Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы Семей, 2017



бет7/17
Дата31.12.2019
өлшемі3,99 Mb.
#54827
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

7 МАМЫР-ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР МЕРЕКЕСІ



Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары,жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры А.А.Талпаховқа береміз.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!


Ғаббас Есенбикенің орындауындағы «Көңіл ашар» күйін қабыл алыңыздар.
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп Альберт аға, Самат аға, Жасұлан аға, Махамбет ағаларды шын жүректен құттықтаймыз!
Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің – деп, сіздердің құрметтеріңізге Жумин Ниязбек «Қазақ жігіттері» әнін жолдайды. Қабыл алыңыздар!
Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, - дегендей, Ғарифолла аға, Бақберген аға, Исатай аға, Еділболат аға мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Құндыз бен Маржанның орындауындағы «Тойбастар» биіне береміз.

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан аға,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, Ғабит, Даурен, Руслан, Сағындық сынды ұстаздарымызды айтулы күндерімен шын көңілден құттықтаймыз!
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп жас шәкірттеріңіз Хибатова Наргиза өзінің қыл қобызымен «Арнау» күйін тарту етеді. Қабыл алыңыздар!
Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.

Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,


Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, Дархан, Жансерік, Асан, Айбек сынды жігіттерімізге таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты. Алдарыңызда би «Катюша».
Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен шәкірттеріңіз Кабир Әсем «Ұстазым» әнін жолдайды.

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!


Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен, Кабир Әсемнің орындауындағы «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар!
Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!

Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!



9 МАМЫР - ЖЕҢІС КҮНІ (БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ)



Мақсаты: Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Кештің құрал-жабдықтары: Бауыржан өмірі жайлы слайд, банер, Батыр туралы кітаптар көрмесі. Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды еске түсіруге арналған 1 минуттық үнсіздік. Сахнаға екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды. 2-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен»- атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздір. 1-жүргізуші: Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі –қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот, еліне адал адамның бейнесін елестетесің. Батыр атамыз соғыстан оралғаннан кейін батырдың қаруын қаламға айыбастағанын білеміз. Ол майданда бір ерлік етсе, сөз майданында екінші ерлік көрсете білді. 2-жүргізуші: Қазақ халқында мынадай сөз бар: «Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді»- дегендей, батырдың ерлік туралы айтқан қанатты сөздері де, ел аузында сақталып жүр. (сахнаға екі оқушы шығып Б. Момышұлының нақыл сөздерін айтады) 1-жүргізуші: Өнерлінің өнерін Қане байқап көрейік Жүйрік аттай желейік, Күй мен жырға кезек берейік. Сахнаға 9- сынып оқушысы Искаков Адильшені шақырайық. Папури Ұлы Отан соғысындағы әндер. 2-жүргізуші: Батыр бойында қайрат, күш-жігер, қайсарлық молынан көрінеді. Бауыржан атамыздың әділетсіздікке, екі жүзділікке қарсы тұрып, талай жерде өзіне жау тапқандығын тілге тиек етеді. Батыр бейнесінің әр қыры оның өз шығармаларынан анық байқалады. Бауыржан Момышұлы «Москва үшін шайқас» атты шығармасынан үзіндіні тамашалаңыздар. (Көрініс «Москва үшін шайқас») 1-жүргізуші: Бейбітшілік жайлай берсің жер бетін, Туы мәңгі желбіресің жеңістің. Қазір сіздердің алдарыңызға 7-сынып оқушылары «Естесің мәңгі Бауыржан ата» әнін орындайды. 2-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетті тербетіле. Аққудай қалықтаған теңіздегі, Бишілер өнерлерін көрсетуде. (Алдарыңызда 10 сынып оқушыларлары өнер көрсетеді.) 1-жүргізуші: Жолдастары бастарына гүл қойыпты... Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз. 2-жүргізуші: Олай болса, құрметті біздің көрермеңдер, қазір сіздердің алдарыңызға ұсынылып отырған Бауыржан Момышұлының «Майданнан жазылған хаттар» атты естеліктерден бір көріністі 8 сынып оқушылары атынан ер рухына арналған ескерткішке қойылған гүл деп қабылдаңыздар. (Көрініс) 1-жүргізуші: Сүйінші, халқам, сүйінші! Белінді бекем буыншы, Жеңдік жауды күйрете, Жасалған той мереке! 2-жүргізуші: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жігерленген құштарлықтың құралы. Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы. 1-жүргізуші: Көрдік, сіздерді жайдық құшақ, Елестетіп жанын қиған құрбандарға. Қарсы аламыз үлгі тұтып, Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды! «Ағаларым» әні залды шарықтап орындалып тұрады. Қолдарында гүл шоқтары бар оқушы балалар марш екпінімен залға кіріп, ардагерлерге тағзым етеді. «Ағаларыма» әні орындалады. 2-жүргізуші. Қаптап көкке абырой мен бақ құсым, Тыныштықпен ата бер менің ақ таңым. Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді. 1-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Міне, біз сол тамаша Жеңістің 65 жылдық ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды. (Ең соңында «Жеңіс күні» әні хормен орындалады.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет