Ортақ меншіктегі тұрғын үйді пайдалану тәртібі қандай?
Тұрғын үйді ортақ меншікте пайдаланушылар үйдегі әрқайсысының, үлес мөлшеріне қарамастан, осы үйдің жайларын (пәтерлерін, бөлмелерін) пайдалану тәртібін өзара келісіп белгілеуге тиісті. Егер үйдің оңаша жайларын пайдалану құқығы туралы келісімді, меншік иелері өздерінің үлестеріне сәйкес жасаса, бұл келісім нотариалдық жолмен куәландырылса және халық депутаттарының жергілікті Кеңесінде тіркелсе, онда бұл келісім осы үйге меншік құқығынан кейіннен үлес алған адамдарға да міндетті.
Егер тұрғын үйге ортақ меншікке қатысушы өзге катысушылардың ризалығымен және занда белгіленген тәртіп бойынша өз есебінен жалғама, қондырма құрылыстар салу және қайта салу жолымеп пайдалы тұрғын жай көлемн кенейткен болса, үйді ортақ меншіктенуге қатысушылардың үлесі және оның ішіндегі жайларды пайдалану тәртібі тиісінше өзгертілуге жатады.
Ортақ меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүліктен өзінің енші үлесін бөліп беруді талап етуге құқылы. Егер енші үлесудің тәсілі жөнінде келісімге келмесе, онда заттай бөлу мүліктің шаруашылық мақ-сатына шамадан тыс залал кслтірілмейтін болғандыктан, ортак меншіктегі мүлік сот шешімі бойынша заттай бө-лінеді, бұлай болған ретте бөлінетін меншіктің иесі ақ-шалай төлем (компенсация) алады.
Ортақ меншікке қатысушылардың құқықлары мен міндеттері қандай?
Ортақ меншікті иелену, пайдалану және билеу барлық қатысушыларының ризалығы бойынша жүргізіледі. Пікір алмақтығы болған ретте иелену, пайдалану және билеу тәртібі қатысушылардың қай-қайсысының да талап етуі бойынша сот арқылы белгіленеді. Меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлік салықтарын, алымдарын және төлемдерін, сондай-ақ бұл мүліктерді басқару және құтіп ұстау шығындарын төлеуге өз үлесіне шамалас мөлшерде қатысуға міндетті.
Ортақ үлесті сатып алуда артықшылық құқығы бар ма?
Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексінің 122-бабына сәйкес ортақ меншіктегі затты отбасы мүшелерінің бірі бөгде жаққа сатқан құнде, ортақ мсншікке қатысушылардың қалғандарына үлес, көпшілікке хабарлап сатылатын реттерді қоспағанда, сатылатын үлесті сатылатын бағасы бойынша сатып алуға артықшылық құқық беріледі. Үлесін сатушы өзінің үлесім бөгде жаққа сататын ниеті туралы, ортақ үлес меншігіне қаты-сушылардың қалғандарына сататын бағасын көрсете отырып жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Егер меншікке қатысушылардың қалғандары оны өздері сатып алу туралы артықшылық құқығын пайдаланудан бас тартса немесе бұл құқықты құрылыс жөнінде бір айдың ішінде, ал басқа мүлік жөнінде хабарлаған күннен бастап он күннін ішінде пайдаланбаса, сатушы өзінің үлесін қай жаққа болса да сатуға құқылы. Үлесті сатып алудағы артықшылық құқығы заңсыз бұзылып, сатылған күнде үлеске қатысушылардың қалғандары құқықлары мен міндеттерін өздеріне қайтарып беруді талап етіп, сотқа арыз бере алады. Жасалған сауда келісімі туралы ортақ меншікке қатысушылар естіген немесе білуге тиіс мерзімді уақыттан бастан құрылыс жөнінде бір ай, басқа мүлік жөнінде он құн өткеннен кейін мұндай талаппен сотқа арыз беруге болмайды.
Мемлекет пен азаматтардың және кооперативтік немесе басқа қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың ортақ меншігі болуы мүмкін бе?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша азаматтар мен мемлекеттің, азаматтар мен колхоздардың немесе өзге кооперативтік және басқа қоғамдық ұйымдардың мүлкіне ортақ меншік болуына рұқсат етілмейді. Ортақ меншік пайда болған реттерде бұл пайда болған құннен бастап, бір жылдың ішінде мына төмендегі тәсілдердің берілуімен жойылуы тиіс:
– мүлікті заттай бөлу жолымен, егер осылай бөлу мүмкін болса;
– азаматтарға тиесілі үлестерді мемлекеттің, колхоздың, өзге кооперативтік немесе басқа қоғамдық ұйымның сатып алу жолымен;
– мемлекетке, колхозға, өзге кооперативтік және басқа қоғамдық ұйымға тиесілі үлестерді азаматтарға сату жолымен;
– ортақ мүлікті сатып, одан түскен қаржыны ортақ меншікке қатысушыларға, олардың үлестеріне сәйкес бөліп беру жолымен, көрсетілген тәсілдердің біреуін таңдап алу азаматтардың тиісті мемлекеттік органмен, колхозбен, өзге кооперативтік немесе басқа қоғамдық ұйыммен жасаскан келісімі бойынша белгіленеді, ал мұндай келісім болмаған күнде – сот арқылы шешіледі.
Мемлекет пен азаматтардың ерекше бағалы мүлік жөніндегі ортақ меншігі әрбір жеке ретте Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде азаматтарға тиесілі үлестерді мемлекеттің сатып алуы жолымен жойылуы мүмкін.
Мемлекеттің, колхоздың, өзге кооперативтік немесе басқа қоғамдық ұйымның тұрғын үй жөніндегі ортақ меншіктегі үлесін сатқан құнде, сатып алудағы артықшылық құқығына үйдің тиісті бөлігін жалға алып тұратындар, ал олар сатып алудан бас тартқан құнде – азаматтардың өзіндік меншігінде болуға рұқсат етілген, тұрғын үйдің белгіленген шекті мөлшерін сақтай отырып, ортақ меншікке қатысушылардың калғандары ие болады. Үлесті сатып алуға байланысты даулар сот арқылы шешіледі.
Меншік құқығының пайда болу тәртібі қандай?
Егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмегсн болса, мүлікті шарт бойынша алушының меншік құқығы сол затты қолға алған кезден бастап пайда болады. Егер затты иеліктен шығару туралы шарт тіркелуге тиіс болса, меншіктену құқығы да сол шарт тіркелген кезден бастап пайда болады. Заттардың алушыға тапсырылуы, сол сияқты жеткізіп беруге міндсттенбей, иеліктсн шығарылған заттарды алушыға жөнелту үшін тасымалдау (көлік) мекемесіне өткізілуі немесе заттарды алушыға жіберу үшін поштаға өткізілуі – сол заттардың берілгендігі болып танылады.
Меншік құқығынын пайда болу тәртібінің жағдайлары Қазақ ССР-ның Азаматтық кодексінің 127, 128, 129-баптарында көрсетілген.
Мысалы, егер заңда немесе меншік иесінің өзге жақпен жасасқан шартында басқаша белгіленбесе, жемістер, малдың төлі, заттың келтіретін табыстары заттың меншік иесіне тиесілі болады.
Құрылыс жөніндегі меншік құқығының пайда болу тәртібі қандай?
Қазақ ССР-нің Азаматтық кодексінің 132-бабына сәйкес қалаларда және жұмысшы поселкелерінде салынған үйді меншіктену құқығы, халық депутаттарының жергілікті Кеңесінің атқару комитеті жер телiмiн бсл-гіленген тәртіп бойынша бөліп бергенде және құрылыс жергілікті Кеңестің коммуналдық шаруашылық органында тіркелгеннен кейін, ал ауылдық жерде белгіленген тәртіп бойынша жер учаскесін бөліп бергенде, салынған үйді ауылдық (ауылдық) Советтің атқару комитеті тіркегенде ғана пайда болады.
Бір немесе бірнеше азамат тұрғызған құрылысты халық депутаттарының аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Советі атқару комитетінің алдын ала берген рұқсатынсыз құрылыс аяқталғанға және тіркелгенге дейін шығарып, басқа жаққа беругс болмайды.
Бау-бақша телімдерінде 1985 жылғы 1 қаңтардан кейін тұрғызылып, құрылысы аяқталған жаздық бау-бақша үйлері, өз жерінде бау-бақша өсіру серіктестіктері бар халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңестерінің атқару комитеттерінде құрылған қабылдау комиссияларының, осы Кеңестердің атқару комитеті бскітксн актысы бойынша құрылыс меншігі болып саналады.
Үйге ұқыпсыз қараудың салдары кандай?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша егер меншік иесі өзіне тиесілі үйді ұқыпсыз ұстаса, үйдің құлауына жол берсе, онда халық депутаттарының жергілікті Советінің атқару комитеті меншік иесіне алдын ала ескертеді және үйді жөндеуге мөлшерлі мерзім тағайындайды.
Егер меншік иесі жөндеу жұмыстарын көрсетілгсн мерзімнің ішінде аяқтамаса халық депутаттары жергілікті Кеңесі атқару комитстінің талабы бойынша, сот ұқыпсыз ұсталған үйді меншік иесінен алып, оны халық депутаттарының жергілікті Совстінің қорына тегін өткізсалады.
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу тәртібі қалай?
Қолданылып жүрген заң бойынша министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, халық депутаттары жергілікті Кеңестердің атқару комитеттері қарамағындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ басқа да азаматтардың әрқайсысы тұрғын үйді (үйдің бір бөлігін) салып меншіктенуге, қора-жайлары бар жеке тұрғын үйлерді (көп пәтерлі үйлерді қоса), отбасы қажетіне қарай ұлғайтуды қамта-масыз етуге құқылы. Тұрғын үйлерді салғанда, әдетте, заводта жасалған темір конструкциялы жабдықтарды және жергілікті құрылыс материалдарын пайдалана отырып, үлгі жобалар бойынша жүргізу қажет.
Қазақ ССР-інің қалалары мен жұмысшы посслкелерінде қора-жайлары бар жеке тұрғын үйлер (қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мұндай құрылысқа тыйым салынған елді мекендерден басқа) салуды мемлекеттік мердігер құрылыс ұйымдары мен әрбір отбасы мүшелерінің өздері, ал ауылдық жерде – мемлекеттік және колхозаралық мердігер құрылысшылардың өздері елді мекендерді жоспарлап, құрылыстарды жобаларына сәйкес салады.
Өзіндік меншік тұрғын үйлерді кімдер салады?
Қазақ ССР-інің қалалары мсн жұмысшы поселкелерінде қора-жайлары бар меншікті тұрғын, үйлерді (қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, мұндай құрылыска тыйым салынған елді мекендерден басқа) салуды мемлекеттік мердігер құрылыс ұйымдары мен үй салушылардың өздері, ал ауылдық жерде — мемлекеттік және колхозаралық мердігер құрылыс ұйымдары мен үй салушылардың өздері салу жобаларына сәйкес жүзеге асырады.
Жеке үй салушыларды үлгі жобалармен және материалдармен қай мекемелер қамтамасыз етеді?
Жеке тұрғын үй салушылардың қажеттерін ескере отырып, қора-жайлары бар жеке тұрғын үйлердің әртүрлі үлгі жобаларын әзірлеуді, Қазақ ССР Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті қамтамасыз етеді. Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері құрылыс салушыларды қажетті үлгі жобалармен қамтамасыз етуде көмек көрсетіп отыруға тиіс. Облыстық атқару комитеттері жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жоспарлау мен салу жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Қазақ ССР Қаржы министрлігі аталған жобаларды пайдалануда жұмсалатын шығындарды ескеріп, жергілікті орындарды қаржыландыру мәселесін белгіленген тәртіп бойынша шешеді. Қазақ ССР Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жобалау ұйымдарының жұмыс жоспарларында жеке тұрғын үйлер салуға арналған жобалау-смета құжаттарын құрылыс салушылармен жа-салған шарттар бойынша әзірлейді.
Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті, Қазақ ССР-інің министрліктері мен ведомстволары, облыстық атқару комитеттері мен Алматы қалалық атқару комитеті экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларында, жеке тұрғын үйлер салуға қажетті құрылыс және әрлеу материалдарын, санитарлық-техникалық жабдықтар мен басқа да бұйымдар өндіруді ұлғайтуды, оларды бөлшек сауда жүйесі арқылы халыққа сату үшін сауда ұйымдарына беріп тұруды көздеуі қажет.
Қазақ ССР Сауда министрлігі қора-жайлары бар жеке тұрғын үйлер салуды қамтамасыз ету үшін стандартты ағаш үйлсрдің жинақтамаларына, қабырғалары жергілікті құрылыс материалдарынан жасалған уйлердің бөлшектеріне, сондай-ақ санитарлық-техникалық жабдықтарға, ағаш пен темірден жасалған қажетті бұйымдарға, басқа да құрылыс және әрлеу материалдарын сататын орындарын, Қазақ ССР Мемлекеттік аграрлық-өнеркәсіптік материалдық-техникалық жабдықтау жүйесі мен Қазақ ССР Тұтынушылар кооперациясының мекемелері арқылы жабдықтап отырады.
Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар үй салушылардың құрылыс материалдары мен қажетті бөлшектерін сатып алуына және тасып алуларына көмек көрсетіп отыруы кереқ Қолданылып жүрген шарттар бойынша құрылыс салушылар тасымалдау қызметіне ақы төлейді.
Қора-жайлары бар жеке үй салуды жобалау және іздестіру жұмыстарының қандай үлгі шарттары бар?
Қора-жайлары бар жеке тұрғын үй салуда жобалау және іздестіру жұмыстарын орындауға арналған Үлгі шарт және қора-жайлары бар жеке тұрғын үй салуға арналған Үлгі шарт Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Бұл Үлгі шарттарда үй салуға тапсырыс беруші мен мердігердің құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген. Сондықтан осы Үлгі шарттар нұсқасы оқырмандарға ұсынылады.
Қора-жайлары бар жеке тұрғын үй салу жөніндегі жобалау және іздестіру жұмыстарын орындауға арналған
Үлгі шарт
198 жыл
Бұдан былай «Тапсырыс беруші» деп аталатын жеке-дара тұрғын үй салушы ______________________және бұдан былай «Мердігер» деп аталатын жобалау ұйымы ____________________ _______________________________
Атынан әрекет етуші_________________________________________
өзара мынадай шарт жасасты.
Тапсырыс берушi өткiзедi, ал мердiгер мына мекен-жай бойынша
шарт жасасқаннан кейін _________________________________________
ай ішінде қора-жайлары бар жеке тұрғын үй салуға арналған іздестіру және жобалау жұмыстарын «жұмыс жобасы» сатысында орындауға қабылдап алады.
Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарын осы шартпен көзделген көлем мен құн шеңберіңде орындауға және қора-жайлары бар жеке тұрғын үй салуға арналған дайын жобалау-смета құжаттарын белгіленген тәртіп бойынша қолдануға рұқсат етілген жобалар бойынша, осы шартпен белгіленген мерзімдерде жинақты түрде және тиісті сапада тапсырыс берушіге табыс етуге міндеттеледі.
Тапсырыс беруші жобалауды жүзеге асыратын ұйымның банк бөлімшесіндегі есеп айырысу шотына осы шартпен көзделген жұмыстардың құны мөлшеріндегі қаржыны
19 8____ «____ «_____________________________________________
кешіктірмсй аударуға міндеттенеді.
Осыған қосылған сметаларға сәйкес жобалау құжаттарының жалпы құны осы шарт бойынша ___________________________________________
_______ болып белгіленеді.
Осы шартты орындау кезінде тапсырыс беруші мен мердігер Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындауға арналған шарттар туралы ережелерді және осы шартқа қосылған ерекше уағдаластықты басшылыққа алады.
Мердігердің есеп айырысу шоты__________________________________
Шарт жасаушы екі жақтың мекен-жайлары:
Тапсырыс берушінің____________________________________________
Мердігердің____________________________________________________
Осы шарт екі данада: екі жақтың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалады. Қосымшалар:
Тапсырыс беруші_______________________________________________
Мөр
Мердігер_____________________________________________________
Қора-жайлары бар жеке тұрғын үй салуға арналған
ҮЛГІ ШАРТ
« » _____198 жыл
Бұдан былай «Тапсырыс беруші» деп аталатын жеке тұр-ғын үй салушы
және бұдан былай «Мердігер» деп аталатын ұйым__________________
атынан әрекет етуші____________________________________________
құрылысын салуға өзара мынадай шарт жасасты.
Тапсырыс беруші өткізеді, ал мердігер мына мекен-жай бойынша___________қора-жайлары бар тұрғын үй салу жөніндегі жұмыстарды шарт жасасқаннан кейін_____________________________
ай ішінде орындауға қабылдап алады.
Мердігер осы шартпен көзделген құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген тәртіпке орай келісіліп, бекітілген жоба бойынша орындауға, нысанды тиісті сапада және пайдалануға әзір құйінде уақтылы табыс етуге міндеттенеді.
Нысанның құрылысына қажетті материалдарымен қамтамасыз етуге____________________________________________________________
міндетті болып табылады.
Осы шарт бойынша мердігерге жүктелетін барлық жұмыстардың құны осыған қосылған сметаға сәйкес____________________________________сом болып белгіленеді.
Тапсырыс беруші осы шартпен көзделген жұмыстардың сметалық құны мөлшеріндегі қаржыны, мердігерге өзі беретін материалдардың құнын шығарып тастап, мердігердің банк бөлімшесіндегі есеп айырысу шотына
198___жылдың «___ «________________________________________
кешіктірмей аударуға міндеттенеді.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясы сапасыз орындалған жұмыстардың бетін ашқан жағдайда мердігер атқарылған жұмыстардағы ксмістіктерді 10 құн мерзім ішінде өз есебінен жойып, ақауларды түзеуге міндетті.
Осы шартты орындау кезінде екі жақ жеке тұрғын үй салуды жүзеге асырудың қолданылып жүрген тәртібін және осы шартқа қосылған ерекше уағдаластықты басшылыкқа алады.
Мердігердің есеп айырысу шоты__________________________________
Шарт жасасушы екі жақтың мекен-жайлары:
Тапсырыс берушінің___________________________________________
Мердігердің_________________________________________________
Осы шарт екі данада: екі жақтың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалды.
Қосымшалар:
Тапсырыс беруші_____________
мөр
Мердігер____________________
Бау-бақша телімдерінде тұрғызылып, құрылысы аяқталған жаздық бау-бақша үйлері мен шаруашылық құрылыстарын пайдалануға қабылдау ережелері қандай?
Бұл ережелер Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1985 жылғы 23 мамырдағы қаулысымен бекітілген.
Бау-бақша телімдеріндс 1985 жылғы 1 қаңтардан кейін тұрғызылып, құрылысы аяқталған жаздық бау-бақша үйлері мен шаруашылық құрылыстарын пайдалануға қабылдауды, аумағында бау-бақша өсіру серіктестіктері бар халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңестердің атқару комитеттері құратын қабылдау комиссиялары, серіктестік басқармасының жазбаша өтініші негізінде жүргізеді.
Қабылдау комиссиясының құрамына аудандық немесе қалалық архитектор (немесе халық депутаттары Советі атқару комитетінің басқа жауапты адамы) – комиссияның төрағасы болады. Ал мүшелеріне: бау-бақша өсіру серіктестігі ұйымдастырылған кәсіпорын (мекеме, ұйым) әкімшілігінің, кәсіподақ комитетінің, санитарлық және өрттен қорғау органдарының, жаздық бау-бақша үйі мен шаруашылық құрылыстар мердігерлік әдіспен салынған ретте — мердігердің мекеме өкілдері, бау-бақша өсіру серіктестігі басқармасының мүшесі және құрылысты салушы енгізіледі.
Бау-бақша өсіру серіктестігнің басқармасы аталған комиссияға мынадай құжаттарды көрсетеді:
— ұжымдық бау-бақша шаруашылығы үшін кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға жер телiмiн беру туралы тиісті органның шешімін;
— құрылыс салушыға жер учаскесін бөлу туралы кәсіпорын, мекеме, ұйым әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің шешімін;
— ұжымдық бау-бақшады серіктестігін ұйымдастырудың және оның өз аумағында құрылыс салудың халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңесінің атқару комитеті бекіткен жобасын;
— жаздык бау-бақша үйі мен шаруашылық құрылыстарының архитектура органдарымен келісілген үлгі жобасын немесе эскизін.
Егер жаздық бау-бақша үйі мен шаруашылық құрылыстарын салуды мердігер құрылыс ұйымы жүзеге асырса, онда бау-бақша өсіру серіктестігінің басқармасы, мердігер мек-мемен бірге құрылыс нормаларына және ережелеріне сай белгіленген техникалық құжаттарын табыс етеді.
Қабылдау комиссиясы тағайындалғаннан кейін он күн мерзім ішінде жаздық бау-бақша үйі мен шаруашылық құрылыстарын қалыпты пайдалануға әзірлеп, ал олар мердігерлік әдіспен тұрғызылған ретте – орындалған жұ-мыстардың жобаға, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін тексеруге міндетті.
Жаздық бау-бақша үйі мен шаруашылық құрылыстарын қабылдау комиссияның барлық мүшелері қол қойған 5 дана актімен ресімделеді, олар өз аумағында бау-бақша өсіру серіктестігі орналасқан халық депутаттарының аудандық, калалық Кеңесінің атқару комитетіне, бау-бақша өсіру серіктестігінің басқармасы мен құрылысты салушыға, ал нысандар мердігерлік әдіспен салынған ретте – мердігерге және мекемені қаржыландыратын банкіге беріледі.
Комиссия мүшелері қол қойған құннен бастап бір апта мерзім ішінде халық депутаттары Кеңесінің атқару комитеті актіні бекітіп, мөрмен растайды.
Аталған актіге комиссияның барлық мүшелері қол қойған күн – жаздық бау-бақша үйі мен шаруашылығына қажетті құрылыстардың пайдалануға қабылданған күні болып саналады.
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің «СССР Министрлер Кеңесінің «Ұжымдық бау-бақша шаруашылығын ұйымдастыруды тәртіпке келтіру туралы» 1984 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысын жүзеге асыру туралы» 1985 жылғы 17 қаңтардағы қаулысының (Қазақ ССР, 1985 ж., № 4, ст. 9) 6-тармағында көзделген нормалардан немесе ССР Одағы мен Қазақ ССР-інің құры¬лыс басталар алдында қолданылып келген заңдарымен көзделген нормалардан ауытқып тұрғызылған жаздық бау-бақша үйлері мен оның шаруашылық құрылыстары пайдалануға қабылданбайды.
Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары қандай жағдайларда өз қызметкерлеріне тұрғын үйлер салады?
Совхоз және басқа мемлексттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары ауыл-шаруашылығы қызмсткерлсрі үшін қора-жайлары бар тұрғын үйлер салуды осы шаруашылықтардың поселкелерінде, ал Тұтынушылар кооперациясының ұйымдары өз қызметкерлері үшін тұрғын үйді салуда мынадай жағдайларды жүзеге асырады:
а) салынатын құрылыс құны мемлекеттік тұрғын үй құрылысының сметалық құнын анықтау үшін белгіленген тәртіп, бағалар мен нормалар бойынша есептеледі;
б) қызметкерлер жұмсалған қаржылардың бастапқы жарнасын қора-жайлары бар тұрғын үй құрылысының сметалық құнының 20 проценті мөлшерінде төлейді;
Халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері, совхоздардың және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен колхоздардың, сондай-ақ тұтыну кооперациясы ұйымдарының қызметкерлері үшін қора-жайлары бар жеке тұрғын үйлер салуда осы жұмыстарға қажетті ағаш қорын және құрылыс материалдарын белгіленген тәртіп бойынша белу жолымен көмек көрсетіп отырады.
Тұрғын үйлер салғанда тапсырыс беру міндетін кімдер атқарады?
Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы мен кооперация қызметкерлері және басқа да азаматтар үшін тұрғын үйлерді жобалап, мердігерлік әдіспен салған жағдайларда, тапсырыс берушінің міндетін әдетте, колхоздар, совхоздар және басқа мсмлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары, сондай-ақ Тұтынушылар кооперациясының ұйымдары, ал қалалар мен жұмысшы поселкелерде тұратын және жұмыс істейтін жұмысшылар, қызметшілер мен басқа да азаматтар үшін – тиісті кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар немесе халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері жүзеге асырады.
Тұрғын үй салушыларға материалдар қандай бағамен сатылады?
Министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, халық депутаттары жсргілікті Кеңестерінің, атқару комитеттері, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, жеке тұрғын үйлер салушы өз қызметкерлеріне-құрылыс және әрлеу материалдарын, аспаптарды, ағаш пен темірден жасалған бұйымдарды, стандартты ағаш үйлердің жекелеген бөлшектері мсн комплекстерін, егер белгіленген болса, бөлшек сауда бағалары – бойынша көрсетілген тәртіппен сатуды- ұйымдастырады.
Қора-жайлары бар тұрғын үйлер салуды – тікелей ағаш өнеркәсібі шаруашылықтары мен орман шаруашылықтары жүзеге асыратын жеке құрылыс салушыларға ағаш-құрылыс материалдарын сатуды қолданылып журген көтерме сауда бағалары бойынша жүргізсді жеке тұрғын үйлер салуға арналған сметаларды жасаған кезде материалдардың құны бөлшек сауда бағалары бойынша бслгіленсді.
Тұрғын үй құрылысы жүргізілетін жерлердегі инженерлік жұмыстар кімнің есебінен іске асырылады?
Қалаларда, жұмысшы поселкелер мен ауылдық елді мекендерде (колхоз поселкелерінен басқа) жеке тұрғын үй салатын жерлер үшін бұрынғы тұрғын үйлер кварталынан, поселкеден тыс және поселке ішіндегі, жүргізілетін инженерлік-коммунальдық құрылыстар, орталық-тандырылмаған канализация жүйелерін тазарту құры-лыстары және электр мсн байланыс желілерін қоса жобалап-салу, мемлекеттік құрделі қаржы есебінен жүзеге асырылады.
Колхоздар бұл жұмыстарды өз қаржылары есебінен жүргізеді. Жеке тұрғын үйлерді инженерлік-коммуналдық жүйелерге, соның ішінде электр мен байланыс желілеріне қосу, орталықтандырылмаған канализация жүйелеріне жалғастырулар жасау, сондай-ақ сумен жабдықтау, жылыту және ыстық сумен жабдықтау орталықтандырылмаған жуйелерін Тарту, сұйытылған газ қондырғыларын орнату құрылыс салушылардың қаржы-лары есебінен жүзеге асырылады.
Тұрғын үйлерді салу, жөндеу жұмыстары қалай жүзеге асырылады?
Қора-жайлары бар жеке тұрғын үйлерді салып, оларды құрделі жөндеу, газ енгізу және су құбыры мен канализация желілеріне қосу жөніндегі жұмыстар, құрылыс салушылардың қаржылары есебінен және ұзақ мерзімді банк несиесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Аталған мақсаттарға арналған СССР Мемлекеттік банкісі (одақтас рсспубликалар бойынша бөлінген) мен СССР Құрылыс банкілерінің (СССР-дің министрліктері, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволары және одақтас республикалар бойынша бөлінген) қарыз беретін жоспарлары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |