2.Тапсырма : сабақ фрагментін жоспарлаңыз.
Алгоритмі:
Сынып, пән, тоқсан, бөлім, тақырыпты таңдаңыз.
Оқу мақсатын таңдаңыз.
Оқыту мен оқудың тиімді тәсілдерінің және белсенді оқу тәсілдерінің бірін қолданып, тапсырма құрастырыңыз.
Құрастырған тапсырманы орындату кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін қалай ескересіз? Саралаудыңқандайтәсілінқолданасыз? Саралау тәсілін тапсырманың астына жазып көрсетіңіз.
Сынып
|
6 - cынып
|
Пән
|
Қазақ тілі
|
Тоқсан
|
2-бөлім:
Ұлттық және отбасылық құндылықтар
Фонетика. Екпін түрлері
|
Бөлім, тақырып
|
Ұлттық құндылықтар- ел қазынасы. Екпін және оның түрлері
|
Оқу мақсаты
|
Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлға қалыптасады.
|
Тапсырма
|
«Карточкадағы терминдер» әдісі
Тапсырма: Сыныпты аралап жүріп, осы термиді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіріп береді.
Жеті қазына
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Жүйрік тазы (ит)
Жеті ата
1. Бала
2. Әке
3.Ата
4.Арғы ата
5. Баба
6. Түп ата
7. Тек ата
Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз
2. Күлкі арсыз
3. Тамақ арсыз
Үш тәтті
1. Жан тәтті
2. Мал тәтті
3. Жар тәтті
Саралау тәсілі. Диалогтік тәсіл. Балалар терминді түсіндіру барысында бірбірін түсінбеуі, ақпарат толық жетпей қалуы мүмкін. Мысалы қабілеті төмендеу оқушы терминді түсіндіру барысында деңгейі жоғары оқушы бұл түсіндіруді өте қарапайым көруі мүмкін немесе керісінше қабілеті жоғары оқушының түсіндірген ақпаратын қабілеті төмен оқушы түсіне алмауы мүмкін. Сол уақытта көмекке мұғалім келеді. Әр баланың түсіну деңгейіне қарай Мұғалім диалог тәсілін пайдалану арқылы баланың түсінбей отырған мәселесін сұрап, толықтырып ақпарат береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |