Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы


асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?



Pdf көрінісі
бет17/69
Дата08.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#195588
түріСценарий
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Байланысты:
сценарии 2016

3 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе – Ойсылқара 
2. Жылқы – Қамбар ата 
3. Қой – Шопан ата 
4. Ешкі – Шек-Шек ата 


25 
5. Сиыр – Зеңгі баба 

4 асық.
Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде 
2. Ақпан 8. Тамыз 
3. Наурыз 9. Қыркүйек 
4. Сәуір 10. Қазан 
5. Мамыр 11. Қараша 
6. Маусым 12. Желтоқсан 

5 асық.
Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
І. Жылқы - құлын
ІІ. Сиыр - бұзау
ІІІ. Қой – қозы 
ІҮ. Ешкі – лақ

6 асық. Жыртқыш құстардың атын ата. 
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи. 

7 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр, 
той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той 
бастар. 

8 асық. Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы. 
1-жүргізуші
: Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге 
берейік. (Ән орындалады) 
2-жүргізуші
: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын, 
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!- 
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық (Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді) 
1-жүргізуші
: Ат өнері білінбес, 


26 
Бәйгеге түсіп жарыспай. 
Ер өнері білінбес, 
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін 
көрейік. 
1. Салмақ тасын көтеру. 
2. Мойын арқан тартпақ. 
3. Білек күшін сынау. 
2-жүргізуші
: Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе, 
Досыңды бірге жүрген басып өтпе, 
Басыңа әлдеқандай іс түскенде. 
Келесі кезекті тағы да әнге берейік. (Ән орындалады) 
1-жүргізуші
: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері, 
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі. 
Көңіліңді шат сезімге баурайды, 
Халқымыздың бүгіні мен өткені. 
(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет