Қайырым
дылық
Қайырым
дылық
III КЕЗЕҢ (10 минут)
Сабақтың соңында педагог жұмыстың жалпы қорытындысын жасайды.
Оқушылар өздері әзірлеген қайырымдылық жобасын ұсынады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қайырымдылық дегеніміз не?
2. Қайырымдылықтың мәні неде?
3. Қайырымдылықтың мақсаттары қандай?
4. Қайырымдылықпен кім айналысты және айналысып келеді?
5. Қандай қайырымдылық жасаушы белгілі азаматтарды білесіз?
«…Жас ұрпаққа қамқорлық қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған»
Н. Назарбаев
4-кейс
«Елбасы және «Қамқорлық» жобасы»
Мақсаты:
- білімалушыларда «қамқорлық», «ерекше білім беру қажеттіліктері», «инклюзия» түсініктерін қалыптастыру;
- білімалушыларды Елбасының қамқорлық, жақсылық және толеранттылық идеялары мен өнегелері негізінде тәрбиелеу;
- әлеуметтік жобаны модельдеу әдістерін үйрету.
Сабақ түрі: іскерлік ойын
Құрал-жабдықтар: бейнеролик (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Қамқорлық» жобасы туралы ақпарат), постерлер.
Сабақ басталғанға дейін оқушылардың жұмыс топтарын құру қажет. Әрбір топ бір тапсырманы орындайды: өз әлеуметтік жобасын ойлап табу, түсіндіру және қорғау.
САБАҚ БАРЫСЫ
I КЕЗЕҢ (5 минут)
Мұғалім Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған «Қамқорлық» жобасы туралы қысқаша ақпарат береді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Қамқорлық» жаңа бастамасын жүзеге асыру бойынша жұмысты бастады. Аталған жоба ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған. Қордың мәліметтері бойынша, Қазақстанда 86 мың мүгедек және 156 мың ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар өмір сүруде. Қор мамандары жүргізген талдау жұмыстары нәтижелері бойынша, балалардың көбі оңалтуды қажет етеді. Оларға көбіне нерв жүйесі зақымдалған, тірек-қимыл аппараты бұзушылықтары бар және өзге де күрделі патологиялары бар балалар жатады. Сол себепті бүгінгі таңда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық институттардың күшін біріктіре отырып, ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуы мен өмір сүруі үшін жағдайларды одан әрі жетілдіру бойынша, яғни осындай балаларға қолдау көрсету жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жасауда.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, олардың ауруларының алдын алу, жағдай жасау, мүгедектер санын азайту бойынша бастапқы шаралардың бірі ретінде бірінші кезеңде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры қолданыстағы инфрақұрылым базасында сегіз оңалту орталығын ашуға қолғабыс етеді.
Мұндай орталықтар әсіресе Нұр-Сұлтан, Тараз, Түркістан, Семей, Қостанай, Орал, Атырау және Талдықорған қалаларында қажет. Елбасы тапсырмасы бойынша қажетті жабдықтармен жарақтандыруды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өз міндетіне алды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры шоғырландырылған электронды платформаны құруда қолғабыс етуді және мамандарды оқытуды өз міндетіне алды.
(https://liter.kz/society/welfare/6364-proekt-qamqorlyq-v-pomoshch-detyam-s-osobymi-potrebnostyami-zapuskaet-fonda-pervogo-prezidenta-rk/).
Бейнероликті қарау ұсынылады («Хабар» телеарнасындағы жоба туралы бейнеролик) https://www.youtube.com/watch?v=Kqie_dzGHT8)
II КЕЗЕҢ (25 минут)
Үлгі ретінде мұғалім Н.Ә.Назарбаевтың балалар құқығын қорғауға қатысты өзге де жобалары жөнінде ақпарат береді.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда балалар құқығын қолдауға бағытталған 13 халықаралық құжат бекітілген. «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс» (Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы сөзі).
БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясына қосылған сәттен бастап Қазақстан балаларды тиісті құқықтық қорғау бойынша жұмысты күшейтті. Еліміз БҰҰ-ның бала құқықтарын қорғау бойынша комитетінің ұсыныстарын жүйелі түрде орындап келеді.
Мемлекет тарапынан балалардың жақсы әрі жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайдар жасалуда. Бүгінгі таңда республикамызда бала құқықтарын қорғау бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардың қажетті базасы бар, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлі ұйымдары қызмет етуде, балаларды психологиялық, педагогикалық, құқықтық, медициналық қорғау бойынша қызметтер жұмыс жасауда. Жыл сайын балаларға білім беру, олардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік және мәдени қамсыздандыруға бөлінетін бюджеттік қаражаттар мөлшері артуда.
Мұғалім балаларға инклюзивті білім беру, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар жөнінде түсінік береді (слайд).
Сынып топ бойынша өздерінің әлеуметтік жобаларын әзірлейді.
Топтарға қойылатын талап: «Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы» ҚР заңының 4-бабымен танысу және «Ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын жақсарту бойынша не істеуге болады?» сұрағына жауап беру (4-бап. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие).
Талқылау аяқталған соң мұғалім ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын жақсарту бойынша әлеуметтік жоба әзірлеуге тапсырма береді.
Әрбір топ өздерінің презентацияларын ұсынады. Презентацияда өздері әзірлеген әлеуметтік жобаларды көрсетеді.
Білімалушылар жоспар құрып, өз жобаларының жалпы сипаттамасын постерде ұсынып, оны қорғайды.
Спикер функционал рөлін атқарады, көшбасшы позициясын ұстанады, топ деңгейінде талқылауды ұйымдастырады, топтың жалпы пікірін қалыптастырады.
Оппонент талқылау кезінде ұсынылатын позицияларды мұқият тыңдап, олар бойынша сұрақтарды дайындайды.
Сарапшы өз тобының ұсынылатын позициясы бойынша пайымды пікір әзірлеп, өзге топтардың ұсынатын позицияларымен салыстырады.
Әрбір топ берілген уақыт ішінде шығармашылық тапсырманы талқылайды. Кезеңнің міндеті – шығармашылық жұмыс бойынша топтық ұстанымды қалыптастыру.
Топтық жұмысты ұйымдастыру шарттары
Тапсырманы топпен орындау, топаралық дискуссия, нәтижелерді қорғау, сарапшылар жұмысы.
Спикер, оппонент немесе сарапшы болуына қарай әрбір топтың ұсынатын пікірлері тыңдалады.
Әрбір пікірден соң оппоненттер сұрақ қойып, сол позициядағы авторлардың жауаптары тыңдалады.
Соңында шығармашылық жұмыс бойынша ортақ ұстанымды білдіретін жалпы пікір қалыптасады.
III КЕЗЕҢ (10 минут)
Сабақты қорытындылау, нәтижелерді талдау, рефлексия, бағалау және өзін-өзі бағалау, ұсынымдар.
Сарапшылар ұсынылған жобалар бойынша пайымды пікірлерін білдіреді, оқушылар өз пікірлерін айтады.
Мұғалім шығармашылық тапсырманы орындау бойынша, проблеманы шешу жолдарының тиімділігі бойынша топтарға қатысты пайымды пікірін білдіреді.
Сабақ соңында педагог сабақтың жалпы қорытындысын шығарады.
Білімалушылар үздік әлеуметтік жобаны таңдайды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қамқорлық сөзінің мағынасын қалай түсінесіз?
2. Елбасының «Қамқорлық» жобасының мақсаты қандай?
3. Тұңғыш Елбасы қорының басқа да қандай жобалары туралы білесіз?
4. Толеранттылық дегеніміз не?
«Астана тарихы – Тәуелсіз Қазақстан тарихы»
Н.Ә. Назарбаев
5-кейс
«Еуразия жүрегіндегі қала»
Мақсаты:
- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың астананың қалыптасуы мен дамуындағы рөлін көрсету;
- патриотизмге, Отан алдындағы жауапкершілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу;
- сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақ түрі: сынып сағаты
Құрал-жабдықтар: бейнебаян, презентация материалы, фондық музыка, таза парақтар мен маркерлер.
Бұл кейстің қосымшасында Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары туралы слайд-шоу жасауға арналған материалдар берілген.
Н.Ә. Назарбаев кітаптарының виртуалды көрмесі (слайд-шоу).
Астана фотосуреттерінен галерея (слайд-шоу).
САБАҚ БАРЫСЫ
I КЕЗЕҢ (10 минут)
Астананы көшіру идеясы туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
Біздің Отанымыздың астанасы – қазір әлемдегі ең көрікті әрі әдемі қалалардың бірі. Астанаға келген қонақтар оның көркіне таңдай қағып, таңырқай қарайды. Бұл – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың елеулі еңбегі.
Нұрсұлтан Әбішұлы ел егемендігін алғаннан кейін Қазақстанның өзіндік рәмізі болуы керектігін бірден түсінді. 1997 жылы егемен Қазақстанның Тұңғыш Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімнің қабылдануына қаланың геосаяси тұрғыдан елдің орталығында, аса ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуы, қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның, елорданы дамытуға қажетті бос жерлердің болуы себеп болды.
1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмоланың аты Астана болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстанның астанасына медаль тапсырылды және қала «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағына ие болды.
Бүгінгі таңда Отанымыздың астанасы – еуразиялық кеңістіктің орталығы, мұнда қазіргі заманғы саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі басқосулар өткізіледі.
«Астана көрінісі» слайд-шоу.
Тақтада Н.Ә. Назарбаев портреті, астана көріністері.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға қашан көшірілді?
2. Қазақстан тарихындағы тағы қандай астаналарды білесіз?
3. Астананың басқа қалалардан ерекшелігі қандай?
4. Астананы Елорда деп аталуын қалай түсінесіз?
5. Астанадағы қай сәулет туындысы ерекше ұнайды?
6. Астананы келешекте қалай елестетесіз?
Таңдау бойынша бейнероликтер:
«Целиноград.Акмола. Астана. Путешествуя во времени» (2:26)
(https://www.youtube.com/watch?reload=9&v=hGceAfagm18)
«Акмолинск-Целиноград-Акмола-Астана-Нур-Султан» (10:05)
(https://www.youtube.com/watch?v=E5GKGx-zDXM)
«Астана - город будущего» (2:16) (https://www.youtube.com/watch?v=3BubmuFYQ5k )
4. «С высоты птичьего полета: как Астана преобразилась» (0:44)
(https://ru.sputniknews.kz/video/20180613/6011690/astana-preobrazheniye-syemka.html)
5. «Астана - потрясающий город» (4:19)
(https://www.youtube.com/watch?v=TCHZsV3o9uw)
Міне, біз бірге отырып «Нұр-Сұлтан көрінісі» презентациясын тамашаладық. Астананың көрікті жерлерін көрдік. Астана – Отанымыздың жүрегі. Отан деген екі ұғым бар: кіші Отан және үлкен Отан. Үлкен Отан – сендер өмір сүретін мемлекет. Кіші Отан – сенің туып-өскен үйің, көшең және ауылың.
II КЕЗЕҢ(20 минут)
Білімалушылар 3 топқа бөлінеді. Алдымен оқушыларға әртүрлі пішіндегі немесе түстердегі қағаз кескіндері беріледі.
Мысалы, №1 топ жасыл түспен / үшбұрыш формасы бойынша; № 2 топ қызыл түспен / квадрат формасы бойынша; №3 топ көк түспен / шеңбер формасы бойынша қалыптасады.
Мұғалім әр топтың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді.
Топтар өздеріне берілген тапсырмаларды талқылайды және орындайды, және осы жоба бойынша презентация дайындайды.
№1 топ «Зерттеушілер». Олар «Менің елімнің тарихы» жобасын әзірлейді және таныстырады.
№2 топ «Аналитиктер». Олар кішкентай Отанымыздың өзекті мәселелерін тауып, оларды шешудің жолдарын ұсынады.
№ 3 топ «Стратегтер».Олар кіші Отаның даму стратегиясын ұсынады және болжам жасайды.
III КЕЗЕҢ (10 минут)
Жобалар презентациясы (әр топ өз жобасын ұсынады).
Сабақ соңында мұғалім жұмыстың жалпы нәтижелерін қорытындылайды.
ҚОСЫМША
Н.Ә. Назарбаев кітаптары бойынша виртуалды көрмеге арналған материалдар
Достарыңызбен бөлісу: |