Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет60/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99
Байланысты:
Китапша

ОРТАСЫ (10 МИНУТ):
Барысы:
«Анамның ақылды қызымын» сайысы. Ұлдар әр қыз балаға ертегідегі ханшайымдардың 
суретінің жартысын үлестіреді. Қыздар арнайы тақ-тадан өз суретінің екінші бөлігін дұрыс тауып 
жабыстырады. Қазылар алқасы аруларды жылдамдығына, сенімділігіне, ұқыптылығына байланысты 
бағалайды.
1-жүргізуші:
 
Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі.
Қазақ қызы - ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Біздің аруларымыз да ақылына көркі сай, әдепті де әдемі екеніне көзіміз жетіп жатыр. Сайыстың 
қай кезеңінде болмасын өз өнерлерімен барлығын баурап алған әсем қыздарымызға қошеметімізді 
аямайық. 
2-жүргізуші:
 
Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы, қартаймашы ешқашан,
Ән-жырымды мен өзіңе арнағам, 
- дей келе «Жан анама» кезеңі бойынша бүлдіршін қыздарымыздың аналарына арнаған өлең 
шумақтарына құлақ түрейік. 
1-бүлдіршін:

Анам менің – аялаған ақ гүлім,
Анам менің – бақытым мен шаттығым.
«Анашым» – деп балаң жырын арнаған
Бір өзіңе арналады тәтті үнім.
2-бүлдіршін:

Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
3-бүлдіршін: 

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
4-бүлдіршін: 

Ана деген - асыл жандар болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
5-бүлдіршін:

Мереке күніңмен
Қарсы алдым өзіңді.
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді.
6-бүлдіршін: 

Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың.
1-жүргізуші: 
Көркемдікке көмілген келбетіне,
Көз тимесін деп, достым, сен де тіле.
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды,
Айна көктен жететін жер бетіне.
2-жүргізуші: 
Өнері өрге жүзер талаптының,
Таланты талмай ұшар қанаттының.
Әлди-әуен, әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен қанатының. 


52
Сұлулығымен, ақылдылығымен дара тұрған нәзікжандыларымыз өнердің қай түрінен де құр 
алақан емес. Олай болса, көркем қыздарымыздың «Әлди-әлди» биін тамашалайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет