Фашистерді жарнамалау жақсылық емес
Немістің DerLandser журналы америкалық еврейлердің зәре-құтын алып отыр. Өйткені, онда неміс ұлтшылдығын мақтап, СС солдаттарының «ерлігі» дәріптелген көрінеді. Қазір америкалық еврейлердің Симон Визенталь орталығы неміс билігінен журналды жабуды талап етіп отыр.
Еврей қауымын дүрліктірген журналдың соңғы нөмірлерінің біріндегі неміс-фашист солдаттарының Грекияда түскен суреттері екен. Онда неміс солдаттары жергілікті тұрғындармен емен-жарқын әңгімелесіп, жақсы көңілде тұр. Өздерінен басқа адамзатты құртуды көздеген армияның солдаттарын бұлай бейнелеуге болмайды, дейді еврей қауымдастығы. Бұл аталмыш журналдың бірінші рет сынға ұшырауы емес.
Достарыңызбен бөлісу: |