Қандай азаматтардың бау-бақша өсіру серіктестігіне мүше болып кіруіне артықша құқығы бар?
Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан республикасы кәсіподақтар кеңесінің 1986 жылғы 11 қыркүйекдегі «Қазақ ССР-індегі бау-бақша өсіру серіктестігінің Ұлы Жарғысы туралы»178 қаулысында адал жұмысшылар мен қызметшілердің, еңбек ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне және оған қатысқандарға жеңілдік ретінде белгіленген тәртіп бойынша теқестірілген адамдардың екі және оданда көп балалары бар отбасыларының бау-бақша өсіру серіктестіктеріне кіруге артықша құқығы бар деп көрсетілген.
Белгіленген тәртіп бойынша ұйымдастырылатын бау-бақша өсіру серіктестігінің, ведомстволық бағынысына қарамастан оған жұмыс істемейтін Ұлы Отан соғысына және СССР-ді қорғау жөнінде майдандағы армия құрамына енген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілер және партизан қатарында болған басқа да жауынгерлік операцияларға қатысушылардың, сондай-ақ СССР Қарулы Құштерінің ардагерлері — әскери кызметте кемінде 25 календарлық жыл мінсіз қызмет атқарып, жасына, аурулығына, штаттың қысқартылуына немесе денсаулығына байланысты міндетті әскери қызметтен босатылған офицерлер қатарындағы жұмыс істемейтін зейнеткерлердің кіруге құқығы бар. Аталған адамдарды бау-бақша өсіру серіктестіктеріне қабылдау, халық депутаттары қалалық (аудандық) Кеңестері атқару комитеттерінің ұсынуы бойынша серіктестік мүшелері санының 20 пайыз шеңберінде жүргізіледі.
Бау-бақша өсіру серіктестігі мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерінің біреуіне серіктестікке кіруіне артықшылық құқық беріледі.
Серіктестіктің қайтыс болған мүшесі мұрагерлерінің біріне ұжымдық бау-бақшадағы жер телiмiн пайдалануға құқық беру туралы мәселені (басқарма ұсынысын ескере отырып) бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелерінің жалпы жиналысы шешеді.
Ұжымдық бау-бақша серіктестігінде қандай жағдайларда серіктестікке мүше болу құқығы сақталады?
Ұжымдық бау-бақша өсіруде серіктестікке мүше ерлі-зайыптылардың некесі бұзылған ретте, біреуінің мүше болып қалуы туралы немесе құқығының сақталуы туралы мәселе туады.
Неке бұзылған ретте ерлі-зайыптылардың біріне ұжымдық бау-бақша жер учаскесін пайдалану құқығын сақтау туралы мәселені, басқарманың ұсынысын ескере отырып, бау өсіру серіктестігі мүшелерінің жалпы жиналысы (уәкілдер жиналысы) шешеді.
Егер бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшесі жұмыс істеуге шетелге жұмысқа жіберілсе, сондай-ақ қиыр Солтүстік аудандармен соларға теңестірілген жерлерге жұмыс істеуге кеткен жағдайда және тұрғын жай сақталатын басқа реттерде ұжымдық бау-бақшадағы жер телiмiн пайдалану құқығы сақталады. Мұндай жағдайда серіктестіктің кеткен мүшесі ұсынған басқа адам серіктестік Жарғысының талаптарын сақтайтын болса, кәсіпорын, мекеме үйіне кәсіподақ комитетінің немесе егер серіктестік халық депутаттары аудандық (қалалық) Кеңесі атқару комитетінің қарамағында болса, соның рұқсаты бойынша бау-бақша телiмiн пайдалана алады.
Ұжымдық бау-бақша өсірушілерге жерді қандай органдар және қандай жерлерден береді?
«СССР Министрлер Кеңесінің ұжымдық бау-бақша шаруашылығын одан әрі өркендету жөніндегі шаралар туралы» 1986 жылғы 15 маусымындағы қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 25 мамырдағы каулысында179 облыстық атқару комитеттері мен Алматы қалалык атқару комитеті ұжымдық бау-бақша шаруашылығы үшін кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге белгіленген тәртіп бойынша жер телімдері мемлекеттік жер қорынан, оның ішінде қажет болған жағдайда, колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жерінен беріледі.
Демалыс орындары орналасқан және кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қосалқы ауыл шаруашылықтарына қосалқы ұжымдық бау-бақша шаруашылығы үшін жер бөлуге келісім бермейді.
Басқа жерлерден жер беру Қазақ ССР Жер кодексінің 14, 15, 17, 19-баптарында белгіленген тәртіп бойынша және Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1975 жылғы 24 қаңтардағы қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттер үшін жер учаскелерін пайдалануға беру туралы өтініштерді қозғау және қарау тәртібі туралы Ережемен іске асырылады180.
Ұжымдық бау-бақша өсірушілерге жер беру тәртібі және олардың мөлшері қандай?
Қалаларда, жұмысшы поселкелер мен ауыллық, елді мекендерде тұратын азаматтардың үй іргесіндегі жері, жеке тұрғын үй салуға бөлінген телімдері, қызметіне қарай берілген жер үлесі, меншік құқығында саяжайы немесе мемлекеттік саяжайы жоқ болса, саяжай-құрылыс кооперативінде және бау-бақша серіктестігінде мүше болмаса, ондай жұмысшыларға, қызметшілерге және зейнеткерлерге ұжымдық бау-бақша өсіруі үшін кәсіпорын, мекеме әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен шешімімен мерзімсіз пайдалануға жер телiмi беріледі. Аталған азаматтардың отбасы мүшелерінің де телімдері мен саяжайлары болмауы кереқ Кәсіпорынға, ұйымдар мен мекемелерге ұжымдық бау-бақша өсіру үшін берілген жер телімдері бау өсіру серіктестіктерінің, пайдалануына берілетінін ескеру керек.
Серіктестіктің жерді пайдалану тәртібі Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Қазақ Республикалық кәсіподақтар Кеңесінің 1986 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген «Қазақ ССР-індегі бау-бақша өсіру серіктестігінің үлгі жарғысымен»181 жүзеге асырылады.
Ұжымдық бау өсіру үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері Қазақ ССР Министрлер Кеңесі бекіткен нормаларға сүйеніп белгіленеді.
Жұмысшылар, қызметшілер мен зейнеткерлердің бау-бақша өсіру серіктестігіне берілген жерді пайдалану тәртібі қандай?
Бау-бақша өсіру серіктестіктеріне берілген жер белгілі аумақты алып жатады. Ал ол аумақты игеру бау-бақша өсіру серіктестігі орналасқан халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңесінің атқару комитеттерінің оны ұйымдастыруды және құрылыс салу жобасын бекіткенінен кейін ғана басталатынын еске алу кереқ
Бұл жерлерді пайдаланудың негізгі тәртібі осы серіктестіктердің алдына қойған мақсатына байланысты. Бау-бақша өсіру серіктестіктерінің негізгі мақсаты – жұмысшылар мен қызметшілсрдің және басқа серіктестікке мүшс азаматтардың және олардың отбасыларының жемісіне жидекке, жүзім мен көкөніс деген қажеттіктерін қосымша қанағаттандыру мақсатымен ұжымдық бау-бақша өсіру және оны одан әрі көбейту, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің бос уақытын мәдениетті өткізуін жақсарту, денсаулығын нығайту және жасөспірімдерді ең-бекке баулу болып табылады.
Топырақ әзірлеу, бау-бақша отырғызу және бау-бақшасы қорғайтын жиектеріне ағаш отырғызу, аумақты көркейту, жеміс-жидек және басқа ағаштардың зиянкестері мен ауруларына қарсы құресу жөніндегі жұмыстар бірыңғай жоспар бойынша коллективті түрде жүргізілсді.
Бау-бақшасы күту жөніндегі жұмыстарды ұжымдық түрде немесе бау-бақша өсіру серіктестігінің әрбір мүшесі өзіне бөлінген учаскеде орындайды. Бұл учаскенің, көлемі серіктестіктің Үлгі жарғысының 16 тармағында көрсетілген. Ол кәсіпорынның, мекеменін, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен шешімімен жұмысшыларға, кызметшілерге, зейнеткерлерге 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап 400–600 шаршы метрге дейінгі мөлшерде жер беріледі. Бұған дейін бөлініп берілген жер учаскелері бұрын колданылып жүрген заңдармен реттелді (оның мөлшері 0,08 гектарға дейін). Учаскелер аралығында қоршаулар салуға жол берілмейді. Серіктестік мүшесіне бөлінген жер телiмiн бөліске салуға болмайды. Серіктестік мүшелері жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешімі бойынша учаскелерге эстетикалык талаптарға сай келетін қоршау қойылуы мүмкін.
Бау-бақша өсіру серіктестігі ұжымдық бау-бақша өсіретін аумағында бақшасына сәйкес су құбырларын, жеміс сақтайтын орындарды, жалпы пайдаланудағы басқа да құрылыстар мен ғимараттарды бекіткен жобалар бойынша тұрғызады. Серіктестікке берілген жерді, жеке жолдарды, ортақ тасжолды, қарауыл үйін салуды, көкөніс-жеміс қоймаларын, машиналардың көпшілік тұратын орнын, балалар аланын және басқа жалпы пайдаланудағы орындар мен құрылыстар айтылған жоба мөлшерінде салынады.
Бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелерінің жерді пайдалану жөніндегі құқықтары мен міндеттері қандай?
Бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелерінің жерді пайдалану жөніндегі құқықлары мынадай: өзіне бөлінген бау-бақша учаскесіне бау-бақша жемістерін өсіріп, қарауға, телiмiндс өсірілген жеміс, жидек, жүзім, көкөніс өнімдерін өз калауы бойынша пайдалануына, өз қажетіме жұмсауға, базарға сатуға, дайындау және сауда орындарына тапсыруға болады, ұжымдық бау аумағын ұйымдастырудың бекітілген жобасына сәйкес өзіне бөлінген учаскеде шағын жаздық бау-бақша үйін, шаруашылығына, тұрмысына қажетті құрылыстарын салуға болады, құс, қоян, бал ара омартасын, саз құндызын, малдәрігерлік-санитарлық ережелерді міндетті түрде сақтай отырып өсіре алады.
Бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелері жерді пайдалану барысында мынадай міндеттерді орындайды: жарғыны, ұжымдық бау-бақша өсіру туралы қолданылып жүрген нормативтік актілерді, халық депутаттарының жергілікті Кеңестері атқару комитеттерінің шешімдерін, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеттерінің шешімдерін, серіктестік мүшелерінің жалпы жиналыстарының (уәкілдер жиналысының) қаулыларын және серіктестік басқармасының шешімдерін орындайды, бауда жүргізілген жалпы шараларға өзінің жеке еңбегімен және өз отбасы мүшелерінің еңбегімен қатысады, өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу жөніндегі шараларды дер кезінде жүргізуге айрықша назар аудара отырып, бау-бақша отырғызу мен ағаштарды құту жөніндегі агротехникалық шараларды орындайды; бау-бақша учаскесін және ондағы құрылыстарды, оған іргелес жолдар мен су жүретін жолдарды үлгілі күйде ұстайды, санитарлык және өрттеп қорғау талаптарын сақтайды; ұжымдық бау-бақшадағы ішкі тәртіп ережелері мен әлеуметтік тұрмыс ережелерін сақтайды.
Кооперативтік бау-бақша өсіру серіктестіктері мүшелігінен қандай жағдайларда шығарылады?
Кооперативтік бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелігінен мынадай жағдайларда шығарылады:
1. Серіктестік мүшесінің серіктестіктен шығу туралы арызы бойынша (арызда серіктестіктен шығу себептері көрсетілуі тиіс);
2. Серіктестік мүшесі игеруге берілген жер телiмiн ауыл шаруашылық өнім өндіруге қатарынан 2 жыл бойы игермесе;
3. Агротехникалық шараларды үнемі орындамағаны немесе бау-бақша өсіру серіктестігінің жалпы жиналыстарына қатысудан бас тартқаны немссе жалтарғаны үшін;
4. Серіктестіктің жалпы жиналысы белгілеген кіру, мүшелік және мақсатты ақшалай жарналарды төлсуден бас тартқанда;
5. Қылмыс жасауына байланысты немесе еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғанда;
6. Үй іргесінен, үй-жай телімінен қызметіне қарай жер үлесін алғанда, саяжай сатып алғанда немесе саяжай-құрылыс кооперативіне кіргенде; басқа серіктестіктен шығу әрекетінің бсті ашылса;
7. Өзіне берілген бау-бақша телiмi мен ондағы құрылыстарды басқа адамға түгел немесе ішінара өз бетімен бсрсе;
8. Басқа жерге (республикаға, өлкеге, облысқа) тұрақты тұру үшін кеткенде;
9. Егер серіктестіктің ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін оған қоғамдык ықпал ету шаралары қолданылғанымен оларды ұдайы бұза берсе;
10. Бөлінген жер телiмiн басқа мақсатка пайдаланғанда;
11. Тиісінше келісілген жобадан тыс немесе көзделген нормалардан артық немесе ССР Одағы мен Қазақ ССР-інде қолданылып жүрген құрылыс заңдары мен көзделген заңды нормалардан ауытқып, бау-бақша телiмiнде жаздық бау-бақша үйлерін салса;
12. Құрылыста заңсыз сатып алынған құрылыс материалдарын пайдаланса;
13. Жұмысшы құшін заңсыз пайдаланса;
14. Жерді өз бетінше иемденсе.
Бау-бақша өсіру серіктестігінің мушелігінен шығару туралы шешімді кім қабылдайды және оған шағым беру тәртібі қандай?
Бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшелігінен шығару туралы шсшімді кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің (бау-бақша өсіру серіктестігі басқармасының ұсынуы бойынша), немесе егер серіктестік өз қызметін халық депутаттарының аудандық, қалалық Кеңесі атқару комитетінің басшылық етуімен жүзеге асыратын болса, соның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеттерінің мүшеліктен шығару туралы шешімі жайлы ұйым бағынатын мемлекеттік органға, облыстық кәсіподақтар Кеңесіне, ал өз қызметін халық депутаттарының аудандық, қалалық Кеңесі атқару комитеттері басқаратын серіктестіктердің шешімі жайлы облыстық атқару комитеттеріне шағым беруге болады.
Бау-бақша телiмiндегі құрылыстар мен ағаштарды бағалау тәртібі қандай?
Бау-бақша телiмiндегі құрылыстар мен ағаштарды бағалау қажеттігі азаматтардың бау-бақша өсіру серіктестігінен шығуына, шығарылуына байланысты пайда болады. Осыған орай бау-бақша серіктестігінің, мүшесі серіктестіктен шыққан (шығарылған) ретте, бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшесіне бөлінген учаскеде тұрғызылған жаздық бау-бақша үйінің, басқа құрылыстардың құны, тозуы ескеріле отырып, СССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 2 қазанындағы қаулысымен182 (Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысы183) көзделген тәртіпке орай бекітілген бағалау нормалары бойынша анықталады. Аталған құрылыстардың құнын бағалау комиссиялары анықтайды, олардың ішінде бау-бақша өсіру серіктестігі ұйымдастырылған кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті өкілдері, бау-бақша өсіру серіктестігі басқармасының мүшесі және осы серіктестіктің шығып кеткен (шығарылған) мүшесі болады. Кәсіпорын, мекеме, ұйым әкімшілігі мен косіподақ комитетінің талабы немесе бау-бақша өсіру серіктестігінің шығып кеткен (шығарылған) мүшесінің өтініші бойынша комиссияның құрамына басқа ұйымдардың өкілдері енуі мүмкін.
Бау-бақша өсіру серіктестігі халық депутаттары аудандық қалалық Кеңесі атқару комитетінің қарамағында болған ретте, бағалау комиссиясын тиісті атқару комитеті халық дспутаттары аудандық, қалалық Кеңесі атқару комитетінің мүшесі, бау-бақша өсіру серіктестігі басқармасының мүшесі және бау-бақша өсіру серіктестігінің шығып кеткен (шығарылған) мүшссі, сондай-ақ атқару комитетінің қалауы бойынша немесе бау-бақша өсіру серіктестігінің шығып кеткен (шығарылган) мүшесінің өтініші бойынша басқа үйымдардың өкілдері енуі мүмкім.
Комиссия құрылыстар мен жеміс-жидек өсімдіктерін бағалау актісін жасайды.
Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті құрған бағалау комиссиясының шешіміне риза болмаған жағдайда, үш ай мерзім ішінде аумағында серіктестік орналасқан халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңесі атқару комитетіне, ал тиісті атқару комитеті құрған комиссияның шешімі жөнінде облыстық атқару комитетіне шағым беруге болады.
Бау-бақша өсіру серіктестігіне мүше болып кірген адам қандай төлемдер төлейді?
Бау-бақша өсіру серіктестігіне мүше болып кірген адам, кіру, мүшелік және мақсатты жарналарды серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысы белгілеген мөлшер мен мерзімде, бау-бақша өсіру серіктестігі басқармасының кассасына, уақытылы төлейді. Серіктестіктен шыққан мүшесінің төлеген жарналарының сомасын, яғни Үлгі жарғыда көрсетілген қоғамдық өндіріс үйлері мен ғимараттарын салуға, сумен, электр энергиясымен жабдықтау жүйелерін жүргізуге, жолдарды салу мен ұжымдық бау-бақша аумағын қоршауға енгізілген мақсаттық жарналарды (тозу құнын шығарып тастап) төлейді. Бекітіліп берген жер телiмiндегі құрылыстар мен ғимараттардың, ағаштар-дың бағасын, олардың иесіне (серіктестіктің бұрынғы мү-шесіне) серіктестіктің кассасы арқылы төлсйді.
Кіру жарнасын төлеуден бау-бақша өсірушінің ажырасқан ері (зайыбы), сондай-ақ қайтыс болған бау-бақша өсірушінің отбасы мүшесі босатылады.
Бау-бақша өсіру серіктестігінің басқару тәртібі қалай?
Серіктестіктің істерін – бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелерінің жалпы жиналысы, ал жалпы жиналыстар аралығындағы кезеңде серіктестік басқармасы басқарады.
Жалпы жиналысты шақыру қиындық келтіретін бау-бақша өсіру ссріктіктерінде олардың қарауына жататын мәселелерді шешу үшін серіктестік мүшелері уәкілдерінің жиналысы шақырылуы мүмкін. Жалпы жиналыс уәкілдер жиналысының қарауына жататын мәселелер тізімін шектеп алады.
Жалпы жиналысты (уәкілдер жиналысын) басқарма жылына кемінде екі рет шақырады.
Бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелерінің жалпы жиналысына серіктестіктің барлық мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, олардың мәселелерді шешуге құқығы бар. Егер барлық уәкілдердің кемінде 3/4 қатысып отырса, серіктестік мүшелері уәкілдерінің жиналысы мәселелерді шешуге құқылы.
Бау-бақша өсіру серіктестігінің басқармасы серіктестіктің атқарушы органы болып табылады. Басқарма серіктестік мүшелерінен кемінде 5 адамнан 2 жыл мерзімге сайланады.
Бау-бақша өсіру серіктестігіне басшылықты кім жүзеге асырады?
Бау-бақша өсіру серіктестігіне басшылықты серіктестік ұйымдастырылған кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті жүзеге асырады. Бау-бақша өсіру серіктестіктерінің қызметін бақылаудың аумағында бау-бақша өсіру серіктестігі орналасқан халық депутаттары аудандық, калалық Кеңестерінің атқару комитеттері жүзеге асырады.
Бау-бақша өсіру серіктестіктері халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңестері аткару комитеттерінің қарамағында болған ретте олардың қызметіне басшылықпен бақылауды тиісті атқару комитеттері жүзеге асырады.
Кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың өздері құрған ұжымдық бау-бақша өсіру серіктестіктеріне беретін жәрдемдері қандай?
СССР Мемлекеттік банкісі бау-бақша өсіру серіктестігінің мүшелсріне жаздық бау-бақша үйлерін сатып алуға немесе салуға және бау-бақша телімдерін көркейтуге арнап беретін қарыздарды серіктестік мүшелері жүмыс істейтін шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдар береді. Ал бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызмстшілеріне – қарыз алушылардың тікелсй өз аттарына жазылып, аталған ұйымдар арқылы беріледі.
Аталған кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың басшыларына, әлеуметтік-мәдени шаруашылығына және үй құрылыстарына бөлінген кәсіпорын қаржысынан ұжымдық бау-бақшаға баратын жолды және оның су құбырларын салуға, электрлендіруге және бау-бақшаны көркейтуге арналған басқа жұмыстарға сметалық қаржының 25% мөлшерінде жұмсауға рұқсат етілген.
Бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелерінің жалпы жиналысы (уәкілдер жиналысы) қандай мэселелерді қарайды?
Бау-бақша өсіру серіктестігінің Жарғысын қарайды, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуі мүмкін;
басқарма мен тексеру комиссиясын сайлайды;
бау-бақша өсіру серіктестігіне мүшелікке кабылдау мен шығаруға байланысты мәселелсрді карайды;
агротехникалык шаралардың жоспарын, кіріс-шығыс сметасын, штаттарды және жалдамалы жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек ақы қорын, басқарманың жылдық есептері мен тексеру комиссиясының актілерін бекітеді;
серіктестікке кіруді, мүшелік және мақсатты жарналардың мөлшерін белгілейді;
серіктестіктің бау-бақшаны қорғау мен қорғауға, бау-бақша қорғау жиектеріне ағаш отырғызуға, сумен жабдықтауға, электрлендіруге, жалпы пайдаланылатын жолдарды, көпірлерді, өндірістік және басқа үйлер мен ғимараттарды салуға және басқа шараларға арналған шығыс сметаларын қарап бекітеді;
жылдық есептерді талқылағанда бау-бақша өсіру серіктестігі басқармасының мүшелерін жақсы жұмыс істегені үшін көтермелеу туралы шешім қабылдай алады;
ұжымдық бау-бақшадағы ішкі тәртіп ережелерін бекітеді;
серіктестіктің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелерді қарайды.
Бау-бақша өсіру серіктестігі басқармасының жұмыс істеу тәртібі қандай?
Бау-бақша өсіру серіктестігінің басқармасы оның атқарушы органы болып табылады. Ол серіктестіктің жарғысы, ұжымдық бау-бақша өсіру туралы заңы, жер, су, орман, табиғат қорғау және басқа нормативтік актілері, халық депутаттарының аудандык (қалалық) Кеңесі атқару комитетінің шешімдері, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің шешімдері, серіктік мүшелерінің жалпы жиналыстарының (уәкілдер жиналысының) қаулылары негізінде жұмыс істейді.
Басқарманың екі жыл мерзімге сайланатынын атап өттіқ Басқарманы мерзімінен бұрын қйта сайлау серіктестік мүшелерінің кемінде 1/4-нің серіктестік тексеру комиссиясының, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің немесе егер бау-бақша өсіру серіктестігі өз қызметін халық депутаттарының аудандық (қалалық) Кеңесі атқару комитетінің басшылық етуімен жүзеге асырылатын болса, соның талап етуі бойынша жүргізуі мүмкін.
Басқарма жиналысында серіктестіктің басқарма төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысын, қазынашысың сайлайды. Серіктестіктің басқармасы серіктестіктің мүшелерінен агротехникалық құрылыс, мәдени-тұрмыс, қаржы комиссияларын және басқарманың басшылық етуімен жұмыс істейтін басқа да комиссияларды ұйымдастырады.
Бау-бақша өсіру серіктестігінің басқармасы қандай жұмыстарды атқарады?
Бұл серіктестік басқармасының атқаратын жұмысы мынадай:
серіктестіктің мүлкі мен ақшалай қаржысына бекітілген смета шегінде иелік жасайды;
жеміс-жидек ағаштарының зиянкестері мен ауруларына қарсы құресуді, серіктестік мүшелсрінің отырғызатын ағаш материалдарын, бау-бақша құрал-саймандарын органикалық және минералды тыңайтқыштарын, ұлы химикаттарды, құрылыс материалдарын алуды ұйымдастырады, сондай-ақ басқа да шаралар жүргізсді;
сумен жабдықтау, электрлендіру, жол салу, бау-бақшаны қоршау жөніндегі жұмыстар мен басқа да жұмыстарды ұйымдастырады;
серіктестік мүшелері мен жас натуралистердің тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін питомниктер, учаскелер ұйымдастырады, балалар мен спорт алаңдарын жасайды;
серіктестік мүшелерінің арасында табиғат қорғау заңдарын сақтау жөнінде түсінік жұмысын, серіктестік мүшелері мен олардың отбасылары арасында мәдени-бұқаралық жұмыс жүргізеді, сондай-ақ бау-бақша өсірушілер ұжымының жетістіктерін насихаттайды;
серіктестік мүшелерінің Жарғыстың талаптарын, ұжымдық бау-бақтың ішкі тәртіп ережелерін, жалпы жиналыстардың (уәкілдер жиналысының) қаулылары мен басқарманың шешімдерін орындауын, сондай-ақ серіктестік мүшелерінің бау-бақша отырғызу мен оны құту, аумақты көркейту және құрылыстарды бекітілгсн жобаларға сәйкес тұрғызу жұмыстарын бақылайды;
серіктестік мүшелерінен жарналардың жалпы жиналыс (уәкілдер жиналысының) белгілеген мерзімдерде келіп түсуін бақылайды;
серіктестіктің кіріс және шығыс сметаларын, жоспарлары мен есептерін жасайды. Жұмыс туралы басқармасының есебі, бау-бақша серіктестігінің мүшелеріне жиналыстан кемінде екі апта бұрын ескертіледі;
бау-бақша өсіру серіктестігі мен оның мүшелерінің мүлкін, ағаштар мен бау-бақша енімін қорғауды ұйымдастырады;
ұжымдық бау-бақша аумағындағы ағаштар мен тұрғызылған ғимараттарды жыл сайын түгендеуді жүзеге асырады;
серіктестіктің мүшелері орындаған жалпы жұмыстардың есебін жүргізіп, есептің нәтижелерін серіктестік мүшелерінің дербес есептері мен бау-бақша өсірушілердің мүшелік кітапшаларында көрсетеді;
жеміс-жидек пен көкөністің артығын балалар мекемелеріне, пионер лагерлеріне және Қазақ ССР Тұтыну қоғамдары одағы мсн Қазақ ССР Сауда министрлігінің сатып алу бекеттеріне өткізуді ұйымдастырады;
мемлекеттік сақтандыру органдарына, ұжымдық бау-бақша аумағындағы құрылыстар мен ғимараттарды міндетті және ерікті сақтандыру жөніндегі жұмысты жүргізуге көмек көрсетеді;
өз мәжілістерінде тексеру комиссиясының актілерін қарап, ашылған кемшіліктерді жоюға шаралар алады;
серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысына (уәкілдер жиналысына) кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитетіне, бау-бақша өсіру серіктестігіне мүшелікке қабылдау және шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтін адамдарды жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады.
Бау-бақша өсіру серіктігі басқармасы оған Жарғы пен жалпы жиналыстың (уәкілдер жиналысының) қаулылары бойынша берілген өкілеттіктер шегінде нұскаулар беруге, шешімдер шығаруға құқылы бар. Оларды серіктестіктің барлық мүшелері орындауы жөнінде жұмыстар жүргізеді.
Серіктестік басқармасы төрағасының жеке атқаратын жұмыстары қандай?
Бау-бақша өсіру басқармасының төрағасы серіктестіктің Жарғысы негізінде, бұл жөнінде айрықша сенім хатсыз-ақ, жоспарлар мен сметалар шегінде серіктестік атынан шарттар жасауға, сенім хаттар беруге, СССР Мемлекеттік банкісінің мекемелері мен жинақ кассаларында шоттар ашуға, сондай-ақ барлық мемлекеттік қоғамдык жәпе кооперативтік кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда серіктестіктің өкілі болуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |