Жерді мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттерге алғанда, азаматтардың тұрғын үйін бұзуға қандай орган рұқсат етеді?
Жерді мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттерге алуға байланысты, азаматтардың өзіндік меншігіндегі тұрғын үйлерін бұзу халық депутаттары қалалық, облыстық Советтері атқару комитеттсрінің шешімімен ғана рұксат етіледі. Бұл аталған Советтердің атқару комитеттеріне жаңа құрылыс жургізілуінс байланысты үйлерді себепсіз бұзбау-бақша тапсырылған.
Жерді мемлекеттік немесе қоғамдық кажеттерге алғанда азаматтардың бұзылатын тұрғын үйлерінің, құрылыстарының және қора-жайларының, жеміс-жидек ағаштарының және егіндерінің бағасын қандай орган белгілейді?
Жерді мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттерге алғанда азаматтардың бұзылатын тұрғын үйлерінің, құрылыстарының және қора-жайларының жеміс-жидек ағаштарының және егіндерінің бағасын халық депутаттарының аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Советтерінің атқару комитеттері құраған комиссия белгілейді. Комиссияның құрамына халық депутаттарының аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Кеңестерінен атқару комитсттерінің мүшесі (төраға), атқару комитеттің қаржы және үй шаруашылығы бөлімдерінің өкілдері, жерді пайдалану және корғау жөніндегі мемлекеттік аудандық нұсқаушы, халық депутаттарының селолық (поселкелік) Кеңестің өкілі, жер иесі және жерді алушы кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның қызметкері немесе ұйымның өкілі, сондай-ақ халық депутаттарының аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, Кеңесі аткару комитетінің ұйғарымы бойынша басқа да органдардың өкілдері кіреді.
Комиссияның шешімін халық депутаттары аудандық, қалалық аудандық Кеңестерінің атқару комитеттері бекітеді.
Жерді мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттерге алғанда азаматтардың тұрғын үйлерінің, құрылыстарының және қора-жайларының, жеміс-жидек ағаштарының және егіндерінің бағасын қалай белгілейді?
Аталған жағдайларда азаматтардың тұрғын үйлерінің, құрылыстарының және қора-жайларының бағасын СССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 2 қазанда215, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 14 желтоқсанда 216 «Азаматтардың иелігіндсгі мүліктерді мемлекеттік міндетті сақтандыру туралы» СССР Жоғарғы Кеңесі Төралқаының 1981 жылғы 2 қазандағы жарлығы мен СССР Министрлер Кеңесінін 1981 жылғы 2 қазандағы қаулысын жүзеге асыру туралы» қаулылары мен бекітілгсн бағалау нормалары жсміс-жидек ағаштарының бағасын Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1962 жылғы 7 тамыздағы қаулысымен217 бекітілген тәртіп бойынша белгіленеді.
Азаматтардың тұрғын үйлерінің, құрылыстарының және қора-жайларын бағалау нормалары қандай және онда қандай жағдайларды еске алады?
Азаматтардың тұрғын үйлерінің, құрылыстарының және қора-жайларын бағалау мемлекеттік сақтандыру бағаларының нормалары бойынша іске асырылады. Қазақ ССР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі мен Қазақ ССР Қаржы министрлігі, азаматтардың құрылыстарын мемлекеттік міндетті сақтандыру жолымен бағалау үшін аудандар мен қалаларды аймақтар бойынша топтастырып бағалау нормаларын тәртіппен белгілеп, облыстық атқару комитеттері мен Алматы қалалық атқару комитетіне берген. Облыстық атқару комитеттері мен Алматы қалалық атқару комитеті жаңа бағалау нормаларын 1982 жылы бекіткен.
СССР Министрлер Кеңесінің «Азаматтардың иелігіндегі мүлікті мемлекеттік міндетті сақтандыру туралы» 1981 жылғы 2 қазандағы қаулысы ескеріліп, азаматтардың құрылыстарын мемлекеттік сақтандыру бо¬йынша бағалау үшін мыналарды еске алады:
Мемлекеттік сақтандыру мақсатында құрылыстардың құнын есептеу (бағалау), олардың тозуын есепке ала отырып бағалайды.
Құрылыстарды бағалау нормаларын ауылдық жерде мемлекеттік сақтандыру органдары әзірлейді, ал қалалық жерде құрылыс материалдарының мемлекеттік бөлшек сауда бағаларына, оларды тасымалдау тарифтері мен құрылыста істейтін қызметкерлердің еңбек ақы мөлшерін қоса есептеп, сол жерлер үшін жобалы құрылыстарға арналған бағалау нормасын коммуналдық шаруашылық органдары әзірлейді.
Құрылыстарды ауылдық жерде – мемлекеттік сақтандыру органдары, ал қалалық жерде – коммуналдық шаруашылық органдары бағалайды.
Бағалау құрылыс иесінін немесе оның отбасындағы (колхозшы ауласының) кәмелетке толған мүшесінің міндетті турде қатысуымен және олардан басқа халық депутаттарының поселкелік немесе ауылдық Кеңес өкілінің қатысуымен жургізіледі және оны тиісті атқару комитеті бекітеді.
Азаматтардың пайдалануындағы жерді мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттерге алғанда ондағы жеміс-жидек өнімдерінің және егіндерінің бағасы қалай белгіленеді?
Бұл жағдайда жеміс-жидек өнімдерінің және егіндерінің бағасы, Қазақ ССР Министрлер Совсті 1962 жылы 7 тамызда қабылдаған «Мемлекеттік жәнс қоғамдық қажеттіктер үшін жер алғанда, сондай-ак Қазақ ССР-і калаларыпда және қала типтік поселкелерінде үй іргесіндегі жерлердің артығын алғанда, жеміс-жидек өнімдерінің және егіндерінің бағасын белгілеу туралы нұсқаумен»218 реттеледі.
Жсміс-жидек өсімдіктсрінің құнын бағалау үшін облыстар 4 аймаққа белінгсн219.
Бірінші аймақ – Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстары.
Екінші аймақ – Шығыс Қазақстан және Семей облыстары.
Үшінші аймақ – Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды (Балқаш ауданы) және Орал облысы.
Тертінші аймақ – Целиноград облысы және Қарағанды облысының Балқаш ауданы.
Мұхитдинов Нәжметдин
Таңдамалы еңбектері. 8 т.
Қоршаған ортаны қорғау және ауылшаруашылығын дамыту мәселесіне.
Басылуға ҚР Ғылыми-зерттеу және құқықтық экспертиза орталығымен бекітілген
Редакторы Ж.М.Нұрғожина
_____________________________________________________________________
11.01.2012 басуға қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16
Офсеттік басылым. 15 шартты баспа табағы. Таралымы 200 дана.
Кітап ЖШС «Нурай Принт Сервис» баспаханасында басылды
Мекен-жайы: ҚР, Алматы қ., Мұратбаев көшесі, 75 үй
Тел. (8-727) 234-17-02, 253-77-40
Достарыңызбен бөлісу: |