Ришта - Dracunculus meinensis - дракунулез қоздырғышы. Аналығының ұзындығы 120 см, аталығынікі 2см. Ауру тропикалық және субтропикалық климатты аймақтарда таралған, ежелде Орталық Азияда кездескен. Риштаның тіршілік циклі сулы ортамен байланысты. Риштаның соңғы иесі – адам, маймыл, үй және жабайы сүтқоректілер, құрттар терінің астында орналасады. Адамда кобінде аяқ терінінің астында, буындарының аймағында кездеседі. Дракунулез өте ежелден Орталық Африка, Аравия,Индия және т.б мемлекеттерде белгілі болған. Қазіргі кезде дракунулез зақымдалуы бөлек ошақтарда 50-83% дейін жететін Африка континентінде таралған. Сонымен бірге Индия мен Афганистанда да кездеседі. Бірінші рет дракунулезді Орталық Азияға экспедиция құрып, бірнеше зерттеулер жүргізген 1869 ж. Федченко ашқан және мынандай үлгі ұсынған:1) дефинитивті иесі-адам; 2) аралық иесі-циклоп; 3) циклоптар науқастан суға түскен личинкалармен зақымдалады; 4) адам инвазирленген циклоптарды сумен жұтқанда зақымдалады. Федченканың бұл жұмыстарына назар аударылмады, тек 1923 ж. дракунулез ошақтары бар Бухарада кеңес паразитологы Исаев Л.М. жою жолдарын анықтау үшін дракунулезді зерттей бастады. Ол бухарада паразиттің биологиясын талдап қарау, тіршілік циклін зерттейтін тропикалық институт құрды. Ол дракунулезбен күрес үшін шаралар ұсынды. (сол кезде Бухарада зақымдалу 30% болды). Орналасуы - тері асты клечаткасы және дәнекер ұлпа. Жиі аяқтың буын аймақтарындағы терісі астында. Асқазанның серозды қабығының, ми қабықтарының астында, өңеш қабырғасында табылған жағдайлар болған. Тіршілік циклі - сулы ортамен байланысты. Соңғы иелері - адам, маймыл, сүтқоректілер.Аналығы личинкаларын туу үшін терінің үстінде ойық, сосын тері өпіршігі пайда болады. Сумен әрекет жасағанда адамда қышыну пайда болғаның сезеді. Аяқты суға салғанда көпіршік жарылады да одан тірі микроскопиялық личинкалар шығады, оларды аралық иесі цилоптар жұтады. Циклоптарды жұтқан кезде инвазионды личинкалар ішекке түседі, содан кейін тері астына ауысады. Тіршілік циклі 1 жылға созылады. Инвазирленген адамдарда паразиттің дамуы синхронды жүреді-аналықтары. Бір уақытта личинкаларды тууға қабілетті, ол циклоптардың көп мөлшерін, содан кейін негізгі иелерінің зақымдалуына ықпал етеді. Патогендік әсері - есек жем (кропивница), шыдамсыз қышыну, интоксикацияның нәтижесінде ентігу, локальды қабыну реакциялары; зақымдалу аймағына жататын буындардың қызметінің бұзылуы. Личинкалар туғаннан соң барлық белгілері жоғалады. Жарылған қапшықтың ортасына-тесік одан аналықтың басы шығып тұрады. Егер паразит алынып тасталынса, жазылу тез жүреді. Екіншілік инфекциялар қатерлі - патагенді микробтардың енуі, жараның инфицирленуі абцесстерді, флегмоналарды, гангреналарды, артриттерді шақырады. Диагностикасы - жергілікті белгілер пайда болғанна кейін ғана қойылады., тері астында рельефті бейнеленуі. Емі - эффективті - паразитті басынан ұстау белгілі бір қарсылықты сезгенше таяқшаға орау. Келесі күні тағы да тартады, паразитті толық алып тастамайынша. Профилактикасы - Исаевпен ұсынылған шаралар. 1)Науқастарды табу және емдеу. 2)Циклоптарды жою, су қоймаларын инвазиядан (личинкалардан) тазалау, суды ауыстыру. 3)Тұрғындарды риштаға қарсы шаралармен таныстыру, жалпы және жеке алдын алу, ішуге тек қайнатылған суды пайдалану, жеміс-жидектерді жуу.
Бұл гельминттердің бірінші орналасу орны адамның ішегі, одан кейін ішек қабырғаларымен қанға енеді.