29
Мұрат
: Ассалаумағалейкум! (төрге озып, Дәулетке қол береді).
Есенсіздер ме? (қыз бен жеңгесіне тәжім етеді).
Балқия:
Сау жүрмісің, бозбала? Сендей жігіт төресі қай қыздың бақыты екен? Жай –
күйің қалай?
Мұрат
:(кібіртіктеп) Иә, құдайға шүкір,сіздерге ұлыс оң болсын дегелі келіп едім.
Балқия
: Айтқаның келсін. Төрге шық.
Ұйқыашардан дәм тат, бозбала.
Мұрат
:
Асығыс едім, жеңеше, дәм ғана татайын. Әуре болмаңыз (дәм татады, бата береді)
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Бастарыңа бақ берсін,
Не берсе де, нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін!
Қарындарың тоқ болсын,
Қайғыларың жоқ болсын!
Шүпірлеген үйінде
Балаларың көп болсын!
Бата
бердім бақ тіледім,
Ақ дастархан басына.
Я, құдайым,
шын тіледім,
Келсін деп менің қасыма!
Көңілің көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа.
Бәрі
: Әумин!Әумин!
Мұрат
:
Мына ақ орамал өзіңізге, жеңеше, көңіліңіз әрдайым шың басының қарындай ақ
болып жүрсін. Ал
мына айна, Жанар саған.