын үйренуге қызығушылығын арттыру, Қазақстанның астанасы туралы танымал адамдардың пікірлерімен таныстыру;
- өз астанасының тарихын зерттеу және жаңа қала салу үлгісі арқылы оқушылардың бойында патриотизмді қалыптастыру.
Сабақтың түрі: интерактивті форма
Құрал-жабдықтар: «Еуразия жүрегінде» кітабы, астана туралы бейнеролик, презентациялық материал, фондық музыка, тақтада толтырылмаған дөңгелек сызба-нұсқалар,С. Мусалимовтың «Сәлем, саған, Астана!» әні, Д. Ақтановтың «Менің Қазақстаным» әні, таза парақтар, текше қағаздарға жазылған сын есімдер: қамқоршыл, жауапты, батыл, аңдағыш, жігерлі және етістіктер: шешім қабылдайды, болжай алады, алға қойған мақсатына барады, жауапкершілікті өз мойнына алады, қамын ойлайды, көмектеседі, халықты ойлайды, ұжым туралы ойлайды, өз үлгісімен оқытады және басқалар.
Сілтеме: https://ru.sputniknews.kz/Astana_20years/20180620/6085784/nazarbaev-astana-citaty-o-stolice.html
САБАҚ БАРЫСЫ
I КЕЗЕҢ (10 минут)
Сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбын айтады. Одан кейін «Орынбор», «Алматы», «Астана –Нұр-Сұлтан» секілді жұмыс топтарын құрады. Топты құру бойынша мұғалімнің тапсырмаларын орындау арқылы әр топ шеңберге тұрады.
1-тапсырма:
1. Бір-біріңе қарап, күлімсіреп, қолдарыңыздан ұстаңыздар.
2. Үлкен, кіші, жоғары, төмен шеңбер жасаңыздар.
3. Бастарыңызды түйістіру арқылы түймедағы гүлін жасаңыздар.
4. Сол қолыңызды оқушының иығына қойыңыз, оң қолыңызбен оның басын сипаңыз.
2-тапсырма: Өз тобыңыздың жұмбақ-скульптурасын жасаңыз, көрші топтар естімеуі тиіс, олар тек сіздердің жұмбақтарыңызды шешулері керек.
Мұғалім: «Рақмет, балалар! Сендерге жаттығу ұнады ма? Ойынның бірінші бөлігі несімен пайдалы болды? Иә, ол сендерді біріктірді және көңіл-күйлеріңді көтерді. Ойынның екінші бөлігінде сендер скульптура құрау тапсырмасын алдыңыздар.Осы сәтте кім идея берді? Кім идеяны құптады және сол идеяны майда-шүйдесіне дейін жүзеге асыруға тырысты? Кім скульптураның презентациясын әзірледі? Міне, балалар, бастамашылық, болжау білігі, жауапкершілікті өз мойнына алу, жақсы идеяларды қолдау, сол идеяларды жүзеге асыру көшбасшылардың ерекшелігі болып табылады. Сендердің бәріңе «бәрекелді, азаматсыңдар» деп айтамын, өйткені сендер бәрің өздеріңнің көшбасшылық қасиеттеріңді көрсеттіңдер. Енді келесі тапсырмаға көшейік».
II КЕЗЕҢ (20 минут).
Мұғалім үш топқа постерге ақпарат толтыруға тапсырма береді, олардың әрқайсысының өз тапсырмасы болады:
1-топ. Қиылған текше қағаздардан көшбасшыға тән сын есім түріндегі қасиеттерді іздейді.
2-топ. Қиылған текше қағаздардан көшбасшыға тән етістіктерді іздейді.
3-топ. Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа тән көшбасшылық қасиеттерді табады.
Топаралық іс-әрекет. Топтар постерлерімен ауысады және басқа топ әзірлеген постерлерді қорғайды. Өздерінің келісімін білдіреді және өз пікірлерімен бөліседі.
Мұғалімнің сұрақтары: «Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс? сіздер қандай көшбасшыларды білесіздер, неліктен оларды көшбасшы деп санайсыздар?Н.Ә. Назарбаев көшбасшының қандай қасиеттеріне ие?»
Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерін бірі Қазақстанның астанасын Ақмола қаласына көшіруі және кейіннен елорданың Астана және Нұр-Сұлтан атауларына өзгертілуі болды.
Астананы Ақмола қаласына көшіру шешімі туралы бейнеролик/презентацияны тамашалау ұсынылады.
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы әңгімесі мысал ретінде алынады.
Мұғалім: «Үзіндіге назар аударыңыздар және көшбасшының қандай қасиеті байқалғанын айтыңыздар?»
«Кез келген жағдайда, барлық жағын ойластырып және өлшеп-пішіп көру керек болды. Ақыр-соңында, қанша ақша керек? Оларды қайдан аламыз? деген сұрақтар туындады. Бірден барлық билік тармақтары көшу керек пе, әлде бұл процесті ондаған жылдарға созу керек пе? Табысты аяқталуы үшін, неден бастау керек? Сонымен қатар ақыр аяғында астананы қайда көшіру керек? Ақмолаға, Қарағандыға, Ақтөбеге әлде басқа қалаға ма?» деп жазды Н.Назарбаев.
Мұғалім: «Бұл жерде Н.Ә. Назарбаевтың қандай қасиеті көрініс тапты? Иә, шешім қабылдау, жауапкершілікті өз мойнына алу білігі. Ролигімізді одан әрі қарайық. Мына үзіндіде Н.Ә. Назарбаевтың қандай қасиеті көрініс тапқаны туралы ойланыңыздар».
Нұрсұлтан Назарбаев оның идеясы бірден қолдау таппағандығын атап көрсетті. Үкімет, парламент, кеңесшілер және кейбір қызметтестер, астананы көшіру жоспары туралы естігенде, бір сөзбен айтқанда артқы аяқтарына тік тұрды деп айтуға болады. «Бір күні түнде, дәлірек айтқанда түнгі сағат екіде, кенеттен ойыма – Астана! деген ой сап ете қалды. Астана ол әрқашанда астана! Қазақ тілінде өте әдемі айтылады. Орысшада да, ағылшыншада да сол сияқты үнделеді. Астана – бұл атауда табандылықтың, беріктіктің және нақтылықтың реңі бар! Астананы көшіруден күтетін біздің ортақ көңіл-күйіміз бен болжауларымызды айқындайтын қысқа ұран тәрізді», – деп есіне аладыТұңғыш Президент Н. Назарбаев.
Мұғалім: «Балалар, бейнероликті көрмес бұрын қойылған сұраққа жауап беруге дайынсыздар ма? Иә, бұл пайда болған қиындықтарға қарамастан алға қойған мақсатқа қарай жүру білігі. Берілген үзіндіде қандай қиындықтар пайда болды?»
Мұғалім: «Балалар, неліктен біз Тұңғыш Президент – Елбасының жаңа қала салу туралы арманы орындалды деп айта аламыз? Біздің астанамыз – қазіргі заманның қаласы екендігін дәлелдеңіздер. Астанада не бар, ал Қазақстанның басқа қалаларында жоқ?» (білімалушылар астананың көрнекті жерлерін атайды).
Астана атауын өзгерту туралы мемлекеттік құжатпен таныстыру: 2019 жылдың 23 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатқа Астана қаласының атауын тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының құрметіне Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгерту ұсынысын жасады. Бұл – халықтың Елбасының ерен еңбегіне деген құрметі. Әлемде астананың атауын өзгерту туралы мысалдар көп, мысалы, Америка өздерінің астанасын бірінші Президенті Джордж Вашингтонның құрметіне атады. Бұл – Президенттің еңбегіне көрсетілген құрмет.
Мұғалім: «Балалар, қалай ойлайсыздар, көшбасшы болып туа ма, әлде қалыптаса ма? Әрине, көшбасшы болып қалыптасады. Бүгін сіздер ойын барысында, өз бойларыңызда көшбасшылық қабілеттіңіздің бар екенін байқадыңыздар. Сіздердің бойларыңыздағы көшбасшылық нышаны нағыз шынайы көшбасшылыққа айналуы үшін не істеу керек? (Оқушылардың жауаптары мен ойлары). Жарайсыздар, сіздер бойларыңыздағы көшбасшылық қасиеттерді өз-өздеріңізді үздіксіз тәрбиелеу арқылы дамытуға болатынын дұрыс анықтадыңыздар. Онда сіздер Тұңғыш Президент – Елбасы сияқты алға қойған мақсаттарыңызға жете аласыздар».
Көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттермен танысу, көшбасшы болып тумайтындығы, бойында нақты қасиеттерді дамыта отырып көшбасшы болып қалыптасатындығы туралы оқушылардың түсінігін дамыту.
«Көшбасшы қасиеттері» сызба-нұсқасын ұжымдық толтыру.
III КЕЗЕҢ (10 минут).
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы әңгімелер, естеліктер айтылады. Оқушылар Қазақстанның астанасы және
Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы белгілі адамдардың бірнеше пікірін дайындайды.
Махмұтбай Әміреұлының сөзіне жазылған «Елбасы – Елорда» әнін хормен орындау.
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астана өсуде.
Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Туғандай қиялдан,
Үйлері бір арман.
Аспандап барады,
Аяулы ұлы ордам.
Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі
|
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,
Даламның кеңдігі,
Тауымның ерлігі.
Елордам тұр сенде,
Елбасым ерлігі.
Елордам қуатты,
Шырайлы, шуақты.
Шұғыла шаша бер,
Алтын күн сияқты.
Астана ақ қала,
Ақ мәрмәр пәк қала.
Шарықтап, қарыштап,
Шалқи бер, шаттана.
|
Рефлексия.
Мұғалім сабақты қорытындылайды.
10-кейс
«Еліміздің астанасы»
Мақсаты:
- білімалушылардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
– Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев және оның Қазақстанның заманауи астанасын салудағы рөлі туралы білімдерін кеңейту;
- білімалушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
- Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның заманауи астанасын салудағы рөлін түсіну;
- өз Отанының, еліміз астанасының тарихына деген қызығушылығын дамыту;
- өз еліне және оның тарихына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс. Талқылау.
САБАҚ БАРЫСЫ
І КЕЗЕҢ (10 минут)
Қазақстанның астанасы туралы бейнеролик көрсету.
Мемлекеттік біртұтастықтың, тәуелсіз мемлекеттің нығаюының, әл-ауқатының символы ретінде астана туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сілтеме: https://e-history.kz/ru/contents/view/378 © e-history.kz
Нұр-Сұлтан – 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы.
Ақмола мәртебесіне 1862 жылдың 26 қыркүйегінде ие болған.
2019 жылғы 1 ақпандағы есеп бойынша қала тұрғыны 1 082 222 адамды құрады, бұл Қазақстандағы Алматы қаласынан кейінгі екінші көрсеткіш болып табылады. Миллионер қала мәртебесіне қала тұрғыны 1 002 874-ке жеткен
2017 жылғы маусымда қолжеткізді.
Нұр-Сұлтан еліміздің солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Әкімшілік аумағы жағынан қала 4 ауданға бөлінеді.
Бұдан кейін мұғалім 5 топқа бөлінуді және «Білемін. Білгім келеді. Білдім» технологиясын қолдана отырып топпен жұмыс жасауды ұсынады.
(1-кесте)
1-кесте. «Білемін. Білгім келеді. Білдім» стратегиясы
БІЛЕМІН
|
БІЛГІМ КЕЛЕДІ
|
БІЛДІМ
|
|
|
|
Топтар Қазақстанның астанасы туралы кестенің екі бағанын: «Білемін» және Білгім келеді» толтырады.
Толтырғаннан кейін әр топтан модератор толтырылған кестені таныстырады. Мұғалім топтың істеген жұмысының қорытындысын шығарады.
ІІ КЕЗЕҢ (20 минут)
Мұғалім топта зерделеп талқылау үшін барлық топқа 5 түрлі мәтін ұсынады. Содан кейін «БІЛДІМ» бағанын толытруды сұрайды.
1-мәтін.
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттің біртұтастығының символы, стратегиялық ойлар мен тәуелсіз мемлекеттің нығаюының квинтэссенциясы, XXI ғасырдың ультразаманауи мегаполисін салудың аса маңызды ұлттық жобасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық ойы еліміздің ұзақ мерзімге дамуының перспективалы желісін анықтады, астананы көшіру тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы жаңа жаһандық дәуірдің бастауы болды. 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» баяндама жасады. Сол күні Жоғары Кеңес астананы Алматы қаласынан Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешім қабылдады.
1997 жылы 10 қазанда Қазақстан Халқына Жолдауында Президент: «ХХІ ғасырға аяқ басар кезеңде өз таңдауымызды – Сарыарқаның төрінде, көк аспан астында жаңа астанамызды жария етеміз...» деп атап өтті. Бұдан былай ғасырлар бойы кең байтақ еліміздің төрінде халықтың тағдырына қатысты шешімдер қабылданатын болады. Бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғатын болады. Осы жерде үшінші мыңжылдыққа аяқ басар кезеңде Қазақстан өз тарихи тағдырын анықтайтын болады. 1997 жылдың 20 қазанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты.
2-мәтін.
«1997 жылдың 20 қазанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты. Соған сәйкес, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы егеменді Қазақстанның астанасы болды. Жарлық шыққаннан бастап бір айдан кейін 1997 жылдың 8 қарашасында қалаға Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің эталондары: мемлекеттік ту, елтаңба және президенттік штандарт келді. Тәуелсіз Қазақтанның тарихында жаңа кезең басталды. 1998 жылдың 6 мамырында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстанның астанасы Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып қайта аталды. Қайта атау жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың өтініші бойынша қала жұртшылығының тілектерін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде жүргізілді. 1998 жылдың 10 маусымында егемен Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық тұсаукесері өтті. Астананы халықаралық таныстыру жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың бастамасы болып табылады. Ұлы даланың көшпенді өркениетінің көптеген ғасырлық тарихында бастау алған Астана Орталық Азия аймағының ірі мегаполисіне айналып келеді. Астананың сапалық және сандық жағынан өсуі Астананың сәулеттік бейнесімен тікелей байланысты. Қаланың бас жоспары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қалаға еуразиялық келбетті беру туралы идеясын ескере отырып, көрнекті жапон сәулеткері Кисё Курокавамен жасалды. Астананың бірегей құрылыстары әлемнің кез келген мегаполисін безендіруге қабілетті, ал елорданың жаңа нысандарының әрқайсысы терең символды, экспрессивті және серпінді. Есіл өзенінің жағасында орналасқан заманауи қала өзінің қарқынды шарықтау, фантастикалық жобаларымен, даңғылдардың жарық шырақтарымен таң қалдырады. 1999 жылы Астананы әлем мойындады.
3-мәтін
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» марапатына ие болды. Бұл атақ ғаламшардың жаңа қалаларына беріледі, олар қысқа уақыт ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамудағы елеулі жетістіктерге қол жеткізе алды, ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша мақсаттарды жүзеге асырды. 1999 жылғы 16 шілдеде Боливия астанасы Ла-Паседе ЮНЕСКО Бас хатшысы Федерико Майор Астанаға «әлемдік қала» халықаралық конкурсының жеңімпазы медалі мен сертификатын табыс етті. Осы уақыттан бері Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. Астананың экономикасы қарқынды дамып келеді. Астананың даму тактикасы мен стратегиясы «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» (2001 ж.), «Астана қаласының орнықты дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары» (2006 ж.) бағдарламаларында белгіленген. Қала экономикасында арнайы экономикалық аймақтар (АЭА), технопарктер, жоғары технологиялар сияқты тиімді механизмдер пайдаланылады, тепловоздар, вагондар, тікұшақтар, күн батареяларының модульдерін өндіретін Қазақстан үшін жаңа өнеркәсіп салалары дамуда. Астана – Қазақстанның инновациялық жүрегі. Елорда басқа өңірлер үшін қозғалыс векторларын айқындай отырып, Республикалық инновациялық процестің локомотиві болып табылады. Қалалық дамудың әртүрлі факторларын бірыңғай жүйеге біріктіретін SmartAstana (Ақылды қала) жобасының Тұжырымдамасы әзірленді және іске асырылуда. Қазіргі кезеңде Астана Қазақстанда болып жатқан барлық үдерістердің тоғысуы болып табылады. XXI ғасырда мемлекетіміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті қаланың бірегей бейнесі қалыптасты.
4-мәтін
2007 жылғы мамырда Қазақстан Президентінің ұсынысы бойынша ҚР Конституциясының мәтініне мемлекеттің астанасы – Астана қаласы туралы бап енгізілді. Елорданы көшіру жігерлі және өршіл жастардың өзін-өзі дамытуы мен мансап жағынан өсуі, көшбасшылардың жаңа буынын, жаңа астананың белсенді құрылысшыларының қалыптасуы үшін барынша жағдай жасады.
Елорда халқы – еліміздегі ең жас адамдардың бірі. Елорда тұрғындарының орташа жасы – 32 жас. Елорданы құрамы бойынша көпұлтты аймаққа көшіру көпұлтты мемлекетті нығайтуға, елдегі этникалық топтар арасындағы достық пен келісімді сақтауға және арттыруға ықпал етті. Рухани-интеллектуалдық дискурстың негізгі ұғымына төзімділік, ал көпұлтты қауымдастық (жүзден астам этностар) өзіне тән ерекше астаналық рухы бар бірыңғай қалалық анклав болып табылады. Астана бастапқыда тек әкімшілік ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ғылыми және мәдени орталығы ретінде қалыптасты.
Нұр-Сұлтан – бұл 500-ден астам білім беру ұйымы жұмыс жасайтын жас қала. Отандық жоғары мектептің флагманы Назарбаев Университеті болып табылады, оның айналасында зияткерлік-инновациялық кластер құрылды. Оны қалыптастыру «Жол картасы» жобасында көзделген және ғылымды қажетсінетін жобалар мен белгілі инновациялық және өндірістік компаниялардың бөлімшелерін орналастыру үшін индустриялық хай-тек-алаң құру, технопарк және бизнес-инкубатор, инжиниринг орталығы, Технологияларды коммерцияландыру орталығы, венчурлік қор кіретін болады.
Нұр-сұлтан қаласы – Еуразиялық аймақтың ірі мәдени орталығы, еліміздің мәдени астанасы және Ұлттық коммуникациялық орталық болып табылады. Елордалық университеттер, мұражайлар, театрлар, мұрағаттар, көрмелер, көркем шеберханалар, шығармашылық одақтар, концерттік алаңдар астананы ең үздік дәстүрлер мен мәдениет жетістіктерінің қорғаушысы етеді. Астананың мәдени өмірінің айтулы оқиғасы «Астана Опера» классикалық опера және балет театрының ресми ашылуы болды.
Театр күмбезінің астында еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясымен сөз сөйледі, онда мәдениетті ұлттың генетикалық кодының ажырамас бөлігі ретінде атап өтті.
«БІЛДІМ» бағанын толтырғаннан кейін топ модераторлары орындалған жұмысты таныстырады.
Мұғалім топтардың жұмыс қорытындысын шығарады.
Бұдан кейін тақтаға өз қалауымен бір оқушы шығады және сыныптағы басқа оқушылармен бірлесе талқылай отырып тапсырманы орындайды.
ҚОСЫМША
Әдебиеттер:
1. Н.Ә. Назарбаев. Ел астанасын көшірудің орындылығы туралы он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің І сессиясында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызметінің хроникасы1994-1995 жылдар. – Астана: Астана Іскерлік әлем, 2011.-576 б.
2. Н.Ә. Назарбаев. Ел астанасын көшірудің орындылығы туралы мәселе бойынша он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің І сессиясында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызметінің хроникасы. 1996-1997 жылдар. – Астана: Астана Іскерлік әлем, 2010.-548 б.
3. Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» ҚР Президентінің Жарлығына байланысты бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жыл. – Астана: Деловой мир Астана, 2010.-548 б.
4. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жылдары. – Астана: іскерлік әлем Астана, 2010.-548 б.
5. Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» ҚР Президентінің Жарлығына байланысты бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жыл. – Астана: Астана Іскерлік әлем, 2010.-548 б.
6. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының «Жаңа астана – жаңа мемлекет – жаңа қоғам» атты ресми тұсаукесерінің салтанатты жиынында сөйлеген сөзі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жылдары. – Астана: іскерлік әлем Астана, 2010.-548 б.
7. Назарбаев Н.Ә. ЮНЕСКО-ның Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағын беруіне байланысты сөз сөйлеу. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1996-1997 жылдары. – Астана: іскерлік әлем Астана, 2010.- 548 б.
8. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы.
9. Назарбаев Н.Ә. Астана – Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы // Казахстанская правда -2013.-№ 227 (27501).- С.1-3.
10. Назарбаев Н.А. Қазақстан жолы. Қарағанды, 2006.
11. НазарбаевН.А. Еуразия жүрегінде. Астана: Атамұра, 2005.
12. Алпысбаева Г.А. Астана в новое и новейшее время. Астана, 2008.
13. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы бойынша анықтамалық материалдар. Астана, 2013.-50 б.
14. Астана қаласының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары. Астана, 2013.- 14 б.
15. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. Алматы: Раритет, 2010.-432 б.
16. «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» ҚР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы» ҚР ҒА. Ф.1109. Оп. 3. Д. 3145. Л.185-186.
17. «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. ҚР ҒА. Ф.2. Оп. 1. Д. 447. Л.141-144.
Сілтеме: https://e-history.kz/ru/contents/view/378 © e-history.kz
11-кейс
«Елбасы даналығы»
Мақсаты:
- білімалушыларда Елбасының даналығы мен көрегендігі, елдің қалыптасуына, дамуы мен нығаюына, оның бүкіл әлемге әйгілі болуына қосқан баға жетпес үлесі туралы білімдерін кеңейту;
- ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметінің үлгісі негізінде білімалушыларда мақтаныш және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Сабақты өткізу үшін келесі жабдықтар мен материалдар қажет: бейнероликті көрсетуге арналған жабдық, «Елбасы жолы» фильмінен шағын үзінді, Елбасының өмірі мен қызметіне қатысты қызықты және танымдық мәліметтері бар парақшалар, постерлер.
Сабақ басталғанға дейін оқушылардың жұмыс топтарын құру қажет.
САБАҚ БАРЫСЫ
I КЕЗЕҢ (10 минут)
Мұғалім: «Құрметті оқушылар, сіздер мына суреттерді өзара қалай байланыстырар едіңіздер?». (Оқушылар жауабы тыңдалады).
Мұғалім: «Әлбетте, бұл адамдарды қажырлы еңбек, халқына деген сүйіспеншілік, таудай талап, әлемдік өркениетке басқан қадам, бәйтеректей асқақ арман байланыстырады. Айдын ағаларың да, Карина қызымыз да өзіміздің қаламыздың оқушылары, бұлардың бала күнгі арманы – елін, жерін әлемге таныту еді. Олар бұл арманына қол жеткізді.
Ал, Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан тарихында алатын орны қандай?»
(Оқушылар ойы тыңдалып, талқыланады).
Мұғалім: «Дұрыс айтасыңдар! Елбасымыз шетелдік арналарға берген сұхбатында «Мен өз елімді әлемге мәдениеті мен білімі, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел ретінде танытқым келеді. Бұл – менің басты арманым» деген екен. Міне, қиын-қыстау кезеңде Елімізге пана болып, өзінің даралығын көрсеткен Елбасымыздың үлкен арманы мақсатқа айналып, бүгін сендер соның куәгері болып отырсыңдар! Олай болса, сабақтың мақсатымен таныс болайық».
Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырады. Таныстырып болған соң, алдыңғы оқуды қайталау мақсатында Елбасының өмірі мен қызметіне қатысты қызықты әрі тың деректер жазылған қима қағаздар үлестіреді. Оқушылар (жұп бойынша) жылымен оқиғалар ретін дұрыс баспалдақ бойынша орналастыру керек.
«Табыс баспалдағы» әдісі.
Оқушылар Елбасының қызметінің негізгі кезеңдерінен табысқа жету сатысын құрайды, содан кейін дұрыс таңдау бойынша өзара бағалау жүргізіледі.
II КЕЗЕҢ (15 минут)
«Елбасы жолы» киноэпопеясынан үзінді көрсетіледі.
Оқушылар 4 топқа топтасады.
Әр топ төмендегі тақырыпта таныстырылым дайындайды.
1. «Халық және Елбасы»
2. «Тәуелсіздік тірегі»
3. «Әлем және Қазақстан»
4. «Елбасы даналығы»
Әр топ өзіне берілген тақырыпқа байланысты постерде презентация дайындайды.
«Үзік ой орындығы» Оқушылар тәрбие сағаты бойынша сұрақ дайындайды. «Үзік ой орындығына» отырған оқушы жауап береді. Оқушылар Елбасының Тәуелсіздік жылдарында халқына сіңірген қажырлы еңбегі мен келер ұрпаққа қалдырған мәңгілік мұрасы туралы ой бөлісіп, болашаққа бағдарлану арманнан басталатын айтады.
III КЕЗЕҢ (15 минут)
Талқылау. «Басты сауал» стратегиясы
Мұғалім сұрақ қояды: «Мен кіммін?» деген сауал маңызды ма, әлде «Мен қандаймын?» деген сауал маңызды ма?
Оқушылар жауабы тыңдалып, мұғалім сабақтың мақсатына оралады.
«Елбасы туралы ойларым» «Елбасы мен үшін не істеді» «Мен кім боламын?» тақырыптарында оқушыларға қысқа эссе жазуға тапсырма беріледі.
«Еркін микрофон» Рефлексия. Өз еріктері бойынша оқушылар өз эсселерін оқиды.
Содан кейін мұғалім сабақты қорытындылайды.
12-кейс
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»
Мақсаты:
- білімалушылардың елдің қалыптасуына, дамуына және нығаюына баға жетпес үлес қосқан Елбасының еңбек қызметі туралы білімін кеңейту;
- ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметінің үлгісі негізінде білімалушыларда мақтаныш және патриоттық сезімдерін қалыптастыру;
- топта жұмыс істеу әдістеріне үйрету.
Сабақтың түрі: дискуссия сабақ
Құрал-жабдықтар: бейнероликті көрсетуге арналған жабдық, ҚР тәуелсіздігінің қалыптасуы жөнінде бейнеролик,қағаз, стикерлер, түрлі түсті маркерлер, қаламдар постерлер.
Сабақ басталғанға дейін оқушылардың жұмыс топтарын құру қажет.
САБАҚ БАРЫСЫ
I КЕЗЕҢ (10 минут)
Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру
(5 минут)
«Көршіге комплимент» сергіту сәті
Әр оқушы өз көршісінің есімінің бас әрпін атайды және осы әріптен басталатын сөзбен комплимент білдіреді.
Мұғалім оқушыларды ҚР тәуелсіздігінің қалыптасуы және оған жетудегі Елбасының рөлі туралы ақпаратпен қысқаша таныстырады. Бейнеролик көру ұсынылады (5 минут).
Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті.
КСРО-ның ыдырау процессін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі
1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен 1991 жылғы 16 желтоқсан –Республиканың тәуелсіздік алған күні.1991 жылдың желтоқсанның бірінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78%) жеңіске жетті.
Бейнероликке сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=84OXpjHv2tw
II КЕЗЕҢ (20 минут)
Бейнероликті көргеннен кейін мұғалім «Бірінші болу дегенді қалай түсінесіз?» тақырыбында дискуссия жасауды ұсынады.
Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Бір топ көшбасшы болудың жақсы жақтарын айтса, екінші топ жаман жақтарын айтады (5 минут).
Әр топ өз аргументтерін ұсынады. Бір-біріне сұрақ қояды (5 минуттан).
Мұғалім қосымша сұрақтар қояды:
- Бірінші болған оңай ма?
- Көшбасшы болудың артықшылығы неде?
- Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?
- «Ұлт көшбасшысы», «Елбасы» ұғымдары нені білдіреді?
Мұғалім дискуссияны аяқтайды, қорытындылайды, үздік спикерлерді атайды (5 минут).
Топтарға тапсырма: әр топ Елбасы бірінші болып жасаған істер тізімін жазулары тиіс. Бір топ оқиды, екінші топ толықтырады (5минут).
III КЕЗЕҢ (10 минут)
Сабақты қорытындылау, нәтижелерді талдау, рефлексия, бағалау және өзін-өзі бағалау, ұсынымдар.
Мұғалім дискуссияны жүргізу бойынша, команда аргументтерін ұсыну бойынша, дискуссия ережелерін сақтау бойынша топтар жұмысына пайымды пікірін білдіреді.
Кері байланыс үшін сұрақтар:
1. Бүінгі сабақта Тұңғыш Президент Н. Назарбаев жөнінде не білдім?
2. Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?
3. Еліне қызмет ету дегенді қалай түсінесіз?
Сабақ соңында педагог сабақтың жалпы қорытындысын шығарады.
14-кейс
«Елін сүйген Елбасы»
Мақсаты:
- білімалушылардың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы білімін кеңейту және тереңдету;
- білімалушыларда Елбасы үлгісінде отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ
Құрал-жабдықтар: бейнеролик, постерлер.
Сабақ басталғанға дейін оқушылардың жұмыс топтарын құру қажет.
САБАҚ БАРЫСЫ:
I КЕЗЕҢ (5 минут)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Құрметті балалар! 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпаны, еліміздің көреген көсемі, сарабдал саясаткер, ел үшін аянбай тер төккен тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы мағлұмат аламыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы».
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Оқушылармен сабақтың мақсатын талқылау.
II КЕЗЕҢ (25 минут)
Мұғалім: «Президент күні – мемлекет мерейі. Оның үстіне мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау әрбіріміз үшін парыз».
1-тапсырма.
Елбасы туралы шағын бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар «Түртіп алу» әдісі арқылы маңызды ақпараттарды белгілеп отырады.
1. Елбасы болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
2. Елбасы Н. Назарбаевқа қандай сипаттама бересіңдер?
3. Елбасының еңбек жолы туралы не білесіңдер?
(Оқушылар бейнероликтен көрген ақпаратты негізге ала отырып, сұрақтарға жауап береді).
2-тапсырма. Топтық жұмыс. Қысқаша ақпарат беру
І топ. Елбасының балалық шағы.
ІІ топ. Жұмысшы Нұрсұлтан.
ІІІ топ. Елім деп соққан жүрегі...(жасаған еңбектері)
ІV топ. «Елі сүйген Елбасы...» (Елбасыға арналған пікірлерге комментарийлер)
Кері байланыс: толықтыру, түзету.
Топпен талқылау
Сыныппен қорытындылау
3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс
«Таңдап ал» әдісіарқылы оқушы өз қалаған тапсырмасын орындайды:
- Елбасы туралы ән айту;
- «Елбасы жолы – ұрпаққа өнеге» тақырыбында қысқаша эссе жазу;
- «Тәуелсіздік» тақырыбында сурет салу;
- Елбасыға арнап өлең шығару.
Кері байланыс:тақырыпты толық ашу қағидаты бойынша ауызша бағалау
III КЕЗЕҢ (10 минут)
Кері байланыс. «3-2-1»
- Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
- Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |