С.О.Ө.Ж
С.О.Ө.Ж тақырыптары
|
Сағат саны
|
Апталар
|
I Модул. XV- XVIғ.ғ. поэзиясы
|
1
|
XIV- XVғ.ғ. тарихи – әлеуметтiк жағдай, Дештi – Қыпшақ ұлысы
|
1
|
1
|
2
|
Алтын Орда мәдениетi
|
1
|
1
|
3
|
Жыраулық поэзияның генезисi
|
1
|
2
|
4
|
Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиеттiң жалпы сипаттамасы
|
1
|
2
|
5
|
Жыраулық поэзияның зерттелу сипаты
|
1
|
3
|
6
|
Қазтуған Сүйiнiшұлы поэзиясы
|
1
|
3
|
7
|
Қазтуған поэзиясындағы көркемдiк айшық
|
1
|
4
|
8
|
Асан Қайғы поэзиясы
|
1
|
4
|
9
|
Асан Қайғы –аңыздық тұлға.Жырау өмiрiнен деректер. Тарихи Асан Қайғы.
|
1
|
5
|
10
|
Асан Қайғы толғауларындағы заман көрiнiсi , туған жер бейнесi, өсиет- ғибрат сөздер.
|
1
|
5
|
11
|
Асан Қайғы толғауларының көркемдiк айшығы.
|
1
|
6
|
12
|
Доспамбет шығармашылығы
|
1
|
6
|
13
|
Доспамбет жырау толғауларындағы дәуiр көрiнiсi
|
1
|
7
|
14
|
Доспамбет толғауларының идеялық мазмұны, көркемдiк ерекшелiктерi
|
1
|
7
|
15
|
Шалкиiз өмiрi және шығармашылығы
|
1
|
8
|
16
|
Шалкиiз – ерлiк жыршысы
|
1
|
8
|
17
|
Шалкиiз толғауларының көркемдiк сипаты
|
1
|
9
|
18
|
Шалкиiз толғауларының философиялық сипаты
|
1
|
9
|
II. Модул. XVII ғасырлардағы қазақ әдебиетi
|
1
|
Жиембет жырау Бортоғашұлы шығармашылығы
|
1
|
10
|
2
|
Марғасқа жыраудың дәуiрi
|
1
|
10
|
III. Модул. XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетi
|
1
|
Ақтамбердi жырау шығармашлығы
|
1
|
11
|
2
|
Ақтамбердi – ерлiк жыршысы
|
1
|
11
|
3
|
Ақтамбердi толғауларының әлеуметтiк мәнi , көркемдiгi, сөз нақышы
|
1
|
12
|
4
|
Үмбетей мұралары
|
1
|
12
|
5
|
Үмбқтей- дәуiр жыршысы
|
1
|
13
|
6
|
Бұқар жырау толғауларындағы заман бейнесi
|
1
|
13
|
7
|
Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесi
|
1
|
14
|
8
|
Бұқар жырау поэзиясының көркемдiк ерекшелiгi
|
1
|
14
|
9
|
Котеш Райымбекұлы поэзиясының сипаты
|
1
|
15
|
10
|
Шал (Тiлеуке) Құлекеұлы - жаңа үлгiдегi ақындық поэзияның көшбасшысы
|
1
|
15
|
Барлығы – 30 сағат, 1-15 апталар
|
С.О.Ж- ге берiлетiн тақырыптар:
I Модул. XV- XVIғ.ғ. Қазақ әдебиетi.
Асан Қайғы – заман сыншысы.
Қазтуған жырларындағы негiзгi сарын.
Шалкиiз поэзиясының философиялық өрiсi.
Доспамбет – жорық жыршысы.
XV- XVIғ.ғ.Қазақ поэзиясының негiзгi сипаттары.
II Модул. XVII ғасырлардағы қазақ әдебиетi
XVII ғасырлардағы тарихи – әлеуметтiк жағдай және әдебиет (Жиембет, Марғасқа жырау мұралары).
III Модул. XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетi.
Ақтамбердi толғауларының ерекшелiгi
Умбетей мен Тәтiқара мұраларындағы тарихи шындық және қазақ батырларының бейнесi.
Бұқар толғауларының тарихи мәнi
Бұқар поэзиясының философиялық, көркемдiк сипаты
Шал мен Көтеш поэзиясындағы Абылайхан бейнесi.
Жыраулар поэзиясындағы Абылайхан бейнесi
Ұсынылатын әдебиеттер:
Оқулықтар мен оқу құралдары:
Мағауин М. Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет / XV- XVIII ғасырлар/ үшiншi кiтап. Оқулық А., 1992
Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет. Төртiншi кiтап. Хрестоматия. /құрастырған М.Мағауин/ А.1993
Сүйiншәлиев Х. XVIII-ХIХ ғасырлар қазақ әдебиетi. Оқулық.
Сүйiншәлиев Х. Қазақ әдебиетiнiң тарихи. Оқулық. А. 1997
Сүйiншәлиев Х. VIII-ХVIII ғасырлар қазақ әдебиетi. Оқулық.
Қазақ әдебиетiнiң тарихы. III том. / ХV – ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетiнiң тарихы /Алматы ,, Ғылым,, 2000
Қосымша әдебиеттер:
Қ. Жұмалиев ХVIII –ХIХ ғасырлардағы қазақ әдебиетi А, 1962
Алдаспан. Жинақ, А,1971
Ақберен. Жинақ, А., 1972
ХVIII –ХIХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы. А., 1962
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982
Үш ғасыр жырлайды. А., 1965
Бес ғасыр жырлайды. I-том.А., 1983
Абылай хан. Тарихи жырлар. I-том. А 1993
Ахметов З. Өлең сөздiң теориясы. А. 1973
Абилкасымов Б.Ш. Жанр толгау и казахской устной поэзии. А. 1984
Ауэзов М. Әр жылдар ойлары. А. 1959
Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961
Байтұрсынов А. ,, Әдебиет танытқыш,, Кiтапта: Шығармалары. А., 1989
Бұқар жырау. Ай, Абылай, Абылай! А., 1993
Борантаев Г.С. ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы тiлiндегі фразеологизмдер /авторефераттар/ А., 1994
Диваев Д. Тарту. Зерттеу.А., 1992
Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. Қазақ әдебиетiнiң тарихынан очерктер. А., 1970
Дербiсалин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А., 1990
Қабдиров И. Дәстүр мен жаңашылдық. А., 1978
История казахской литературы в трех томах. Т.2 А., 1979
Златкин К.Я. История Джунгарского ханства М., 1983
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетi тарихының мәселелерi. А., 1973
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячилетий. А., 1992
Казахстан в ХV-ХVIII веках/ Вопросы социально- политической историй/ А., 1969
Қазақтың көне тарихы. Зерттеу. А. 1993
Қуанғанов Ш. Бұқар жырау оның заманы. А., 1993
Құрбанғали Халид . Тауарих хамса / Бес тарих/А., 1992
Қазақ әдебиетiнiң тарихы. II- том, А., 1967
Мұқанов С. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы қазақ әдебиетiнiң тарихынан очерктер. А., 1942
Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары. А., 1982
Негимов С. Ақын – жыраулар поэзиясының бейнелiлiгi. А., 1991
Негимов С. Ақын – жыраулар поэзиясы /Генезис, Стилистика, Поэтика/ А,. 2001
Өмiрәлиев Қ. ХV –ХIХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тiлi, А., 1976
Тынышпаев М. История казахского народа А.,1993
Шәкәрім Құдайбердiұлы, Түрiк, қырғыз- қазақ hәм – хандар шежiресi. А., 1990
Тiлепов Ж. Тарих және әдебиет А., «Ғылым» 2000
Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет пәнiнiң негiзгi мазмұны пәннiң лекциялық материалдары мен тезистерiнде, практикалық сабақтың тақырыптары мен сұрақтарында айқындалады.
Сабақтың жоспары
Тақырыптық оқу жоспары:
Лекциялар-15 сағат
Практика-15 сағат
С.О.ӨЖ-30 сағат.
ІІ. Лекция мәтiнi (лекция тақырыбы, қарастырылатын мәселелер, лекция тезистерi)
Лекция. Тақырыбы: Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет және жыраулар поэзиясының шығу негiздерi.
Жоспар:
Қазақ хандығы құрылу қарсаңындағы қоғамдық әлеуметтiк, саяси жағдай.
Қазақ хандығы өмiр сүрген тұстағы қоғамдық, әлеуметтiк , саяси жағдай
Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Жыраулар поэзиясының тарихи шығу негiздерi
Жырау және жыршы. Толғау жанры. Жыраулық дәстүр. Қазақ әдебиетi тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.
Тезистер:
ХIII ғ. Шынғысхан әскерiнiң қазақ даласын баса отырып, батысқа
жасаған жорығы. Шынғысхан иелiгiнiң құрылу жайы. Ұлыстық құрылым. Жошы ұлысының негiзіндегi Алтын Орда мемлекетiнiң құрылуы. (Дештi Қыпшақ Ордасы )Алтын Орда және Көк орда. Көк орданың (Орыс хан) кейiн қазақ хандығының құрылуына негiз болғаны. Қазақ хандарының шежiрелiк тегi. (Генеологиясы).
Алтын орда мемлекетiнiң ыдырап, бiрнеше хандыққа бөлiнуi. Ұлық орда (Ұлы орда) үлкен Ноғайлы Ордасы (Едiл мен Жайық бойында) Кiшi Ноғайлы ордасы (Азау бойында, Азау – Керман, Азов теңiзi) Қазан хандығы, Қырым хандығы, Астрахан (Хаджы -Тархан) хандығы, Сiбiр хандығы, Көшпелi Өзбек ұлысы (кейiннен Өзбек хандығы), Қазақ хандығы құрылуы. Олардың арасындағы саяси – әлеуметтiк қатынас. Көшпелi Өзбек, өзбек-ноғай, ноғай-қазақ, Өзбек-қазақ құрылымдарын түсiну.
2. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақтың алғашқы хандары – Керей, Әз-Жәнiбек. ХVI ғ. Қазақ хандығы. Қасымхан тұсындағы қазақ хандығының нығаюы. ,, Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет – ғұрып, салт- сана негiзiнде жасалуы.
Тәуке хан (1586-1598) тұсында Қазақ Ордасы мен Мәскеу патшалығы арасындағы дипломатиялық қарым - қатынастың нығая түсуi. ХVII ғасырдағы қазақ хандығы. Есiм ханның бiр орталыққа бағынатын мемлекет құру саясаты. Есiм хан мен Қатаған ұлысы мен Ташкенттiң ханы Тұрсын Мұхаммед Сұлтан арасындағы қайшылықтың себептерi. Есiмнiң Тұрсын Мухаммед ханды жазалауы. ,, Есiмханның ескi жолы,, деп аталатын заңдар жүйесi. Салқам Жәңгiр (Жаhангир) тұсындағы әскери реформа. Осы кездегi дүрбiн ойрат шапқыншылығының үдеуi. Тәуке хан тұсындағы (1680-1718) қазақ хандығының саясаты.
Қазақ елiнiң iшкi бiрлiгiн ныгайтуға багытталған Тауке хан реформалары. Тәуке хан шығарған ,,,Жетi жарғы заңы,, . Ел бiрлiгiне шақыратын Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердiң қазақ тарихынан алатын орны, оның жыраулар поэзиясындағы көрiнiсi. Ойраттардың 1723-1725 және 1740-1742 жылдардағы қазақ даласына шабуыл жасауы. ,, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама,, зұлматы. Қазақ халқының ойраттарға қарсы азаттық күресi. Ойраттың Сибан Раптан (1697-1727ж.ж Цеван - Раптан) және Қалдан Церен (1727-1746ж.ж. Галдан Церен) секiлдi қоңтайшыларына күйрете соққы берген қазақтың ержүрек батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай және тағы басқа батырлары мен үш жүздiң басын қосып, сыртқы жауға бастаған ержүрек хан Абылай бейнелерiнiң жыраулар поэзиясында жырлануы.
3. Қазақ хандығы тұсындағы әдебиеттiң (ХI- ХVIII ғ.ғ.) негiзiнен жыраулар поэзиясы екендiгi. Жыраулар поэзиясының негiзiнен ауызша дәстурге құрылуы. Аты аңызға айналып кеткен жыраулар поэзиясының арғы өкiлдерi боп саналатын Шөже жырау (Қашғари ,, Диуани луғат ат – түрiк ,,) Ахмет , Кетбұғы тайшы немесе Қотан жырау, Сыпыра жыраулар дәстүрi.Сыпыра –ноғайлы жырларының ортақ кейiпкерi. Қазтуған, Асан Қайғы, Шалкиiз, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Үмбетей, Тәтiқара, Ақтамбердi, Бұқар, Көтеш, Шал поэзияларының негiзгi сипатын айқындау.
4. Жырау мен жыршы ұғымдарының мағынасы Толғау жанрының жырау поэзиясының негiзгi жанры екендiгi. Толғаудың жыр үлгiсiнде шығарылуы. Психологиялық және синтаксистiк параллелизмдердiң жиi қолданыс табуы. Дағдылы айқыштың аз болуы. Басқа рифмаға мән берілуi Аллитерация мен ассонанстың мол қолданылуы. Жырау поэзиясының екпiндiк сипаты (Тоникалық). Екпiндi ырғақтың басымдылығы Бейсенбай Кенжебаев, Ханғали Сүйiншәлиев, Мұхтар Мағауин пiкiрлерi.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет. / ХV- ХVIII ғасырлар / Үшiншi кiтап. Оқулық. А., 1992
Сүйiншәлиев Х. VIII - ХVIII ғғ Қазақ әдебиетi. Оқулық.
Сүйiншәлиев Х. Қазақ әдебиетiнiң тарихы. Оқулық. А., 1997
История казахской литературы в трех томах. Т. 2 . А., 1979
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетi тарихының мәселелерi. А., 1973
Кляшторный С.Г. Султанов Т.И. Казахстан . Летопись трех тысячилетий. А., 1992
Казахстан в ХV- ХVIII веках. / Вопросы социально – политической истории/ А., 1969
Қазақтың көне тарихы. Зерттеу. А.,1993
Құрбанғали Халид. Тауарих хамса. / Бес тарих/ А., 1992
Қазақ әдебиетiнiң тарихы II том А., 1967
Қазақ әдебиетiнiң тарихы . III том / ХV- ХVIII ғасырлардағы Қазақ әдебиетiнiң тарихы/ Алматы ,, Ғылым,, 2000
Абылқасымов Б.Ш. Жанр толғау и казахской устной поэзии. А., 1984
Ауезов М. Әр жылдар ойлары А., 1959
Өмiрәлиев Қ. ХV- ХIХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тiлi. А., 1976
Негимов С. Ақын – жыраулар поэзиясы / Генезис, Стилистика, Поэтика/ А., 2001
II. Лекция. Тақырыбы: Қазтуған Сүйiнiшұлы мұралары.
Жоспар:
Өмiр жолынан мәлiметтер
Жырау толғауларының тақырыптық мәнi
Жырау поэзиясының көркемдiк әуезi, ырғағы, құрылымы.
Тезистер:
Қазтуған Сүйiнiшұлының ХV ғ. жасаған жауынгер жырау екендiгi, өскен ортасы, тарихи дәуiрi туралы. Осы мәселе турасында проф Х. Сүйiншәлиев пiкiрiн ескеру. Жыраудың өз толғауларында оның өмiрi туралы аздаған деректер кездесуi. Жыраудың ортасы, тегi туралы әдебиетшi- ғалым М.Мағауин пiкiрi. ,, Алаң да, алаң жұрт,, (Едiлмен қоштасу жыры,,) толғауындағы жырау өмiрiне қатысты жайттар.
Жырау толғауларының тақырыптық сипатын нақтылау. Жырау толғауларының негiзгi тақырыптық сипаты туған елге, жерге деген зор ықылас, сүйiспеншiлiк, құрмет, махаббат, өмiр туралы даналық байламдар, жауынгерлiк рух, өршiл, болмыс, өзiнiң тектiлiк болмысын паш ету болып келетiндiгi. ,, Мадақ,, жырындағы батыр болмысы.Жырау поэзиясының тақырыптық сипаты жөнiндегi М. Мағауин пiкiрi.
Қазтуған жырлары әуендi, дыбысты, рухы күштi поэзия екендiгi. Бiрыңғай ассонанс пен аллитерацияның молдығы. (,,Арғымақтын баласы,, ,, Жабағылы жас тайлақ,,)Қазтуғанның өлең құрылымына мән берген шебер жырау екендiгi. Образды, ұтымды теңеулердiң молдығы. (,,Едiлмен қоштасу жыры,,) Батыр образының, портретiнiң шебер сомдалуы. (,, Мадақ жыры") Қазтуған жыраудың жыраулық поэзиядағы аса мәндi орны, өнерпаздық болмысы.
Пайдаланыланатын әдебиеттер:
Мағауин М. Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет / XV- XVIII ғасырлар/ үшiншi кiтап. Оқулық А., 1992
Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет. Төртiншi кiтап. Хрестоматия. /құрастырған М.Мағауин/ А.1993
Сүйiншәлиев Х. XVIII-ХIХ ғасырлар қазақ әдебиетi. Оқулық.
Сүйiншәлиев Х. Қазақ әдебиетiнiң тарихи. Оқулық. А. 1997
Сүйiншәлиев Х. VIII-ХVIII ғасырлар қазақ әдебиетi. Оқулық.
Қазақ әдебиетiнiң тарихы. III том. / ХV – ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетiнiң тарихы /Алматы ,, Ғылым,, 2000
Лекция. Тақырыбы: Асан Қайғы Сәбитұлы өмiрi, шығармашылығы
Жоспар:
Асан Қайғы – аңыздық тұлға
Тарихи Асан Қайғы. Жырау өмiрiнен деректер
Жырау толғауларының тақырыптық ерекшелiгi
Асан Қайғы мұраларының көркемдiк сипаты.
Қазақ арасындағы Асан Қайғы туралы аңыздардың сипаты. (Асанның Қайғы аталуы, жас кезiнен тапқыр дана аталуы. ,, Асан мен Етек хан аңызы) Асанның жер- суға байланысты сындары. Асан Қайғы туралы аңыз бен ақиқат.
Асан Қайғының тарихи тұлға екендiгi. Оның ХIVғ соңғы ширегiнде туып, ХVғ. бiрiншi жарысында өмiр сүрген тарихи тұлға , мемлекет қайраткерi екендiгi. Белгiлi орыс және қазақ ғалымдарының Асан Қайғының тарихи тұлға екендiгi жайында айтқан пiкiрлерi. Оның Алтын Орда ханы Ұлық Мұхамедтiң (Ормамбет) кейінен қазақ ханы Жәнiбектiң ақылшы биi, уәзiрi болғандығы. Халық арасындағы жыраудың зираты жөнiндегi әңгiмелер.
«Асан Қайғы – көшпелiлердiң ұлы философы» (Шоқан). Жырау толғауларының жалпы сипаты. Ел қамын ойлаған Асанның Әз- Жәнiбек ханға қарата айтқан толғауының әлеуметтiк мәнi, тарихи сипаты.Асан Қайғы толғауларындағы заман көрiнiсi, туған жер бейнесi, өсиет- ғибрат сөздерiнiң мәнi. Жыраудың «Қырында киiк жайлаған», «Ай, хан, мен айтпасам бiлмейсiң», «Бұл заманда не ғарiп», «Едiл болда Жайық бол», «Көлде жүрген қоныр қаз» деп басталатын толғауларын талдау.
Жырау толғауларында кездесетiн аллитерация, ассонанс, психологиялық егiздеу (параллелизм), басқа да тiлдiк айшық, көркемдiк өрнектердi толғау мазмұнындағы идеялық - мазмұндық бүтiндiкпен байланыста ала отырып қарастыру.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуiрiндегi әдебиет. / ХV- ХVIII ғасырлар / үшiншi кiтап. Оқулық. А., 1992
Сүйiншәлиев Х. VIII - ХVIII ғғ Қазақ әдебиетi. Оқулық.
Сүйiншәлиев Х Қазақ әдебиетiнiң тарихы. Оқулық. А., 1997
История казахской литературы в трех томах. Т. 2 . А., 1979
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетi тарихының мәселелерi. А., 1973
Кляшторный С.Г. Султанов Т.И. Казахстан . Летопись трех тысячилетий. А., 1992
Казахстан в ХV- ХVIII веках. / Вопросы социально – политической истории/ А., 1969
Қазақтың көне тарихы. Зерттеу. А.,1993
Құрбанғали Халид. Тауарих хамса. / Бек тарих/ А., 1992
Қазақ әдебиетiнiң тарихы II том А., 1967
Қазақ әдебиетiнiң тарихы . III том / ХV- ХVIII ғасырлардағы Қазақ әдебиетiнiң тарихы/ Алматы ,, Ғылым,, 2000
Абылқасымов Б.Ш. Жанр толғау и казахской устной поэзии. А., 1984
Ауезов М. Әр жылдар ойлары А., 1959
Өмiрәлиев Қ. ХV- ХIХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тiлi. А., 1976
Негимов С. Ақын – жыраулар поэзиясы / Генезис, Стилистика, Поэтика/ А., 2001
IV Лекция.
Тақырыбы: Шалкиіз Тіленшіұлы мұрасы.
Жоспары:
1. Жырау өмірінен деректер.
2. Жырау өмірінің зерттелу сипаты.
3. Шалкиіз толғауларының тақырыптық өрісі.
4. Жырау толғауларының көркемдік мәні, дәстүрлік сипаты.
Тезистер:
1. Ноғайлы Ордасының ең ұлы жырауларының бірі екендігі. Ата-тегі, өскен ортасы. (Алшын ішіндегі Құяс табынан шыққандығы. Ноғайлының ұлы биі Мұсаның жиені екендігі. Жастай жетім қалып, Мұсаның тәрбиесінде болуы. Саналы ғұмырының барлығын ақсүйек шонжар әулеттерінің ортасында, Ордада өткізгендігі.
Әкесі Тіленші - әскери шонжар ортадан шыққан батыр екендігі. Шалкиіздің Ноғайлы Ордасының әміршілері Темір би, Жүсіп, Мамайлардың ақылшысы, кеңесшісі болғаны).
Шалкиіздің өскен ортасы жайында М.Тынышбаев, Вельяминов, В.В.Зернов, М.Мағауин, В.Д.Смирнов пікірлері. Ноғай Ордасында Жүсіп пен Исмайылдың билікке таласу күресінде Жүсіптің жағында болуы. Жыраудың өз өмірінің соңғы кезеңін қазақ ханы Хақназардың жанында өткізгендігі. Қолда бар дерек көздеріне сүйене отырып Шалкиіздің шамамен 1465 – 1560 жылдардың арасында өмір сүргендігі.
2. Шалкиіз жыраудың революциядан бұрын ең көп баспа бетін көрген жырау екендігі. Орыс ғалымдары мен зерттеушілерінің Шалкиіз мұрасына ең жоғары баға бергендігі. Революцияға дейін жыраудың би Темірге айтқан жырлары орыс тілінде шыққан әр түрлі жинақта, мерзімді баспасөз бетінде төрт рет жарық көруі. Ы.Алтынсарин, В.Радлов, М.Бекмухамедов, Ғ.Мұштақ, М.Османов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Е.Ысмайлов, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісалин, М.Мағауин, Қ.Сыдықов еңбектерінің мәні.
3. Шалкиіз жыраудың арнау, толғаулары. Шалкиіз жырлаған белгілі тақырыптардың қатарында, оның би Темірге арналған толғаулары жататындығы. Шалкиіздің қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы екендігі. («Асқар, асқар, асқар тау», «Елден шыққан сызашық», «Қоғалы көлдер, қом сулар» т.б.)
4. Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі – ойлылық, көркемдік, нақтылық, ойнақылық, тереңділік, аз сөзге көп мағына сиғызушылығы.
Шалкиіз поэзиясының рухынан ерлік сипатының көрінуі. Жырау толғауларында соғыс майданы, найза ұстаған жауынгерлер, қаптаған қалың қол сияқты көріністердің әсерлі берілуі. Би Темірге айтқан толғауларындағы бейнелілік, образдылық сипаттары, ұлғайған метафора, ұтымды теңеулердің қолданылуы.
Шалкиіз жырау толғауларының тіл нақыштары, нақыл сөздер, афоризмдер, егіздеу (психологиялық, синтаксистік) аллитерация мен ассонанс. Шалкиіз шығармаларында кездесетін : жәзит (рұқсат), көшілі (сұңқар), алдаспан (наркескен, өткір қылыш), күлік (жүйрік, тұлпар, сәйгүлік), асмар ету (қалдыру, тастау), сайғақ (қабірдің басына шаншылатын ағаш), жазы (дала, жазық), балаңқы (бала-шаға, осал нашар) секілді архаизмдердің қазіргі қазақ тілінде қолданылмауы.
Шалкиіз поэзиясының өзінен кейінгі поэзияға әсері (Доспамбет, Ақтамберді, Тәтіғара, Үмбетей, Бұқар, Махамбет). Жыраулық үлгідегі Шалкиіз дәстүрін ақындық поэзия өкілі Махамбеттің ақындық мақамға, үлгіге салып түрлендіруі, жаңғыртуы. (Транформация, контаминация).
Достарыңызбен бөлісу: |