Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне


Колхозшыларға, жұмысшылар мен қызметшілерге қоғамдық шаруашылықтар тарапынан көрсетілетін жәрдемдердің тәжірибесі қандай?



бет15/27
Дата25.12.2016
өлшемі8,53 Mb.
#4913
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

Колхозшыларға, жұмысшылар мен қызметшілерге қоғамдық шаруашылықтар тарапынан көрсетілетін жәрдемдердің тәжірибесі қандай?
Өзіндік қосалқы шаруашылығы бар азаматтарға коғамдық шаруашылыктардың көрсететін жәрдемдерінің мөлшері, түрлері және олардың берілу шарттары мен тәжірибелері, әрбір қоғамдық шаруашылықтың және қосалқы шаруашылык иелерінің мүмкіндіктеріне байланысты. Мысалы, Көкшетау облысындағы «Қызылсай» совхозында жаз құндерінде орта есеппен әрбір малға бір гектардан табиғи жайылым, әрбір ірі қара мал санына екі тоннадан, қойға жарты тоннадан шөп шабылатындай етіп, шабындық қалдырылады. Астықты алқаптар жиналғаннан кейін әрбір аулаға (отбасына) үш тоннадан сабан, мүмкіндік болса мал азықтық астық та беріледі.

Бұл совхозда бір мың және екі мың, тіпті одан да артық сүт сататын аулалар (отбасылар) бар. Совхозға жылына бір мыңнан астам сүт сатқандарға бір тоннадан пішен, бір жарым мың литр және одан көп сүт өткізгендерге 2 тоннадан пішен тегін беріледі.


Колхоздың, совхоздың шабындық, жайылым жерлерін, пішенін, сабанын өзіндік меншіктегі малдарды азықпен қамтамасыз ету үшін бөлІп бергенде оның қоғамдық шаруашылықтарды жүргізуге зияны тимей ме?
Қоғамдық шаруашылықтардың шабындығын, жайылымын, пішенін, сабаның заңда көрсетілген мөлшерлерде азаматтардың қосалқы шаруашылықтарына берудің зияны жоқ. Мысалы, жоғарыда аталған «Қызылсай» совхозы 1984 жылы мал азығының барлық түрлері жоспарын ауданда бірінші болып орындаған.

Астық дайындау, ет, сүт тапсыру жоспарларын артығымен орындаған мұндай шаруашылықтар республика, одақ көлемінде көптеп саналады. Мұндағы негізгі мәселе — азаматтардың өзіндік мүддені қогамдық мүддемен ұштастырудың дұрыс тәсілін тауып, олардың қоғамдық еңбекке қатысу ынталарын арттыру болып табылады.

Колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен мекемелерінің қоғамдық қой отарлары мен мал табындарында өзіндік меншіктегі қойды, ірі қараны, жылқыны тағы басқа малдарды ұстауға бола ма?

Колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен мекемелерінің қоғамдық отарлары мен табындарында азаматтардың өзіндік меншіктегі малын ұстауға, бағуға рұқсат ететін ешқандай негіз жоқ.

Колхоздың, совхоздың қосалқы шаруашылық басшыларының, қызметкерлерінің қоғамдық мал қораларында мал ұстауға құқысы жоқ.

Қой, сиыр, жылқы, түйе, шошқа бағып жүрген азаматтардың өзіндік меншігіндегі малын өзі жұмыс істеп жүрген қорада, отарда, табында ұстауы, бағуы туралы да даулы жоқ. Бірақ колхоздардын, совхоздардың, қосалқы шаруашылықтардың басшылары арнайы қаулы (бұйрық) алып, бұған рұқсат беріп жүр. Ондай реттерде аталған шаруашылықтар қоғамдық мал жөніндегі өзіндік меншік малына жұмсалған жемнің, шөптің құнын малшылардан өндіріп алады. Мұндай тәжірибені дұрыс емес деуге болмайды. Себебі қойшылар мен бақташылардың малы өз қолында ұсталмаса оларды пайдалануға және өнім алуға мүмкіндік тумайтының еске алмауға болмайды.

Кейбір колхоздарда, совхоздарда өз аумақтарында тұратын азаматтардың меншікті қой-ешкі, мүйізді ірі қара, жылқы малдарын жеке отарға, табынға біріктіріп мал иелерінің есебінен бақташы тағайындап, жайлауларды, қыстауларды белгілейді. Мұндай тәжірибенің колхоздар мен совхоздарға да, азаматтарға да тиімді екені белгілі.

Меншігінде малы бар азаматтар мемлекет және колхоздар тарапынан тиісті көмекті ала отырып, коғамдық шаруашылықтарға зиян келтірмеулері тиісті. Азаматтардың меншікті малын қоғамдық табында ұстағанда колхоз, совхоз және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының малын, жемшөбін талан-таражға салуға тікелей себепші болатынын еске алған жөн.


Өзіндік қосалқы шаруашылыктың жүргізілуін кімдер бақылайды?
Бұл арада мынаны еске алу кереқ Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығының конституциялық жолымен баянды етілуі, ол еңбекшілер тұрмысын жақсартудың заң жүзіндегі кепілдігі ғана емес, сонымен бірге олардың барысына мемлекеттік бақылау жасаудың кұралы да болып табылады. Бұл қоғам экономикасының керекті саласын дамытуға өз еңбегін сіңіретін миллиондаған адал еңбеккерлерді, қосалқы шаруашылықты саудагерлік, пайдақұмарлық мақсатта пайдаланып, заңсыз әрекеттерге жол беретін адамдардан ажырата біліп, оларды аластап отыруға көмектеседі.

Колхоздар мен совхоздардык және басқа ауыл ша¬руашылык кәсіпорындары мен ұйымдардың басшылары еңбекшілердің өзіндік косалкы шаруашылықтарына берілген жерді ұтымды пайдалануын, мал саны мен түрлерінің занда белгіленген мөлшерде болуын, адамдардың еңбегін дұрыс пайдалануын бакылап, тексеріп отырады.

КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесі «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылық өнімін өндіруді молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1981 жылғы 8 январьдағы қаулысында колхоздар мен совхоздарға және басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарына еңбекшілердің өзіндік қосалқы шаруашылығын басқаратын колхоз басқармасының, совхоз директорының орынбасарын немесе маманын ұстауға рұқсат етілген. Олар өзіндік қосалқы шаруашылықтың занды жүргізілуін бақылап, тексереді.

Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығының дұрыс жүргізілуіне бақылауды, тексеруді жергілікті Кеңестердің атқару комитеттері де өздеріне берілген құқылық шеңберде іске асырып отырады.

КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 24 майда КПСС Орталық Комитетінің май (1982 ж.) Пленумы бекіткен «Ауыл шаруашылығын және аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің басқа да салаларын басқаруды жақсарту туралы» қаулысында еліміздің азық-түлік кешенінің құрамдас бөлігі ретінде азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарын ұжымдық бау және бақша шаруашылығын өркендетуге жәрдемдеседі, малдәрігерлік және өзге де қызмет көрсетуді жүзеге асыру Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 30 апрельдегі қаулысымен бекіткен «Қазақ ССР Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіптік комитеті туралы» Ережеде көрсетілген170.

Осыған орай аграрлық-өнеркәсіптік кешенді басқару органдары өзіндік қосалкы шаруашылықтардың дамуы үшін оларды материалдық-техникалық жағынан жабдықтап және ауыл шаруашылық өнімдердің өндірілуі мен мемлекетке сатылуын бақылап, азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізуіне көмектесетін шаралар белгілеп отырады.


Азаматтардың өзіндік меншігіндегі малын бағу (жаю) жөнінде қандай ережелер бар?
Азаматтардың өз меншігіндегі малын ұйымдасқан түрде жайылымдарда бағу (жаю) жағдайы КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1977 жылғы 14 сентябрьдегі «Колхозшылардың, жұмысшылардың, кызметшілердің және басқа азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтары мен ұжымдық бау және бақшалары туралы» қаулысында көрсетілген. Онда совхоздарға, колхоздарға ұйымдастырған түрде азаматтардың малын жаюға көмек көрсету үшін олардың малын бағуға бақташылар ұстауға рұқсат етілген. Бұл ретте колхоз, совхоз жерінде тұратын малы бар азаматтар өздерінің малын бағуға (жаюға) жұмсалатын шығындарды өз есептерінен бөледі.

Ал кейбір колхоздар мен совхоздар өз жерлерінде тұратын азаматтардың малын әсіресе жаз айларында, ұйымдастырған түрде алыстағы жайылымдарда бағуды (жаюды) ұйымдастырады.

Азаматтардың, малын ұйымдастырған түрде бақташыларға жайдыру, бақтыру колхоз, совхоздарға және басқа шаруашылықтарға да тиімді. Өйткені ол азаматтардың қоғамдық жұмыстарға алаңсыз қатысуына жағдай туғызады. Бақташысыз жүрген мал колхоздың, совхоздың және азаматтардың егініне, шөбіне түсіп, оларға зиян тигізетінін еске алсақ ұйымдасқан түрде азаматтардың малын жаюды, бағуды ұйымдастыру шаруашылықтарға да, азаматтарға да қолайлы. Бұл жұмысты ұйымдастыру ауылдық, ауылдық Кеңестері атқару комитеттерінің, колхоздардың, совхоздардың және басқа шаруашылыктардың, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс қажетіне қызмет ететін мекемелердің де міндеті.
Малдан басқа өнім алатын қандай үй жануарларын ұстауға болады?
Мал, құс, бал арасы тағы басқа үй жануарларын өзіндік меншігінде ұстауға қалада, жұмысшы поселкелерде тұратын азаматтардың да құқысы бар. Бірақ бұл елді мекендерде және курорт, санаторий орындары бар елдімекенде аталған үй жануарларын ұстаудың ерекше ережелері бар. Ондай ережелер санитарлық-гигиеналық (тазалық сақтау) шараларын жүзеге асыруға байланысты қабылданады. Мысалы, қалалық немесе поселкелік Кеңес санитарлық-гигиеналық аймақтарда малды-құсты ұстауға тыйым салуы мүмкін кей жағдайда малды, құсты және басқа үй жануарларын ұстайтын қоралар аталған аймақтан алысқа шығарылуы мүмкін.

Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 16 февральдағы, КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылық өнімін өндіруді молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1981 жылғы 8 январьдағы қаулысын жүзеге асыру туралы» каулысында елді мекендерде кооперативтік жолмен мал қораларын салуға рұқсат етілген. Мұның өзі елді мекендерде азаматтардың өзіндік меншігіндегі малды ұстауына жағдай туғызады.

Қалаларда азаматтардың үй қояны мен аң өсіретін (ет қоректілерден басқасын), бал арасын өсіретін ерікті қоғамдары бар. Бұл қоғамдар азаматтардың үй қояндарын, бағалы аң өсіруге, оларды жемшөппен қамтамасыз етуге, өнімді сатуға жәрдем етеді. Бал араларын ұйымдаскан түрде ормандарда, тоғайларда, гүлді жерлерде ұстауға, оларды тасымалдау үшін транспорт алуға жәрдемдеседі. Бұл коғамдар үй қоянын, бал арасын өсіретін азаматтарға басқа көмектерін көрсете алады. Олардың бұл жөніндегі құқықтары мен міндеттері жарғыда көрсетілген.

РСФСР-да 1946 жылғы 17 январьда жұмысшылар мен қызметшілердің мал шаруашылығы серіктестіктерінің Үлгі уставы қабылданған. Бұл серіктіктерге малды жаюға, шөп шабуға тұрақты немесе уақытша мал қораларын салуға жер телімдері беріледі. Мұндай шаралардың жузеге асырылуы көптеген қалаларда мал санының артуына септігін тигізіп отыр. Мысалы Нижный Тагил қаласында төрт мал шаруашылығы серіктіктері бар. Оларда мың ірі қара, тағы басқа малдың түрлері бар. 1981 жылы онда мал саны 1980 жылға қарағанда екі есе, қой-ешкі үш есе өсті. Бұл серіктестіктер азаматтардың малына қажетті жем мен шөпті жеткілікті етуге жәрдемдеседі, артық ауыл шаруашылық өнімдерін сатуды ұйымдастырады.


Біздің республикамызда мал шаруашылығы серіктестіктері және олардың жарғысы бар ма?
Қазақ ССР-інде мал шаруашылығы серіктестіктері туралы Үлгі жарғы қабылданбаған және соған орай мал шаруашылығы серіктестіктерін құруға құқықтық негіз әзірше жоқ. Бұл мәселені жергілікті Кеңес органдары қолға алып, мал шаруашылығы серіктестіктерін құруға көмегін тигізсе, өзіндік қосалқы шаруашылықты тек ауылда ғана смес, басқа елді мекендерде де одан әрі дамытуға болар еді.
2. ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ құқығы
Өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер телімдерінің түрлері қандай?
Ауылдық ауылдық жерлерде колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының аумағында тұратын азаматтарға отбасына (ауласына) үй іргесінен жер беріледі.

Үй іргесінде жері жоқтарға, бақша егу телімдері (ұжымдық немесе жеке) немесе ұжымдық бау телiмi беріледі.

Транспорт, орман шаруашылығы, ағаш өнеркәсібі, байланыс, су, балық, аңшылық шаруашылығының және басқа халық шаруашылығының кейбір салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің жекелеген категорияларына қызметіне қарай жер үлесі беріледі.

Қалада және жұмысшы поселкелёрде тұратын жұмысшыларға, қызметшілерге және басқа азаматтарға үй салып алуы үшін жер беріледі (үй-жай телiмi). Осы елді мекендерде тұратын азаматтардың отбасына заңда көрсетілген тәртіп бойьшша бау салатын учаскелер бөлінуі мумкін. Сондай-ақ аталған осы мекендерде және ауылдық елді мекендерде тұратын жұмысшылардың, қызметшілер мен зейнеткерлердің ұжымдық бау және бақша өсіру серіктігіне, кәсіпорыпдарға, ұйымдарға және мекемелерге беріледі.

Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Мннистрлер Кеңесінің 1981 жылғы 16 февральдағы «КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің «Азаматтардын, өзіндік қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылық өнімін өндіруді молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1981 жылғы 8 январьдағы қаулысып жүзеге асыру туралы» қаулысына сәйкес колхоздармен, совхоздармен және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен, тұтынушылар кооперациясының ұйымдарымен, мал шаруашылығының өнімін өндіруге шарт жасаған колхозшыларға, жұмысшыларға, қызметшілерге және басқа азаматтарға жемшөптік дақылдар өсіру үшін қосымша жер телімдері беріледі.

Елді мекендерде азаматтардың өзіндік меншігіндегі малды ұстау үшін кооперативтік негізде мал қораларын салуға; өзіндік меншігінде малы бар колхозшыларға, жұмысшыларға, қызметшілергс және басқа азаматтарға заңда көрсетілген тәртіп бойынша мал жайылымдары мен шөп шабатын; ормандарда және мемлекеттік орман қорының ағаш өспеген жсрлерінде ара ұялары мен омарталарды орналастыру үшін азаматтарға жер телімдері беріледі.

Орман шаруашылығының басшылығы заңда көрсетілген тәртіп бойынша орман билеті бар адамдарға ғана орман қорының жерінен жер бере алады. Егер жер телiмi ұзақ уақытқа берілсе келісім шарты жасалады (Қазақ ССР Орман кодексінің 96—97, 103-баптары).
Азаматтарға жер берудің тэртІбі қандай?
Колхозшыларға, колхоз аумағында жұмыс істейтін және тұратын оқытушыларға, дәрігерлерге, сауда қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, тағы басқа азаматтардың отбасына, үй іргесіндегі жерді колхозшылардың жалпы жиналысының немесе өкілдер жиналысының қаулысы негізінде береді. Оларға малы болса жайылым телімдері де осы тәртіппен беріледі.

Қызметіне қарай берілетін жер үлесі тиісті министрліктер мен ведомстволар кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің пайдалануындағы жерден олардың әкімшілігі, ал мұндай жер жетпеген күнде мемлекеттік қордағы жерден және мемлекеттік орман коры жерінен, халық депуттарының аудандық Кеңесі атқару комитетінің шешімі бойынша бөлініп беріледі.

Қалаларда үй-жай телімдері халық депутаттарының қалалық Кеңесі атқару комитетінің шешімі бойынша» қаланы жоспарлау мен салудың жобасына сондай-ақ шаруашылықты жерге орналастыру жоспарларына сәйкес бөлінеді. Басқа елді мекендерге ауыллық, ауылдық, поселкелік Кеңесі атқару комитетінін шешімі бойынша өз қарамағындағы жерден береді.

Ұжымдық бау мен бақша өсіру үшін жер телімдері мемлекеттік жер қорынан, оның ішінде қажет болған жағдайда колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жерінен беріледі (КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын, коллективтік бау мен бақшаны дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» каулысынан). Ауылдық жерлердегі бос тұрған тұрғын үйлер мен үй іргесіндегі жер телімдері жергілікті әкімшілік пен халық депутаттары ауылдық кеңесінің шешімімен беріледі.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 25 июньдегі СССР Министрлер Кеңесінің «Ұжымдық бау және бақша шаруашылығын одан әрі өркендету жөніндегі шаралар туралы» 1986 жылғы 15 майдағы қаулысын жүзеге асыру туралы» қаулысында облыстық атқару комитеттері мен Алматы қалалық атқару комитетіне ұжымдық бау мен бақша шаруашылығы үшін кәсіпорындарға, ұйым мен мекемелерге белгіленген тәртіп бойынша жер телімдері берілуі тапсырылған. Бүл реттерде Қазақ ССР Жер кодексінде көрсетілген тәртіптер қолданылады.

Мұндай жерлер жоқ болса, бау серіктіктеріне ерекшелік ретінде колхоздардың, совхоздар мен басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорнының пайдаланбайтын аттамалы, ұсақ бедерлі жер телімдерінен белгіленген тәртіп бойынша беріледі.

Ұжымдық бақшаға жерді уақытша пайдалану үшін мемлекеттік қордан, мемлекеттік орман қорынан және жақын жылдарда құрылыска немесе басқа мақсаттарға пайдалануға белгіленбеген шеткі жерлерден, сондай-ақ уақытша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлерінен, өнеркәсіп пен транспорт және басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың жерінен беріледі.

Жерлерді жеке өзіндік шаруашылыққа, серіктестіктерге, ұжымдарға және кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге бөліп беру халық депутаттарының аудандық Кеңесі атқару комитетінің немесе егер осындай жерлер халық депутаттарының ауыллық, ауылдық, поселкелік Кеңестеріне тікелей бекітілген жерден бөлінген болса, онда сол Кеңестің атқару комитетінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Ұжымдық бау өсіруге берілетін жер сол ұжым жұмыс істейтін кәсіпорынға, ұйымдар мен мекемелерге мерзімсіз пайдалануға беріледі. Егер бау өсіру серіктестігі бірнеше ұсақ кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің жұмысшылары мен қызметшілерінен ұйымдасқан болса мұндай серіктікке жер тікелей заңда көрсетілген тәртіпке сай жергілікті Кеңестердің шешімімен беріледі.

Колхозшыларға, жұмысшыларға, қызметшілерге және басқа азаматтарға, қосымша жер телімдерін үй іргесіндегі жерлер есебінен, қажет болған жағдайларда, шаруашыльіқтардың уақытша пайдаланбайтын жерлері есебінен, шаруашылықта бекітілген тәртіппен бөлінеді.

Азаматтардың өзіндік меншігіндегі малды ұстауы үшін елді мекендерде кооперативтік мал қораларын салуға халық депутаттарының облыстық, аудандық және қалалық Кеңестерінің атқару комитеттері рұқсат етеді.

Колхоздарда мал жайылымдары колхоз жарғысында көрсетілген тәртіп бойынша беріледі. Басқа шаруашылықта жұмыс істеп ауылдық жерлерде түратын азаматтарға мал жаю және шөп шабу телімдерін Қазақ ССР Жер кодексінін 99-бапсына сәйкес ауыллык, ауыл¬дык, поселкелік, қалалык және аудандық Кеңестері атқару комитеттерінің келіскен шешімі бойынша беріледі.

Ауылдық жерлердегі бос тұрған үйлер мен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің «Ауылдық жерлердегі бос тұрған үйлер мен үй іргесіндегі жер телімдері пайдалану туралы» қаулысында көрсетілген тәртіппен беріледі.
Азаматтарға бөлінген жерлердің пайдалану мерзімі қандай?
Үй іргесіндегі жерлер, қоражай, ұжымдық бау телімдері тұрақты, яғни мерзімі көрсетілмейді. Ұжымдық бақша телімдері бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бекітіледі. Қызметіне қарай бөлінетін жер үлесі азаматтардың кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде жұмыс істеген уақтысында ғана беріледі. Қосымша жер телімдері азаматтардың колхозбен совхозбен және басқа ауыл шаруашылығы мекемелерімен, сондай-ақ ұйымдарымен, тұтыну кооперациясының үйымдарымен мал бағу үшін немесе ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оларға өткізу үшін келісім шарт жасаған уақытысына ғана беріледі. Кооперативтік мал қораларын салу үшін жер тұракты бөлінеді. .

Мал жайылымдары мен шөп шауып алу үшін берілетін жерлердің мерзімі ауылдық, ауылдық, қалалық және аудандық Кеңестерінің атқару комитеттерінің шешімдерінде көрсетіледі.

Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері КПСС Орталық Комитеті меи СССР Министрлер Кеңесінің жоғарыда аталған 1981 жылғы 8 январьдағы қаулысыиа сәйкес азаматтарға картоп пен көкөніс дақылдарын өсіру үшін өнеркәсіптің транспорттың және ауыл шаруашылығына жатпайтын өзге де кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланбайтын жерлерінен, сондай-ақ қалалар мен басқа елді мекен шеңберіндегі бос жатқан жерден уақытша пайдалану үшін беру рұқсат етілген. Мұндай жер телімдері тікелей мақсатқа пайдаланбайтын мерзімге беріледі.

Қазақ ССР Жер кодексінің, 10-бабына сәйкес белгілі мерзімге берілген жерлер сол мерзім ішінде жерді пайдалануға берген органның шешімімен ғана ұзартылуы мүмкін.


Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығына қажетті жер беретін колхоздар, совхоздар және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің, халық депутаттарының жергілікті Кеңестері атқару комитеттерінің құқықтары мен міндеттері қандай?
Колхоздар, совхоздар мен басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері азаматтардың өзіндік шаруашылығына қажетті жерді тек үй іргесіндегі жер көлемінен беруге құқылы. Егер колхоз аулаларына колхоз жарғысында көрсетілген нормалар бойынша жер телiмiн беру үшін, үй іргесіндегі жер жеткіліксіз болса, колхоз мүшелерінің жалпы жиналысының немесе уәкілдер жиналысының шешімі бойынша үй іргесіндегі жер, халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитетінің шешімімен ұлғайтылуы мүмкін.

Сол сияқты совхоз жұмысшыларының және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері қызметкерлерінің үй іргесіндегі жері жеткіліксіз болса, облыстык Кеңесі атқару комитетінің шешімімен ұлғайтылады. Колхоздың, совхоздың және басқа ауыл шаруашылық ұйымының қоғамдық өндіріске арналған жерлерін үй іргесіндегі жерлер есебінде пайдалануға болмайды.

Колхоз басқармасы, совхоз басшылығыжәне басқа ауыл шаруашылык кәсіпорындары мен мекемелерінің басшылары үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануда қол еңбегін жеңілдету үшін азаматтарға жер телімдерін айдап беруге, берілген жердің құнарлылығын арттыруға көмектесіп отыруға тиісті. Сонымен бірге азаматтардың жерлерді пайдалануын үнемі тексеріп, үзбей бақылау жасап отыруға міндетті.
Азаматтардың жерді пайдалану құқығының пайда болу, қысқартылу тәртіптері қандай?
Азаматтардың жерді пайдалану құқығы – халық депутаттары жергілікті Кеңестері атқару комитеттерінің колхоздардың, совхоздардың және басқа мсмлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тиісті шешімі негізінде жер телiмiнің шектері сол жердің өзінде белгіленіп, бөлінген жер сол азаматқа тіркеліп, оған жерді пайдалану құқығын куәлендіретін құжат берілгеннен кейін ғана жерді өңдеуге кірісуге болады.

Азаматтарға жер телiмiн пайдалануға құқық беретін куәлікті халық депутаттарының қалалық, аудандық (ауданға бөлінетін қалаларда), поселкелік, ауыллык, ауылдық Кеңестердің атқару комитеттері береді (Казақ ССР-інің Жер кодексінің 24–26-баптары).

Азаматтардың жер пайдалану құқығы мынадай жағдайларда қысқартылады (токталады): жер телiмiн пайдаланудан өз еркімен бас тартса, жер телiмi берілген мерзімнен өтсе, ауланың немесе отбасының барлық мүшелері басқа тұрақты мекенге көшсе, кызметіне сәйкес еңбек катынастарына байланысты жер үлесі берілгендегі еңбек қатынастары тоқтатылса, егер ССР Одағының және Қазақ ССР-інің заңында бұдан басқа тәртіп белгіленсе, ауланың немесе отбасының барлық мүшелері қаза тапса, жер телiмiн мемлекеттік немесе коғамдық мүдде үшін алу қажеттігі туса (Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 46-бабы)

Егер азамат Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 219-бабында көрсетілген жер телiмiн сатып алу-сату, кепілге беру, мұра етіп қалдыру, сыйға тарту, жалға беру, өз бетімен айырбастау және жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе бүркемелеп бұзатын басқа да келісімдер жасаса ондай әрекеттер заңсыз деп табылып, оның жер пайдалану құқығы қысқартылады.

Жер пайдалану құқығы жерді пайдаланбай иесіз қалдырғаны немесе еңбексіз табыс мақсатында пайдаланғаны, ауыл шаруашылығы жерлерін және басқа жерлерді бүлдіргені, оларды кірлі сумен ластағандығы, жерді жақсарту мен жел, су эрозияларынан және оны нашарлататын басқа да процестерден қорғау жөніндегі міндетті шараларды орындамағаны, уақытша пайдаланбаған жерді мерзімінде қайтарып бермегені немесе жерді тиісті мақсаттарға арнап пайдалану үшін жарамды құйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамағаны, жер телiмiн берілген максаттарға сәйкес пайдаланбағаны, жердің құнарлылығын сактау жөніндегі міндеттерді орындамағаны, арамшөптерді жою шараларын қолданбағаны үшін де қысқартылуы мүмкін.

Колхоздық Үлгі жарғысының 42-пунктіне сәйкес колхоздарда жер колхозшы отбасына (ауласына) оның мүшелерінің санына және олардың колхоздың қоғамдық жұмыстарына катысуыпа байланысты берілетіндіктен, осы ережелердің арақатынасына байланысты да, оған берілген жер мөлшері кысқартылуы мүмкін.

Жерді пайдалану құқығы қысқартылғаннан кейін азаматтар жерді одан әрі пайдалана берсе, жерді өз бетімен пайдаланған деп табылып, тиісті жауапқа тартылады. Жерді пайдалану тек заңда көрсетілген тәртіппен құшіне енеді (Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 22-бабы).
Азаматтардың жерді пайдалану құқығы мен міндеттері қандай?
Пайдалануға берілген әрбір жер телiмiнің қандай максатқа арналғанына сәйкес жер пайдаланушылардың мынадай құқығы бар:

тұрғын үйін, саябақ үйін, қора-қопсы құрылыстарын монша, гараж, жылыжай салуға, ауыл шаруашылық дақылдарын егуге, жеміс-жидек ағаштарын отырғызуға, шабындық, жайылымдық және басқа жерлерді пайда-лануға, жер телiмдеріндегі табиғи құрылыс материалдарын (құм, тас т. с.) шымтезекті және су байлығын шаруашылық қажетіне пайдалануға болады. Тұрғын үй, қора-қопсы, бақ, үйлері, отырғызылған жеміс ағашы олардың өнімдері, азаматтардың өзіндік меншігі, ол заңда көрсетілген тәртіп бойынша қорғалады.

Жер пайдаланушылардың құқықтары мемлекеттік мүдделер, сондай-ақ басқа пайдаланушылардың мүдделері үшін де заңмен шектелуі мүмкін. Ондай жағдайларда бұзылған құқықтар қайтадан қалпына келтірілуге, зияндардың есесі толтырылуға тиіс (Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 24–32 баптары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет