Сейказин Рустем Болатович. 0304000 «Стоматология» мамандығының 0304023 «Дантист»біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы


МЕЛАНХОЛИК сылбыр, бос, көңіл күйі үнемі түсіп тұратын психологиялық тұрғыда әлсіз адам МИОКАРД



бет25/30
Дата05.04.2024
өлшемі120,04 Kb.
#200547
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
apat medicinasy

МЕЛАНХОЛИК сылбыр, бос, көңіл күйі үнемі түсіп тұратын психологиялық тұрғыда әлсіз адам
МИОКАРД (грекше “myos” – “бұлшықет”, “cardiа” – “жүрек”) – жүрек қабырғасының едәуір қалың бұлшықетті қабаты. Ол омыртқалы жануарлардың жүрегінде көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жүректегі миокард қабаты қарыншаларда (әсіресе сол жақ қарыншада) едәуір қалың болады.
МИОЦИТТЕР (“myos” – “бұлшықет”, “kytos” – клетка) – бұлшықет ұлпасының ең кіші құрылымдық әрі қызметтік бірлігі.
НЕЙРОН (грекше “neuron” – “жүйке”) - әрі қозғыштық, әрі өткізгіштік қабілеті бар жүйке жүйесінің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Оны кейде жүйке клеткасы немесе нейроцит деп те атайды.
НЕЙРОГЛИЯ (грекше “neuron” – “жүйке”, “glia” – “желім”) – жүйке ұлпасының қосымша клеткаларының жиынтығы. Ол нейрондардың және оларды қоршап жатқан капилляр қантамырларының арасын толтырып тұрады да нейрондардағы зат алмасуға қатысады. Бұл терминді ғылымға алғаш рет 1846 жылы неміс ғалымы (клетка теориясын ашқандардың бірі) Р.Вирхов енгізген. Орталық жүйке жүйесі көлемінің 40 пайызға жуығын нейроглиялар құрайды.
НЕФРОН (грекше “nephros” – “бүйрек”) – омыртқалы жануарлардың бүйрегінің негізгі құрылымдық, әрі қызметтік бірлігі. Адамның екі бүйрегіндегі нефрондар саны 2 млн-ға жуық. Ол бүйректен зәрдің түзілуін қамтамасыз етеді.
ОРГАНИЗМ (латынша “organizo” – “белгілі бір тұрпат (түр) беремін”) – жалпы алғанда, тірі организм – биологиялық біртұтас жүйе. Ол өзара бір-біріне байланысты түрде қызмет атқарады. Организмдер бірклеткалы және көпклеткалы деп бөлінеді. Организм қазақша ағза деген ұғымды білдіреді.
ПЕРИКАРД (грекше “peri” – “айналасы”, “cardiа” - жүрек) жүректі сыртынан қоршап тұратын дәнекер ұлпалы берік қалта. Оны кейде жүрек қалташасы деп атайды. Перикардты қазақша үлпершек дейді.
ПЛЕВРА (грекше “pleura” – “қабырға”, “айнала”) – құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың жалпы дене қуысын астарлап жататын және өкпенің сыртын қоршап жататын серозды қабық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет