Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасының поэтикасы


Балуан Шолақтың және Кененнің портреті



бет15/21
Дата18.12.2021
өлшемі79,1 Kb.
#103063
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Балуан Шолақ

Балуан Шолақтың және Кененнің портреті

Шоқының төбесінде отырған Кененнің кескіні Балуан Шолаққа жасырақ кезінде айнадан көрген өз кескіні сияқтанып кетті. Ана жылы көргенде бала пішінді Кененнің қазір сақалы да, мұрты да өскен және дәл Балуан Шолақтың сақал-мұртындай, мұрты ұзара қалыңдап, қаршығаның жазған қанатындай сапары сүйрие, иығына қарай қайырылып, сақалы иегіне шоқтала, бір тұтамдай ғана қып-қысқа боп өскен! Маңдайы да сондай кең, қасы да сондай қою, мұрны да сондай қонқақ.. Тек қана айырмасы – Балуанның жүзі – бәлкім дөңгелектеу, Кененнің жүзі бәлкім сопақтау, Балуанның қалың қабағының астына біткен көзі – бәлкім шүңіректеу және қысаңқылау, Кененнің жұқалау қабағыны астына біткен көзі – томпақтау және бадырайған үлкен, Балуаның иегі бәлкім- сүйірлеу, Кененнің иегі – жалпақтау ... 268 бет

Кейіпкерлерге мінездеме беріп, олардың типтік образын жасайды. мінез – адамның ішкі бітімі болғанда, тип – сом тұлғасы. Мінез – адамның ішкі бітімі болғанда, тип – тек қана образ жасау әрекеті. Көркем шығармашылық тәжірибеде әдеби мінездеу тәсілінің негізінен екі түрі жиі қолданылады. Олар: тура мінездеу және жанама мінездеу тәсілдері.

Тура мінездеу. Бұл атынан да аңғарылып тұрғандай, автордың өз кейіпкерінің (немесе кейіпкерлерінің) адамдық бар жақсылы-жаманды болмысын, мінез-дағдысын, кәсібін, тіпті хоббиіне дейін, бүкпесіз ашық айтуы, мінездеуі. «Балуан Шолақ» повесіндегі кейіпкерлерге берілген мінездемеге тоқталсақ:

Сары сұр, қыр мұрын, өткір қара көзді бала қолын созған Қалампырға келе қоймай, сазарып тұрып алды. 86 бет

Осы кезде ұзынша бойлы, жауырынды, бірақ белі талдырмаш, үлкендеу бота көзі ойнақшыған, жоғарғы ерні жаңа ғана түбіттене бастаған ат жақты, сары сұр әдемі жас жігіт, ор қояндай ойнақтаған жеңіл қимылмен, ептеп басып кеп, оң тізесін бүгіп Нұрмағамбетке сәлем беріп, қолын ұсынды. 117 бет.

Сүтемген бастаған ол ояздың үйіне кірсе, ұзын қара сақалын мұртына қоса, екі иығына қарай айырған, қалың қабақ, қою қас, жуан денелі, ұзын бойлы еркек; ақсары өңді, тапал бойлы, кеуделі, бұғақты, толық семіз әйел; талдырмаш бойлы, көк көзді, қарасарғылт бұйра шашты, өңі әкесі мен шешесінің сапырылған бояуынан жасалған, он бес, он алты жасар қыз; цирк директоры, - бәрі столды айнала шай ішіп отыр екен. 132 бет.

Қасына отырған қызға қараса: аршыған жұмыртқадай әппақ жүзді, мөлдір көзді, мінезі ойнақы біреу екен. 142 бет.

Парикмахер қолтоқпақтай ғана денелі, бүкіштеу, өзінен мұрны мен мұрты үлкен, кішірек шүңірек көк көзді, қулықшыл шал екен, өзі қазақшаға судай. 234 бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет