Сецерненттер класс тармағы Острица, трихинелла, риштаның тіршілік кезеңдері мен дамуындағы, көбеюіндегі, құрылысындағы ерекшеліктері



бет1/4
Дата26.11.2022
өлшемі53,5 Kb.
#159914
  1   2   3   4
Байланысты:
THOZKOLVLRAG23112022223225


Ф -ӘД-001/046
Сецерненттер класс тармағы
Острица, трихинелла, риштаның тіршілік кезеңдері мен дамуындағы, көбеюіндегі, құрылысындағы ерекшеліктері
Дәрістің жоспары:
1.Острица, трихинелла, риштаның тіршілік кезеңдері мен дамуындағы, көбеюіндегі, құрылысындағы ерекшеліктері.
2. Острица, трихинелла, риштаның қоздырғыштарының берілуі механизмі.
3.Гельминтоздардың эпидемиологиясы мен профилактикасы.
Дәрістің мақсаты: Магистранттарға балалар острицасы, трихинелла, риштаның тіршілік кезеңдері мен дамуындағы, көбеюіндегі, құрылысындағы ерекшеліктері, қоздырғыштарының берілуі механизмі, гельминтоздардың эпидемиологиясы мен профилактикасымен таныстыру.
Дәрістің мазмұны:
Балалар острицасы Enterobius vermicularis- энтеробиоза қоздырғышы. Энтеробиоз-пероральды контагиозды созылмалы жүретін гельминтиоз, көбінесе балаларда таралған. Морфологиясы: ұсақ құрттар,аналықтары 12 мм-ге дейін. Аталықтары спиральды иілген 5мм-ге дейін. Жұмыртқалары сопақша, ассиметриялы, түссіз. Острица ащы ішектің төменгі бөлігінде және тоқ ішектің жоғары бөлігінде патазиттейді. Острицаның аналықтары терінің перианальды жұмыртқаларында жұмыртқа слсды да одан кейін өледі. Оларда тез (4-6 сағ. кейін) толық личинкалар дамиды және инвазиялы болады. Острицалардың паразиттеуі балалар ағзасына біртекті патологиялық әсер етеді Олардың әсерінің негізгі ерекшелігі олар, арнайы емес иммунитетті басып, екіншілік иммунодефицитті жағдайды тудырып, әртүрлі соматикалық инвекциялы және басқа да, аурулардың жиі туындауына әсер етеді. Острицамен инвазирленген балалар, мысалы күнделікті тұрмыс жағдайында қарым-қатынаста дизентериямен ауырады. Берілу сипаты 2-3,5 есе жиі сауларға қарағанда. Дизентериямен ауыратын науқастарда бірге болатын энтериобиозбен бірге ағзаның айқындалған интоксикациясын және тоқ ішектің терең өзгерістерін куәлайтын белгілер жиі кездеседі.Аурдың белгісі құсқысы келу, құсу, бас ауруы, жалпы әлсіздік, дененің жоғары температурасы, гипотония, іштің қатты түйнеп ауруы, дәреттің жиі болуы, нәжісте патологиялық қоспалардың болуы байқалады.
Энтериозбен ауыратын науқастардың басқа ауруларға оның ішінде ішек инвекциасы қарсылығын төмендететін басқа бір себебі острицамен инвазиясы нәтижесінде бактериоцидті әсері бар асқазан сөлінің қышқылдығы және асқазан секрециясының интенсивтілігінің төмендеуі. Бұл инвазия үшін заңды болып гипоацидты жағдайлар және он екі елі ішектің жарасымен қосылғанда, әсіресе айқын мінез алатын асқазанның эскреторлы қызметінің төмендеуі. Онда басқа аурулар қоздырғышына антогонистік қасиет көрсететін ішек микрофлорасының өзгерістері саулармен салыстырғанда 4 есе жи кездеседі. Қорыта айтсақ бала ағзасында острицалардың болуы профилактикалық егудің эффектілігін төмендетеді. Энтериобиозбен гименолепидоздың берілу механизмдері мен қозғыштардың даму циклінің кейбір ерекшеліктері острицамен кермек цепенінің ара-қатынасының симбиотикалық мінезін білдіреді. Инвазирленген ағзаның резистентілігін төмендетіп, энтериобиоз гименолепидозды қабылдауды жоғарлатады және оның таралуына мүмкіндік жасайды. Баларда острицалардың паразиттеуінің біршама негатиті салдары олардың иесінің ағзасына механикалық әсерімен байланысты.Қыз балаларда вульвогониттердің пайда болуында острицалардың рөлі дәлелденген. Острицалар балардың дамуына, жүріс тұрысына және ой санасына теріс әсер етеді. Соңғы жылдары 78,77 науқас барларда дамудың аз аномалияларының (ауытқулары) (7 ден көп) жоғары саны анықталады, ал сау бала үшін максимальды рұқсат етілетін саны 5-7 ден аспауы керек. Оларға жоғарғы қозғыштық, аңқаулық, оқу үлгерімінің төмендеуі, есте сақтаудың төмендеуі байқалады, зиянды әдеттер қалыптасады, дененің массасымен өсуі тоқтайды, сабаққа дайындалу уақыты ұзарады. Сонымен бірге паразитарлы инвазиялар оның ішінде острицалармен, аз дегенде 2 қатар себептердің күші (тік және жанама түрдегі) білу процестерін біршама нашарлатуы мүмкін. Соңғысына сонымен бірге нашар (жеткіліксіз) тамақтану қолайсыз әсер етеді. Бар жоғары айтылғандардың бәрі энтеробиоздың жеке және жалпы алдын алу шараларының күшеюін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет