Бақ өсіру серіктестігі тексеру комиссиясының сайлану тәртібі мен оның міндеттері қандай?
Бақ өсіру серіктестігінің тексеру комиссиясын серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысы (уәкілдер жиналысы) екі жыл мерзімге, кемінде үш адамнан сайлайды. Тексеру комиссиясын мерзімінен бұрын қайта сайлау, серіктестік мүшелерінің кемінде 1/4-інің талап етуі бойынша, сондай-ақ кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеттерінің талап етуі бойынша немесе егер бау-бақша өсіру серіктестігі өзінің қызметін халық депутаттарының аудандық (қалалық) Кеңесі атқару комитетінің басшылық етуімен жузеге асыратын болса, соның талап етуі бойынша жүргізіледі.
Тексеру комиссиясы өз қызметінде тек серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысына (уәкілдер жиналысында) ғана есеп береді.
Тексеру комиссиясының міндеттері мынадай:
серіктестік басқармасының қаржы және шаруашылық қызметін жылына кемінде екі рет тексеріп және тексерудің нәтижелері туралы серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысына (уәкілдер жиналысына) баяндау;
жалпы жиналысқа басқарманың жылдық есебі бойынша қортындылар беру.
4. ҰЖЫМДЫҚ БАҚША ТЕЛІМДЕРІ
Жұмысшылардың, қызметшілер мен зейнеткерлердің ұжымдық бау-бақшалары үшін жер телімдерін беру тәртібі қандай?
Қалаларда, жұмысшы поселкелері мен ауыллық елді мекендерде көп қабатты үйлерде тұратын колхозшылардың, жұмысшылардың, қызметшілердің жеке зейнеткерлердің ұжымдық бау-бақшалары үшін жер телімдері мемлекеттік жер қорынан, оның ішінде қажет болған жағдайда колхоздардың, совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жерінен беріледі.
Аталған жерлерді бөліп беру және оларды кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге өлшеп үлестіру халық депутаттарының аудандық Кеңесі атқару комитетінің немесе егер бау-бақша белгіленген тәртіп бойынша халық депутаттарының ауыллық, ауылдық, поселкелік Кеңестеріне тікелей берілген жерден бөлінген болса, осы Кеңестің атқару комитетінің шешімі бойынша жүргізіледі.
Ұжымдық бау-бақша үшін берілген жерлерді азаматтардың пайдалану құқығы қандай?
Кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің жұмысшылары мен қызметшілеріне ұжымдық бақша өсіру үшін берілген жер олардың бірлесіп картоп және бақша көкөністерін өсіруге пайдаланылады. Мұнан өсі-рілгсн өнім ұжым мүшелеріне олардың жұмсалған еңбегіне қарай бөлінеді.
Егер ұжымдық бау-бақша үшін бөлінген жер ұжым мүшелерінің арасында бөлінетін болса, Қазақ ССР Жер кодексінің 105-бабына сәйкес, жер әр отбасына суарылмайтын жер — 0,15 гектардан, суармалы жер — 0,08 гектардан аспайтындай есеппен бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ұжым болып жерді өңдегенде, бау-бақша дақылдарын отырғызғанда, оларды құткенде, жинағанда жұмыс жасайтын жердің көлемі, ұжымдағы жұмысшылар мен қызметшілердің отбасыларына тиісті мөлшерден аспауы кереқ
Белгіленген нормада үй іргесіндегі жер телiмi, бау-бақша телiмi, қызметіне карай берілетін жер үлесі бар және үй-жай салу үшін учаске алған азаматтардың бақша телімдерін пайдалануға құқылы жоқ. Егср үй салатын учаске көлемі белгіленген нормадан аз болса, онда олар жетіспейтін жер бөлігі мөлшерінде бау-бақша егетін жерді пайдалануына болады. Бұл бау-бақша телiмi мен аталған учаскелерінің жалпы көлемі негізгі пайдаланатын жер нормасынан аспауы керек.
Ұжымдық бау-бақша өсіру үшін кәсіпорындардың, мекемелердің, және ұйымдардың жұмысшылар мен қызметшілерге көмегі қандай?
Ұжымдық бау-бақша өсіруде кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың және кәсіподақ комитеттерінің рөлі үлкен. Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Қазақ республикалық кәсіптікодақтар кеңесінің 1965 жылғы 13 наурызда «Жұмысшылар мен қызметшілердің ұжымдық бау-бақшасы туралы»184 қаулысына сәйкес жұмысшылар мен қызметшілер жұмыс істейтін кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары және кәсіп-одақ комитеттері, жұмысшылар мен кызметшілерге тиісті жердің бөліп берілуіне, тұқымдық және отырғызылатын материалдармен қамтамасыз етуге, жерлерді техникамен айдап беруге, жерді өңдейтін минералды тыңайтқыштар мен құрал-саймандардың жеткілікті болуына және егінді құтуге көмектеседі. Ұжымдық бау-бақша ұйымдастырған жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорындары, мекемелеріне аталған жұмыстарды техника күшімен атқару үшін колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен шарттар жасауға құқық берілген.
Аталған кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің басшылары мен кәсіподақ комитеттері ұжымдық бау-бақша егуге жср алу үшін жергілікті халық депутаттары Кеңесі аудандық атқару комитетіне жер беру жөнінде өтініш жасайды. Аудандык Кеңес екі аптаның ішінде өтінішті қарап, жерді бұрын пайдаланып жүргендерден рұқсат алып, жерге орналастыру ісін дайындайды және ұжымдық бау-бақша үшін жер беру туралы шешім қабылдайды.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтар мен ұжымдық бау-бақша бақшасының озат тәжірибесін насихаттау жөнінде қандай шаралар қолданылады?
Жергілікті халық депутаттары Кеңестерінің атқару комитеттері, кәсіподақ органдарымен аграрлык-өнеркәсіптік комитеттер және бірлестіктер мен бірлесе отырып, таңдаулы өзіндік қосалқы шаруашылықтарды, бау-бақша ұжымдары үшін байқаулар мен конкурстар өткізеді, озық тәжірибені насихаттайтын тиісті жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастырады.
Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарының бағбандар мен бакшашылар жұмысының бүкілодақтық бақкаулары өткізіледі. Олардың қорытындылары СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде, республикалық, өлкелік және облыстық көрмелерде шығарылып, жеңімпаздарға көтермелеу сыйлықтары беріледі.
Ұжымдық бау-бақша және бақша шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында қандай мазмұнды қаулылар қабылданды?
Аталған шаруашылықты одан әрі дамыту мақсатында, СССР Министрлер Кеңесінін 1986 жылғы 15 мамырдағы қаулысын орындау үшін Казақ ССР Министрлер Кеңесі 1986 жылы 25 маусымда қаулы қабылдады185. Онда облыстық атқару комитеттерінен Алматы қалалық атқару комитеті ұжымдық бау-бақша және бақша шаруашылығы үшін кәсіпорыңдарға, ұйымдар мен мекемелерге белгіленген тәртіп бойынша жер телімдері берілуін қамтамасыз ету, аталған атқару комитеттер және Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Қазақ ССР Халықтың тұрмыс қажетін өтеу министрлігі, Қазақ ССР Сауда министрлігі, Қазақ ССР Тұтыну қоғамдары одағы, Қазақ ССР Автомобиль транспорты министрлігі, Қазақ ССР Газдандыру жөніндегі мемлекеттік комитетіне 1987 жылдан бастап халықтың кірпіш, қиыршық тас,ұсақ тас, құм жәнс басқа жергілікті құрылыс материалдарына қажетін толық қанағаттандыру жөнінде тиісті шаралар жүзеге асырылды, ұжымдық бау-бақшаларда жаздық бау-бақша үйлері мен басқа да құрылыстар салу, әсіресе оларды толық дайын қүйінде өткізу шарттары негізінде салу, бау-бақша есіруші серіктестіктер мен бақшашылар ұжымдарына сауда, көлік және тұрмыс қажетін өтеу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызмет көлемі ұлғайтылуын, бағбандардың мұқтаждары үшін баллондардағы сұйытылған газ сатылуын, сондай-ақ оны (өтінім бойынша) тікелей бау-бақша өсіруші серіктестіктерге жеткізіп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз ету тапсырылған.
Көлік қызметі, басы артық ауылшаруашылық өнімді сатып алуды ұйымдастыру, отырғызылатын материалдар мен жеміс-жидек, көкөніс, гүл және басқа дақылдар тұқымымен, құрылыс материалдарымен дұрыс қызмет көрсету сияқты мәселелер де шешімін тапқан.
5. ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРАЙ БЕРІЛЕТІН ЖЕР УЧАСТКЕЛЕРI TУРАЛЫ
Қызметіне карай жер үлесін беру тәртібі қандай?
Қызметіне қарай берілетін жер үлесінің құқықтық тәртібі үй іргесіндегі жер телiмiнен, бау-бақша егу үшін немесе қора-жай салуға берілетін жерлерден айырмашылығы бар.
Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 174-бабында қызметіне қарай берілетін жер көлік, орман шаруашылығы, ағаш өнеркәсібі, байланыс, су, балық, аңшылық шаруашылығы, сондай-ақ халық шаруашылығының кейбір басқа салалары қызметкерлерінің жекелеген категорияларына беріледі деп көрсетілген. Қызметкерлердің аталған категорияларын Қазақ ССР Министрлер Кеңесі белгілснді.
Қазақ ССР Министрлер Кеңесі 1962 жылы 25 қыркүйекте «Су шаруашылығы үшін берілетін жерлерді, автомобиль жолдарының алқабын, ішкі су жолдарының жағалау тілімдерін және қызметіне қарай жер үлестерін беруді және пайдалануды ретке келтіру туралы»186 қабылдаған қаулысында қызметіне карай берілетін жер үлесін алатын жұмысшылар мен қызмстшілердің катс-гориялары көрсетілген. Кейіннен бұл қаулыға бірнеше рет Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің толықтырулары мен өзгертулері енгізілген187.
СССР Министрлер Кеңесінің 1979 жылғы 12 сәуірдегі «Магистральды су құбырларын қорғауды құшейту туралы»188 қаулысында магистральды су құбырлары жүйесі линияларын қарайтын және қорғайтын жұмысшыларға қызметіне қарай берілетін жер үлестерін алу құқығы белгіленді.
Қызметіне қарай берілетін жер үлесін алуға құқылы жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына теміржол транспортының линиялық және басқа барлық қызметкерлері жатады.
Қызметіне қарай берілетін жер үлесін пайдаланушы жұмысшылар мен қызметшілердің тізімі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулыларымен бірнеше рет толықтырылды. Мысалы, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі 1964 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен қызметіне қарай берілетін жер үлестерін бөлу туралы Ережені, мемлекеттік қорықтар мен аң шаруашылығының кызметкерлеріне, теміржол транспортының жүк тие-түсіру өндірістік учаскелер мен механикаландырылған дистанциялардың қызметкерлеріне қолдану туралы 1967 жылғы 19 маусымда қаулы қабылданды.
Қызметіне қарай берілетін жер үлесін бөлу тәртібі қандай?
Қызметіне қарай берілетін жер үлесі тиісті министрліктер мен ведомстволар кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің пайдалануындағы жерден, ал мұндай жер жетпеген құнде мемлекеттің қорындағы жерден және мемлекеттік орман қоры өскен жерлерден бөлінеді.
Қызметіне қарай жер үлесін кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің пайдалануындағы жерден олардың әкімшілігі береді, ал мемлекет қоры мен мемлекеттік орман қоры жерінен халық депутаттарының аудандық Кеңесі атқару комитетінің шешімі бойынша беріледі.
Қызметкердің немесе оның отбасының үй іргесінде пайдаланатын телiмi немесе бақшасы, бау-бақша телiмi болса, онда олардың мөлшері, қызметіне берілетін жер үлесінің мөлшеріне енеді. Онда қызметіне қарай берілстін жердің көлемі, осы аталған жерлерді шығарып тастағандағы қалған мөлшеріне қарай белгіленіп беріледі, яғни аталған жерлер мен қызметіне қарай берілетін үлестің жалпы көлемі, қызметіне карай берілетін жердің көлемінен аспауға тиіс.
Қызметіне қарай берілетін жер үлесінің мөлшері
Қызметіне қарай берілетін жер үлесінің мөлшері Қазақ ССР-інің, Жер кодексінің 177 бабында көрсетілген. Ол: әр отбасына суарылмайтын жерден – 0,50 гектарға дейін айдалатын жер, суармалы жерден – 0,25 гектарға дейін белгіленеді. Бұл жерден басқа өз мсншігінде малы болса, екі гектарға дейін шабындық беріледі. Бұл жерлер қызметкердің жоғарыда аталған шаруашылықтардың қайсысында істейтініне және отбасы мүшесінің санына байланыссыз беріле береді.
Қызметіне қарай берілетін жер үлесін пайдалану құқығын сақтайтын қандай заң негіздері бар?
Қартайғандықтан зейнетке шығуына немесе мүгедек болуына байланысты қызметкерлер жұмыстан босаған кезде, қызметіне қарай белгіленген мөлшерде берілген жер үлесін пайдалану құқығы өмір бойы сақталады. Бұдан басқа қызметіне қарай белгіленген мөлшсрде жер үлесін пайдалану құқығы мына қызметкерлердің отбасына сақталады:
а) СССР Қарулы Құштерінің қатарына әскери міндетті мерзімге шақырылғандардың, сондай-ақ оқуға түскен қызметкерлердің әскери міндетті орындауда немесе оқу орнында жүргед барлық уақытында;
б) міндетті қызметін орындау үстінде қаза тапқан адамдардың еқбекке жарамсыз жұбайына және қарт ата-аналарына өмір бойы, ал балаларына – олардың жасы кәмелетке толғанға дейін сақталады (Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 178-бабы).
Қызметіне қарай берілетін жер үлесі қандай жерлерден бөлінеді?
Қызметіне қарай берілстін жер үлесі тиісті министрліктер мен ведомстволар кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің пайдалануындағы жерден, ал мұндай жер жетпеген күнде – мемлекеттің қорындағы және мемлекеттік орман қоры сақталған жерінен бөлініп беріледі. Қызметіне қарай жер үлесін кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің пайдалануындағы жерден олардың әкімшілігі береді, ал мемлекет қорынан берілетін жер халық делутаттарының аудандық Кеңесі атқару комитетінің шешімі бойынша беріледі.
Ара өсіруші әуесқойлардың құқықтары мен міндеттері қандай?
Олар омартаға қойылған шектеулердің жойылғанын еске ала отырып, өзінің мүмкіншілігіне қарай омарта ұстай алады. Өндірілген омарта өніміне өз билігін жүргізеді.
КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесі «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарын, ұжымдық бау-бақша дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысында ауыллық аудандарда омарташылар қоғамдарын ұйымдастырып, оларды қажетті құралдармен, жылжымалы платформалармен камтамасыз етуді, азаматтардың ара ұялары жөніндегі қажеттерінің толық қамтамасыз етілуін ескеріп, омарталардың жұмысын жақсартуды қажет деп тапты.
Ара өсіруші әуесқойлардың құқықтары мен міндеттері негізінен Қазақ ССР-інің ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамының (Қазпчеловод) Жарғысымен реттеледі, Ол Жарғы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1983 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен бекітілген189.
Ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамы колхозшылардың, жұмысшылардың,қызметкерлердің және басқа азаматтардың өзіндік шаруашылыктарында ара шаруашылығын өркендсту, осы саланың өнімін өндіріп, мемлекетке сатуды ұлғайту мақсатында ара өсіруші әуесқойларды біріктіретін ерікті қоғамдық ұйым болғандықтан, қоғам өз қызметінде СССР мен Қазақ ССР-інің қолданылып жүрген заңдарын, өз Жарғысын және Қазақ ССР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетімен, Қазақ ССР Орман шаруашылығы министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен, кооперативтік және өзге қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамының құқықтары қандай?
Халық арасында қоғам мақсаттары мен міндеттерін кеңінен насихаттайды. Қоғам мүшелері мен ұйымдарының арасында жарыс ұйымдастырады, жұмыста таңдаулы нәтижелерге жету үшін конкурстар өткізеді, ара шаруашылығы мәселелері жөніндегі әдебиетті белгіленген тәртіп бойынша басып шығаруды жүзеге асырады, әуесқойдың, ара шаруашылығының озық әдістерін қорытып, таратады. Қоғам мүшелерінің асыл тұқымды аналық араларды және бал шаруашылығы құрал-саймандарын алуына жәрдемдеседі, сондай-ақ қоғамының міндеттеріне сай келетін шараларды бірлесіп әзірлеп жүргізу үшін ғылыми, шаруашылық және басқа ұйымдармен байланыс жасай алады.
Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың қосалқы ауыл шаруашылығының, мектептер мен бау-бақша шаруашылығы серіктестіктернің ара отбасыларын алуына жәрдемдеседі.
Әуесқой ара шаруашылығын өркендету мақсатында тиісті көрмелер, саяхаттар, кеңестер, лекциялар, семинарлар, баспасөзде жариялау үшін материалдар ұйымдастырады және кинофильмдер жасап шығаруға тапсырыс береді.
Қажетті мүлік алып, оған иелік етеді, қызметі қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін кәсіпорындар мен ұйымдарды белгіленген тәртіп бойынша құрады, соңдай-ақ қоғамның мұқтаждары үшін өндірістік және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандар салуды жүзеге асырады.
Ара өсіруші ерікті қоғамы заңды ұйым құқығымен пайдаланады, қазақ және орыс тілдерінде аты жазылған мөрі мен мөртабаны болады, заң бойынша өндіріп алынуы мүмкін өз иелігіндегі қаражаттармен және мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
6. АРА ӨСІ РУШІ ЕРІКТІ ҚОҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ
Ара өсіруші әуесқойларды өнім өндіруді барынша ұлғайтып, сапасын арттыру мақсатында, ара шаруашылығын ұйымдасқан түрде өркендету үшін біріктіреді.
Ара шаруашылығы өнімін өндірген кезде табиғи материалды және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастырады.
Ауыл шаруашылық дақылдарының, бау-бақшалардың шығымдылығын арттырып және ара шаруашылығы өнімін молайту жолында оларды жан-жақты өсіруге жергілікті ауыл шаруашылық органдарына жәрдемдеседі.
Ара шаруашылығын өркендету үшін шірнелі дақылдар егістіктері мен ағаштарды неғұрлым толық пайдаланады.
Қоғам мүшелерінің құрал-сайман, жасанды балауыз, аналық аралар, арасы бар пәкеттер, аралардың аурулары мен зиянкестеріне қарсы құресу жөніндегі құралдар алуына көмек көрсетеді.
Қоғам мүшелерін ара отбасыларының санын арттырып және олардың тұқымын жақсартуға жұмылдырып, осы шаруашылықтағы рационализаторлық пен өнертапқыштыққа жәрдемдесіп, сондай-ақ әуесқой ара шаруашылығына ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибені енгізеді.
Омарта ұстайтын қоғам мүшелерінің малдәрігерлік-санитарлық ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асырып және омарталарды паспорттауды дер кезінде жүргізеді.
Шыбын-шіркеймен тозаңданатын (энтомофильное растение) өсімдіктердің неғұрлым толық тозаңдануы және ара шаруашылығынан өнім өндіруді ұлғайту мақсатында жергілікті ауыл шаруашылық, сондай-ақ орман шаруашылығы органдарымен бірлесіп, омарталарды шірнелі табиғи өсімдіктер өскен жерлердің маңына орналастырады.
Қоғам мүшелерінен балдың және басқа да ара шаруашылығы өнімдерінің артығын сатып алуда Қазақ ССР-інің дайындау ұйымдарына жәрдемдеседі.
Ара өсіруші әуесқойлардың ерікті қоғамына кімдер мүше бола алады?
18 жасқа толған, Қоғам Жарғысын мойындайтын және оның, бастауыш ұйымының бірінде жұмысқа қатысатын азаматтар Қазақ ССР-інің Ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамының мүшесі бола алады. Мүшелікке қабылдан-ғандарға Қоғам белгілеген үлгідегі мүшелік билет беріледі.
18 жасқа толмаған азаматтар Қоғамның республикалық Кеңес бекіткен ереже негізінде жұмыс істейтін, Қоғамның бастауыш ұйымдары жанындағы жас өспірімдер секцияларына бірігеді.
Қоғам мүшесіне қабылдауды бастауыш ұйымдар мүше болушының арызы негізінде жүргізеді.
Ара өсіруші ерікті қоғам мүшелігіне қабылданбаған жағдайда шағымды кім қарайды?
Қоғам мүшелігіне қабылданбаған азамат шағымдарын Қоғамның тиісті жоғары ұйымдарының кеңестері қарайды.
Ара өсіруші ерікті қоғамы мүшесінің міндеттері қан-дай?
Қоғам Жарғысын бұлжытпай орындау, қоғамның қызметіне байланысты барлық мәселслерді талқылауға және алынған шараларға қатысу, жаңа мүшелср алу мақсатында қоғамның ролі мен маңызы туралы халық, арасында түсінік жұмысын жүргізу, оның мүлкіне ұқыпты қарау, Қоғам сьездерінің, конференцияларының және жиналыстарының шешімдерін орындау, Қоғамның бастауыш ұйымының біріндегі жұмысқа белсене қатысу, мамандандырылған магазиндер арқылы ара отбасыларын, аналық араларды, ара шаруашылығына қажетті инвентарды, аралар ауруларының профилактикасы мен оларға қарсы құресуге арналган препараттарды сатып алуда артыкшылық құқықмен пайдалану, зоотехникалық және малдәрігерлік-санитарлық ережелерді орын¬дау, мүшелік жарналарды удайы төлеп тұру, өз омарталарындағы ара отбасыларын бағып-құтуде және ұстауда жалдама еңбскті қолданбау-бақша.
Ара өсіруші ерікті қоғамы мүшесінің құқықлары қан-дай?
Қоғам өткізетін жиналыстар мен кеңестерге шешуші дауыспен қатысуға құқылы, қоғамның съездері мсн конференцияларына, сондай-ақ қоғамның басшы және тексеру органдарына сайланады және сайлайды, қоғамға бөлінгсн шірнелі учаскелерге омарталар орналастырады, бал жинау үшін оларды тасымалдауға қоғамның көлігін пайдаланады, Қоғам ұйымдары өткізетін көрмелерге қатысады, Қоғам ұйымдары кеңестері төралқасының ара шаруашылығы мәселелері жөнінен кеңестер алады, ара шаруашылығы қызметінің мәселелері жөнінде Қоғамның барлық органдарына ұсыныстар енгізеді, Қоғам ұйымдастыратын курстарда оқиды және Қоғамның кітапханасын пайдаланады. Қоғам мүшелігінен шығарылған жағдайда, бастауыш ұйым шешіміне риза еместігі туралы оның органдарына шағым жасай алады.
Ара өсіруші ерікті қоғамдық ұйым құрылымының принциптері қандай?
Ара өсіруші ерікті қоғамы өзінің ұйымдық құрылымында демократиялық орталықтандырудың принциптерін басшылыққа алады. Соған орай Қоғамның барлық басшы органдары төменнен жоғарыға дейін сайланады, «Ара өсіруші ерікті» қоғамы органдары және жоғары органдары алдында дүркін-дүркін есеп беріп отырады, азшылық көпшілік шешімдеріне бағынады, жоғары органдар шешімдері төменгі тұрған органдар мен қоғам мүшелері үшін орындалатын міндет болып саналады.
Ара өсіруші ерікті қоғамы қандай жағдайда құрылады және оның құрылымы қандай?
Қазақ ССР-інің Ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамы аумақтық белгі бойынша құрылады. Бастауыш ұйымдар аудандық, қалалық және облыстық қоғамдарға бірігеді.
Қазақ ССР-інің Ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамының съезі жоғарғы органы болып табылады, ол кемінде 5 жылда бір рет шақырылады. Қоғамның кезектен тыс съезі Қоғамның республикалық кеңесінің бастамасы бойынша немесе Қоғамның облыстық ұйымдарының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша шақырылуы мумкін. Съезд мәжілістерінде барлық мәселелер жай көпшілік дауыспен, ашық дауыс беру жолымен шешіледі.
Қазақ ССР-інің Ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамы съезінің шақырылу уақытын, өкілдік нормалары мен жұмыс бағдарламасын Қоғамның республикалық кеңесі белгілейді. Съезге делегаттар облыстық қоғамдар конференцияларында ашық дауыспен сайланады, Коғамның республикалық съезі, облыстық, қалалық, және аудандық конференциялары, егер оларға сайланған делегаттардың кемінде жартысы қатысып отырса, құқықты деп саналады.
Қоғамның жергілікті ұйымдары, оның жоғары ұйымдары кеңесі төралқасының келісуі бойынша тиісті конференциялардың шешімдерімен облыстарда, аудандарда, қалаларда құрылады. Коғамның облыстық, аудандық ұйымдары заңды ұйым құқықтарымен пайдаланады, қазақ және орыс тілдерінде аттары жазылған мөрлері мен мөртабандары болады.
Қоғамның облыстық, аудандық және қалалық ұйымдарының конференциялары – жоғарғы басшы органдары болып табылады, олар кеңестер мен тексеру комиссияларын екі жарым жыл мерзімге сайлайды.
Қоғамның облыстық, аудандық, қалалық кеңестері өз құрамынан кеңестің тиісті Төралқаын сайлайды.
Жергілікті қоғам ұйымдарының конференциялары, кеңестері, кеңестердің төралқалары мен тексеру комиссиялары өз қызметін Қоғамның съезі, Республикалық кеңесі, республикалық кеңестік Төралқасы және Орталык тексеру комиссиясы үшін Қоғамның Жарғысында көзделгсн тәртіпке бейімдеп жүзеге асырады.
Облыстық ұйымдар Қоғамның Республпкалық кеңесінің, ал аудандық және қалалық қоғамдар, Қоғамның облыстық, кеңесінің басшылығымен жұмыс істейді, ал облыстық кеңес Қоғамның Республикалық кеңесінің облыс үшін белгіленген көрсеткіштер шеңберінде, олардың жоспарларын, есептерін, еңбек жөніндегі лимиттерін және шекті қаржыларын бекітеді.
Бастауыш ұйым Қазақ ССР-інің Ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамының негізі болып табылады. Қоғамның бастауыш ұйымдары халық депутаттары поселкелік, ауыллык, ауылдық Кеңестерінің аумағында, үй басқармалары жанында, кәсіпорындарда, мекемелерде, шаруашылық, кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда, ғылыми мекемелер мен оқу орындарында Қоғамның кемінде 15 мүшесі болған жағдайда құрылады.
Жалпы жиналыс Қоғамның бастауыш ұйымының, жоғары органы болып табылады. 15-тен астам мүшесі бар Қоғамның бастауыш ұйымдары бір жыл мерзімге бюро сайлайды. Мүшелер саны бұдан аз болған жағдайда сол мерзімге уәкіл сайланады. Бюро мүшелерінің сандық құрамын Қоғамның бастауыш ұйымның жалпы жиналысы белгілейді. Қоғамның бастауыш ұйымының бюросы өз құрамынан төраға мен хатшы сайлайды. Бастауыш ұйым тиісті аудандык немесе қалалық қоғам Кеңесінің басшылығымен жұмыс істейді.
Ара өсіруші ерікті қоғамының съезі қандай мәселелерді қарайды?
Ара өсіруші ерікті Қоғамның съезі өз Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қарап, қабылдайды. Қоғамның. республикалық кеңесі мен Орталық тексеру комиссиясын 5 жыл мерзімгс сайлайды, Республикалық кеңес пен Орталық тексеру комиссиясының сандық құрамын белгілейді.
Қоғамның республикалық кеңесі, Қазақ ССР-інің Ара өсіруші әуесқойлар ерікті қоғамы съездері аралығындағы кезеңде қоғамды басқарудың жоғары органдары болып табылады.
Ара өсіруші ерікті қоғамының республикалық Кеңесі қандай мәселелерді қарайды?
Қоғамның республикалық кеңесі өз құрамынан Қоғамның Республикалық кеңесінің Төралқасын, оның, төрағасын, төрағасының орынбасарлары мен жауапты хатшысы сайлайды. Республикалық кеңес Төралқасы мүшелерінің санын Ара өсіруші ерікті қоғамының Республикалық кеңесі белгілейді.
_ Ара өсіруші ерікті қоғамы СССР мсн Қазақ ССР-інің қолданылып жүрген заңдары мен оның Жарғысына сәйкес қоғамның бүкіл қызметіне басшылық етеді, Қоғам кеңесінің жұмыс жоспарын бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді, өз съездерінің шешімдерін жүзеге асырады, партия мен үкіметтің Қоғам қызметіне қатысты қаулыларының орындалуын ұйымдастырады. Қоғам Жарғысының сақталуын бақылайды.
Қоғамның республикалық Кеңесі Төралқасының өндірістік-қаржы жоспарларын, кіріс-шығыс сметаларын, қызметкерлер санын және еңбекақы қорын, өндірістік-қаржы қызметінің есептерін белгіленген тәртіп бойынша қарап, бекітеді. Тексеру комиссиясының ұсыныстары мен қорытындыларын және жергілікті қоғамдардың ұсыныстарын қарайды.
Сонымен бірге Қоғамның кеңесі, Қоғамның кезекті съезін өткізу уақытын белгілейді, оған баяндамалар, есептер және басқа материалдар әзірлейді, қоғам мүшслері үшін көтермелеу шараларын белгілейді, қоғам қызметіне байланысты басқа да мәселелерді қарайды. Қоғамның республикалык Кеңесі мәжілістерді жылына кемінде бір рет өткізеді. Онда қаралатын мәселелер көпшілік дауыспен шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |