Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет35/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
5-7 сынып

ШЫРШАНЫҢ ЖЫРЫ 
(Мультфильм үшін)
Мен өліп тірілген шыршамын. Кішкентаймын.
Тауда туыппын. Қалай туғанымды, қалай 
жаратылғанымды мен білмеймін. Мүмкін, мені бір 
игі жан шыбықтан шаншыған шығар. Мүмкін, Алып 
Атаның жаңғағынан жаратылған шығармын.
Алып Ата дегенім – дəу шырша. Оның үлкендігі 
сонша, бұтақтары мен қылқандарынан аспан көрінбейді. 
Мен соның іргесінде өстім ғой.
Алып Атаның түр-түсі көгілдір, тіпті ұшар басы 
бурыл тартып кетеді. Көп жасағанынан болар.
Оның айналасында өскен жалғыз мен емес. Мен 
сияқты балапан шыршақайлар көп болатын. Есімде 
қалғаны: біз өскен алаңқайлардың астында өзен 
гүрілдеп жатады. Оның өзен екенін мен қайдан білейін. 
Алып Атадан сұрадым:
– Алып Ата, анау бір тынбай сарқырап жатқан не? – 
деп.
Өйткені Алып Ата бəрін көріп тұрады ғой. Өйткені 
ол Аспанның өзін тіреп тұрады ғой.
Алып Ата:
– Ол өзен деген болады, Шыршақай, – деді.
– Алып Ата, өзен деген не? Ол бізді жұтып жіберетін 
сияқты. Қорқамын. Гүрілдейді.
– Қорықпа, Шыршақай. Өзен деген су болады. 
Аспаннан жаңбыр жауғанда сенің инедей қылқандарыңа 
моншақтай жылтыраған тамшылар ілініп қалады. Әне, 


122
Сүдігерде изен ызыңдайды
анау төменде жатқан қаланы көрдің бе? Рас, түтіннен 
анық көрінбейді. Сол қалада адамдар тұрады. Олар су 
болмаса өліп қалады. Мына өзен соларды асырайды.
– А-а, – дедім ойланып.
Жаңбыр жауғанда қылқандарыма ілініп қалатын 
інжу-маржан тамшылар есіме түсті. Менен басқа 
шыршақайлардың үстіне де інжу-маржан ілініп қалады.
Күн шыңдардан асып шыға келгенде, сол тамшылар 
жақұттай жарқырайды.
Шіркін, сонда Тəңіртау тұтас əн салады. Ол əн інжу-
маржан тамшылардың қоңыраулатқан жыры сияқты. 
Жаңбыр тез басылады. Күн тез ашылады. Әлгінде 
жаңбыр нөсерлетіп, төгіп-төгіп өткенде тына қалған 
кішкентай əнші құстар қайтадан құйқылжытып, мың 
құбылтып Тəңіртау ішін əуенге бөлейді.
Қызыл-сары, жасыл-көк көбелектер бірін-бірі қуалап 
асыр салады. Бал араларының бағы жанады. Еңлік 
гүліне қонып алып, шырынын сорып, құнжыңдағанын 
көрсең...
Ал, еңлік гүлінің шырынынан шыққан бал өлгенді 
тірілтеді, ауруды жазады, кəріні жасартады, – дейді 
Алып Ата. Алып Ата айтса, рас болғаны. Өйткені бұл 
Тəңіртауда одан көп жасаған шырша жоқ.
Тауда не жиі – жаңбыр жиі. Күн жадырап тұрып, 
кенет қара бұлт үйіріле қалады. Лезде найзағай жарқ-
жұрқ етіп, күн күркірегенде Тəңіртаудың өзі дір-
дір етіп, теңселіп кеткендей болады. Біз, кішкентай 
шыршақайлар тау құлап, бізді басып қалады екен деп 
қорқамыз.
Алып Ата:
– Қорықпаңдар, шыршақайлар. Кəзір бəрі басылады, 
– деп қояды.


123
Сүдігерде изен ызыңдайды
Нөсер кезінде лағын ерткен Елік бике елең-елең 
етіп, Алып Атаның түбіне келіп тығылады. Өйткені 
Алып Атаның түбі жып-жылы ғой. Киіздей қалың 
қылқандарынан тамшы өтпейді. Айналасы текемет 
төсеп тастағандай жұп-жұмсақ. Жүз жыл бойы түлеген 
қылқандардан жаралған мұндай төсек патшаларда да 
жоқ қой!
Аққу мамықты төсекте жатқан патшалардан мына 
балалы Елік бике мың есе бақыттырақ. Жаңбыр 
толастағанда Елік бикенің лағы маған жақындап келіп, 
қылқандарымды иіскелейді. Қылқандарымның инедей 
ұшы тұмсығын қытықтайтын болуы керек, кегжең етіп 
басын тартып алып, мөп-мөлдір жəудір көздерін маған 
төңкеріп:
– Неге қытықтайсың, мен сенімен ойнағым келеді, 
– дейді. Сөйтіп, алдыңғы аяқтарын аспанға көтеріп, би 
билей бастайды. Маған:
– Кел, бірге билейік, – деп қиыла сыбырлайды. Мен 
билегім-ақ келеді, бірақ орнымнан қозғала алмаймын.
Сонда Алып Ата аспандап тұрып:
– Әй, балақай, əурелеме Шыршақайды. Шыршалар 
билеуге жаралмаған. Шыршалар жүре алмайды. Құдай 
солай жаратқан. Біз бір орында туамыз, сол жерде өле-
өлгенше тұрамыз. Шыршалар қаңғыбас емес, – дейді. 
– Шыршалар жүре алса, бəрі жан-жаққа қаңғып кетіп, 
мына тау жалаңаш қалар еді.
Сонда лақтың енесі:
Оның рас, Алып Ата. Шыршалар өз мекенінен 
ешқайда кетпейді. Өйткені сендердің жауларың жоқ. 
Ешкім тимейді. Дүниеде қорғансыз жаратылған мына 
біз, еліктерміз ғой, – дейді: – Айнала бəрі жау: қасқыр 
да, барыс та, əне анау қалықтап жүрген бүркіт те. 


124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет