Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып

Сүдігерде изен ызыңдайды
салған Моисейдің сақалындай салаланып белуарына 
түседі. Тарам-тарам сақалды қуалай аққан аспан суы 
жаңбыр емес, мына бурыл самайлы адамның алақандай 
қаршыға көзінен парлап аққан ыстық жас сияқты.
– Мына кіші Жыланшықтың бойында жалғыз үй 
отырған «Қуаныш» совхозының шопаны едік, қарағым, 
– деді қара ши барқыт камзолы сығып алғандай су болған 
адам шоферге емес, Ақиқатқа қарап. – Атым Далабай 
деген болады. Әйелім əл үстінде жатыр. Босана алмай 
қиналып өліп кететін болды. Бұдан бұрын үш баланы 
өлі туып еді. Оны зорманнан көріп едім. Құдайдың 
құдіреті де деп едім. Енді екі жыл болды, зорман 
аулап, Қарынбайдың қалың малын қырғанды қойдым, 
аңшылық кəсіпті тастап, қойға кірдім. Ендігі еңбегім 
адал, жазығым жоқ, құдай берсе баланы енді берер деп 
едім. Тағы да масқара болып қалам ба, əкетай. Қалаға 
жеткізіп сал əйелімді!
«Ақлимаш қандай халде?» деген ой Ақиқатқа үрей 
ала келді.
«О да қиналып жатпаса игі еді!»
– Түсің аппақ шүберектей болып кетті ғой, əкетай. 
Шын жаның ашығаны рас болса, бұр машинаңды. Бұдан 
бұрын бес машина тоқтамай кетті. Енді кешіксе, анау 
бейшара əйелдің үзіліп кететін түрі бар, – деді Далабай 
Ақиқатқа.
– Ақсақал, біз асығыспыз, əуре болмаңыз! – 
Сазанбай рульдің ортасындағы сигналды басып-
басып қалды. Нөсер шуылына араласып сигнал даусы 
құлаққа қанжардай қадалды. – Мына кісі өкіметтің 
тапсырмасымен «Сарбаздар» совхозына асығып 
барады, бас бұруға мұрша жоқ!


36
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Әкетай-ау, біз де өкіметтің адамымыз ғой! – деп 
Далабай машинаның есігін қос қолымен қыса түсті. 
Темір тұлға сол қысуға шыдамағандай тұла бойы 
тітіркеніп, дір-дір етіп тұрды,
– Ақсақал, ішке кіріңізші не де болса. Жауынға 
малынып болдыңыз ғой, – Ақиқат есікті кері ашты.
– «Түсі жылыдан түңілме» деген еді, əкетай. Иман 
жүзді бала екенсің, бөбектерің бар ма? – деп кірді 
машинаға малмандай болған Далабай.
«Бөбектерің бар ма?» дейді. Оған Ақиқат не десін. Бар 
ма, жоқ па? Ақиқаттың бөбегі өзі жоқта дүниеге келіп 
те қалған шығар. Әлде Ақлимаш та мына шопанның 
жұбайы құсап азап шегіп жатыр ма? Ұшып барып, 
ұшып келем деп еді-ау Ақиқат. Ақлимаш қазір өзінің 
Ақантайын бір көруге зар болып жатқан шығар. Дəл 
қазір мына Далабайдың əйелін машинаға отырғызып, 
қалаға кері қайтып, бүгіннен қалмай самолетке мініп, 
астанаға жүріп кетсе қайтеді? Редакция мұның очеркін 
күтіп отырған жоқ па! Жексенбі күннің макетінен үш 
жүз жол орын бөліп отырған жоқ па! Оларға не бетін 
айтып барады?
Ақиқат əрі-сəрі болып отырғанда, шофер Далабайға 
қарап:
– Кəне, ақсақал, түсіңіз, бізді ұстамаңыз
асығыспыз! – деді. Мұрнын тағы да умаждап-умаждап 
уқалап қойды.
– Қой, əкетай, жылатпа мені, – деді Далабай 
Сазанбай мен Ақиқатқа кезек-кезек жаутаңдап қарап.
– Сəке, бұр машинаны... – деді Далабайдың көзіне 
көзі түсіп кеткен Ақиқат.


37
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Есіңізде болсын, мен енді Нариман Мауқаев 
тұрмақ оның ар жағында тағы бір дəу бұйырса да, 
мұнда қайтып оралмаймын! – деді шофер.
– Сенің қайтып келмейтініңді өзім де білемін.
Көсегең көгерсін, əкетай шырақ... – Далабай сөзін 
айтып болмай өксіп жіберді.
«ГАЗ-69» «Сарбаздар» совхозына жетпей грейдерден 
шығып, лайсаң қара жолға түсіп, кіші Жыланшықтың 
бойына қарай кетіп бара жатты.
* * *
– И-а-а, Бабай түкті шашты Әзиз, – деді көрпе 
жамылып, бір қолымен керегеден ұстап, бір қолымен 
ала шұбар сандыққа жармасып, көгерген ернін тістелеп 
тұрған əйел шаңырақтан аспанға алара қарап.
Оған жауап ретінде Бабай түкті шашты Әзиз аспаннан 
от қамшысын шарт-шарт еткізіп:
«Қарыстыр жағыңды!» – дегендей болды.
– Иа-а-а, аруақ! – деді толғақ қысқан əйел даусы 
жарықшақтанып.
Оның сонда көрген азабынан аруақтардың да жаны 
шошып, бұлттың ара-арасымен тым-тырақай қашып, 
гүрілдеп-сарылдап алыстап бара жатқандай болды.
– Ей, жазған, Күлше-ай, аруақтың басын ауыртып 
қайтесің. Тұр! Өлмегенге өлі балық жолығып, машина 
келіп қалды. Бол жылдам, əне-міне дегенше роддомға 
апарып салады. Жарық дүниеден əлі татар дəм-тұзың 
бар екен Күлше! – Далабай жұбайына қыжым пальтосын 
кигізіп, колтығынан көтерді.
– Осы жұрт космос-корабльдер заманында да дінге 
сенгенін қоймайды, – деп күңк етіп, Сазанбай да əйелдің 
бір қолтығынан демеді.


38
Сүдігерде изен ызыңдайды
Машинаға төңкеріліп əрең кірген Күлше бейне бір 
əн салардай даусын созып:
– Байғұс-ау, малды кімге тастайсың? Мына алай-
түлей боз боранға тапсырасың ба, ит-құсқа тапсырасың 
ба? – деді.
– Апыр-ай, естің шыққаны сонша, мал ойда 
болмапты ғой, қайттім! – Далабай жыңғылдан соққан 
қорада жауыннан ығып тұрған қойға қайта-қайта 
қарады.
– Мен қалсам қайтеді, Күлше? Бір құдайға 
тапсырдым, онан соң мына балаларға тапсырдым. 
Апарып салар роддомға.
Әрине, Ақиқат пен Сазанбай апарып салады. Ақиқат 
кешкі самолетке билет алады. Ол Ақлимашқа «Ұшып 
барып, ұшып қайтамын» деп еді ғой. Ақлимаштың да 
ай-күні жетіп қалып еді. Қиналып қалмаса қайтсін...
– Ойбай, жолда бірдеңе боп қалса, танымайтын 
бала-шағаның алдында айра-жайра... – Күлше көзін 
тарс жұмып, ернін қымқырып басын шайқады.
– Енді қайттім! Әшейінде тыным таппайтын 
завфермамен зоотехник те мұндайда келе қоймайды. 
Малды кімге тастадым! – Далабай жayынға жон 
арқасын тосып тұрған қойға қарады. Қысы-жазы 
бір тұяқ шығындатпай, шырылдап жүріп өсіріп еді, 
шынымен есіл еңбек ит-рəсуа болғаны ма. Далабай 
совхоз орталығынан келетін қара жолға қарайды. 
Жауын буалдырынан Жыланшықтың жер қабағы 
қарауытып көрінеді. Келе жатқан жан жоқ. Далабай 
жалтақтайды. Біресе əйеліне қарайды, біресе мың 
қаралы қойға қарайды. Оның бұрыл басы бұрылған 
сайын, Микельанджело Моисейдің сақалындай шуда 
сақалы желкілдейді.


39
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Ой, қу маңдай, болсаңшы, қиналды ғой жане-е-
ем, – деген жарықшақ даусы шығады Күлшенің.
Қазір бұл ерлі-зайыпты екеуінен де гөрі Ақиқат қатты 
қиналған сияқты. Ол өзі машинадан қалай түскенін 
білмей қалды.
Отырыңыз, ақсақал, – деді Далабайға. – 
Малыңызға мен қарай тұрайын.
– Күнім, күнім! Күнді бұлт жасырды ма десем, 
қасымда екенсің ғой! – Далабай даусы дірілдеп буын-
буыны босағандай машинаға əрең мінді.
– Есіңізде болсын, мен қайтып оралмаймын, – дейді 
Сазанбай мұрнын тағы да уқалап.
– Келмейтініңді білемін, Сəке. Сені мұрның 
алдамаған екен. Тойдан қалмайтын болдың! – деді 
Ақиқат.
Машина жауын буалдырынан көрінбей кетті.
Адамдардың достығын көре алмағандай қара бұлттар 
күңіреніп, долданғаннан бірін-бірі сарт-сарт сабалады.


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет