Күнделікті тірліктегі ерліктер
«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының «Кең жүрек» белгісімен аталып өтті.
Ерлік жасау үшін соғыс керек емес. Адамдарды жақсы көріп, өмірді сүйе білген жан ерлік қимыл да жасай алады. Мұны күнделікті тірлік көрсетіп жүр. Ондай адамның жүрегінен барлығына орын табылады. Гүлжауһар мен Нұрлан Төлегеновтер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бірнеше ұлттың балаларын асырап отыр. Жақында олардың отбасы тағы да жеті жасар Женямен толықты. Жас отбасы болашақта отбасылық балалар үйін ашқысы келеді. Олар тастанды балалар адамдар тарапынан тас жүректікті, мейірімсіздікті емес, құстың ұясындай отбасының жылуын сезініп өссе екен дейді және оны өздері жүзеге асырғысы келеді. Қазір бұл отбасында барлығы он бала өсіп келеді. Міне, ерлі-зайыпты жастардың бұл қадамын ерлік деуге болмай ма? Әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: |