Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы



Pdf көрінісі
бет23/69
Дата08.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#195588
түріСценарий
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
Байланысты:
сценарии 2016
тілім менің Маширова А, Тәуелсіз Қазақстан, Тәуелсіз Қазақстан, DOC-20231105-WA0094., сабақ талдау үлгі, сабақ талдау үлгі
Тарихшы:
1793 жыл. Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан Атырауға дейін 
тыныштық орнатқан қазақ елі. Қаннен-қаперсіз, шат-шадыман жаз жайлау қызығын 
көруге бет алғанда, Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын қан 
жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық “ақ табан” 
болды. Аңдыздаған жұрт Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. 
(Зарлы әуен “Елім-ай” хоры айтылады) 
Зар:
Қаратаудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
Қарындастан айырылған қиын екен, 
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.. 
Тарихшы:
Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ерлігін соңғы 
рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін, 
данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырады 
Жыршы
: “Даудан қашық жүріңдер, дүрлікпе тек! 
Жаудан қашып, қор болып үрікпе” – деп, 
Біріктірді қазақты Төле би: 
“Бақыт, жеңіс, азат күн – бірлікте!” – деп 
Тарихшы:
“Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді!” 
Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол, бір 


35 
жағадан бас шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық” – деді Төле би бабамыз. 
Кіші жүзден кісілігін танытқан Әйтеке би, орта жүзден ордасын тіккен Қазыбек би ұлы 
жүздің ақ сақал биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді. “Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін”, - 
деді олар. Кең пейілді, бауырмал халық бір тудың астында “Сабалақ батыр” аталған 
Абылайды хан көтерді. 
Жыршы
: “Абылайлап”, Сабалақ қол бастады, 
Абылай хан атанып, ел басқарды. 
Ерлігінен хандардың басталады 
Егемендік, елдіктің сел бастауы.
(Бұқар жыраудың Абылай хан туралы жырларынан үзінді жырланады) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет