Курстық жұмыстың нысаны. Зерттеу жұмысының нысаны ретінде Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі (Мұқанов С. /Сұлушаш (Роман мен повесть) – Алматы: Атамұра, 2002. -288 б.) алынды.
Зерттеу әдістері. Ғылыми материалдарды жүйелеу, әдеби-теориялық талдау жасау.
Курстық жұмыстың ғылымилығы. Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесінің әдеби-теориялық жағынан талдануы, жазушының шығармашылығына қатысты ғылыми пікірлердің жүйеленіп зерттелуі жұмыстың ғылыми сипатын танытады.
Курстық жұмыстың теориялық – практикалық маңызы. Курстық жұмыстың негізгі нәтижелерін әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің теориясы курстарында дәріс, семинар сабақтарында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың ғылыми дерек көздері.
Мұқанов С. /Сұлушаш (Роман мен повесть) – Алматы: Атамұра, 2002. -288 б.
Н. С. Исмагулова «Сəбеңнің шағын прозалық шығармалары» атты мақаласы.
Аупыбаев Ж. Балуан Шолақтың немересі. //Егеменді Қазақстан, 1999, 30 шілде.
Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы. Алматы, Мектеп, 1983 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |