Сүдігерде изен ызыңдайды
Енді ертегімді, жырымды, сырымды кімге айтамын, –
деп зарлады.
Қарақшылар оның зарын елең қылған жоқ. Бізді дəу
машинаға тиеп алып, қап-қара түтін басып тұратын
«қала» дегеніне қарай ағыза жөнелді.
Балта шапқан діңімнен жылай жылжып сөл ақты.
Сырқырап ауырғанда жанымды қоярға жер таппаймын.
Адамдардың топастығы: шыршада жан жоқ деп
ойлайды. Жан болмаса мен осынша күйзелем бе? Сол
адамдардың өздерін балталап, аяқтарын жілігінен
шауып тастаса қайтер еді? Бірақ олар да дүние-дүние
болып жаратылғалы бірін-бірі балталап-ақ келеді ғой.
Өздерін өздері. Оларды бір шырша балталаған жоқ.
Өздерін өздері. Өздерін өздері аямаған, шыршаны аяп
неғылсын.
Алып Ата айтушы еді:
– Жан-жануар, түрлі мақұлықат, өсімдік біткен екіге
бөлінеді, – деп. – Бір парасы жыртқыштар, бір парасы
момындар. Сонда Алла Тағала ақылды етіп жаратқан
адамдар да жыртқыштар тобына жатқаны ғой.
Дүниеде мейірімділерден мейірімсіздер көп болса,
ол дүние қайғы-қасіреттен көз ашпайды.
Мені бір биік үйге алып келді. Адамдар қызық: үйлерін
неғұрлым биіктете беруге тырысады. Тəңіртаумен
таластырғысы келе ме екен. Бірақ Тəңіртаумен теңесу
қайда-а-а.
Адамдар өтірікші болады екен. Мені иығына салып
көтеріп келе жатқан Қабасақал өзіне кездескен кісіге:
– Базардан сатып алдым, – деді.
Мен:
128
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Сенбеңіз, мені балталап шауып алды, – деп едім,
ешкім елең қылған жоқ. Сірə, шыршақайлардың тілін
бұлар түсінбейтін болуы керек.
Кəусар ауа жұтып өскен мен байғұс мына қаланың
ауасынан жүрегім айнып, құсқым келді. Адамдар бізде
жүрек жоқ деп ойлайды. Білмейді ғой.
Қабасақал мені үйіне кіргізіп, креш ағашқа діңімді
сұғып қойды. Балта шапқан жарам бұрынғыдан бетер
сырқырап ауырғанда, жанымды қоярға жер таппай
жыладым. Бірақ шыршаның жылағанын адамдар
сезбейді.
Қабасақалдың балалары бар екен. Мені айнала
қоршап: «елочка, елочка» деп қуана айқайлайды.
Бұтақтарыма неше түрлі жылтырақ бірдеңелерді іліп
тастады. «Елочка в лесу жила» дей ме, бірдеңелерді
айтып əн салады. Қол ұстасып мені айнала береді,
айнала береді.
Үйлері ыстық екен, тұншығып, ыстықтан терлеп,
əрең шыдаймын.
– Аяғым ауырды, – деп жылаймын.
Бірақ ешкім менің жылағанымды естімейді.
Құлақтары бітеу ме, білмеймін. Әйтпесе, біз шыршалар
бір-бірімізбен сыбырлап сөйлескенде бəрін анық
есітеміз ғой. Тым-тым, нəзік, өте сазды, үлбірек сезімді
үнді естуді Құдай адамдарға бұйыртпаған.
Балақайлар мені айналып, айналып, түннің ортасына
дейін шүлдірлесті де, ақыры бастары айналды ма – бəрі
тырайып, тырайып жатып қалды.
Адамдардың балақайлары қызық болады екен:
жатып ұйықтайды екен. Ал, біз болсақ, тікемізден тік
тұрып-ақ ұйықтай береміз ғой.
129
Сүдігерде изен ызыңдайды
Осылайша, шамада бір аптадай уақыт өтті. Енді
маған ешқайсысы назар салмайтын болды. Балақайлар
да айналмайды. Мені мүлде ұмытып кеткен сияқты.
Мен өкпелеп қалдым. Адамдар айнығыш болады екен-
ау, дедім. Тез жанығып, тез суып қалады екен. Жақсы
көрсең – ақырына дейін жақсы көр.
Бір күні Қабасақал менің бұтақтарыма ілінген
жылтырақ ойыншықтарды: жансыз қояндарды,
бұлбұлдарды,
əтештерді,
тағы
басқаларын
сылдырлатып, сыпырып алып тастады. Әрқайсысын
мақтаға жеке-жеке орап, бір қағаз қорапқа салып қойды.
Аяғымдағы кіреш-ағаш кебісімді де шешіп алды.
Сөйтті де, өзімді көтеріп, балкон дегеніне шығарып,
биіктен-биіктен төмен қарай тастап кеп жіберді.
Жүрегім тас төбеме шығып, қорыққаннан көзімді тарс
жұмып алдым. Адамдар ойлайды: бізде жүрек жоқ, көз
де жоқ деп. Білмейді.
Ұшып келем, ұшып келем, бір уақытта қалың қарға
түсіп, қисайыңқырап барып қадалдым да қалдым.
Сөйтсем ол биік үйдің кіре беріс сыртқы есігінің
үстіндегі қалқан-қалпақ екен. Биіктен үстімізге бірдеңе
түсіп кетпесін деп адамдар кіреберіске қалқан-қалпақ
жасап қояды екен.
Тағы да болса қалың қарға түсіп жаным қалды.
Тақырға түскенде талқаным шығатын еді.
Есімді жиып алған соң: «Бұған да шүкір» дедім.
Ашыған капуста, арақ сасыған ыстық үйден гөрі, мынау
ауасы түтін-сасық болса да дала ғой, əйтеуір.
Мені көпке дейін ешкім байқаған жоқ. Өйткені
адамдар тұқшиып төмен қарап жүреді. Алтын тауып
алатындай жерден көздерін алмайды. Аспан дегенді
білмейді. Бастарын көтеріп аспанға бір қарамайды.
130
Достарыңызбен бөлісу: |