ФЛЕГМАТИК сабырлы, саналы, барлығын ақылға салатын тұрақты, момын адам
ФАСЦИЯ (латынша “fascia” – “орама”, “белбеу”) омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелері мен бұлшықеттерінің сыртын орап жататын дәнекер ұлпалы қабық. Ол тіректік және қоректік қызмет атқарады.
ФРОНТАЛЬДЫ ЖАЗЫҚТЫҚ(фрацузша “phrontalis” - маңдай) маңдайға параллель жүргізілген жазықтық. Ол адам денесін құрсақ және арқа бөліктеріне бөледі.
ХОЛЕРИК эмоциональды жағдайы күрт өзгеретін, тұрақсыз, шыдамсыз, тез ашуланатын, сабырсыз адам
ЭНДОКАРД(грекше “endo” – “ішкі”, “kardia” - жүрек) – омыртқалы жануарлардың жүрек қуыстарын ішкі жағынан астарлап жататын жүректің ішкі қабаты.
ЭНДОЛИМФА (грекше “endo” – “ішкі”, “lympha” – мөлдір сұйықтық) - ішкі құлақтағы ұлулы дене мен вестибулярлық аппараттағы (кіреберіс бөлім мен үш иірім өзекшелердегі) қуыстарда болатын тұтқыр сұйықтық. Ол дыбыс толқындарын өткізуге қатысады.
ЭНТОДЕРМА (грекше “endo” – “ішкі”, “derma” – “тері”) жануарлардың ұрығының даму кезінде пайда болатын ішкі ұрық жапырақшасы.
ЭПИДЕРМИС (гркше “ері” – “сыртқы”, “derma” – “тері”) омыртқалы жануарлар мен адамның терісінің эпителий ұлпаларынан түзілген сыртқы қабаты. Оның сыртқы мүйізді қабатындағы клеткалар тіршілігін жойған кезде қайызғақ түрінде түлеп, түсіп отырады. Омыртқасыздардың эпидермисі (гиподерма) бірқабатты, ал омыртқалы жануарлардың эпидерсмисі көпқабатты болып келеді.
ЭПИКАРД(гркше “ері” – “сыртқы”, “cardiа” – “жүрек”) омыртқалы жануарлар мен адамның жүрегінің сыртын тікелей қаптап тұратын эпителий ұлпаларынан түзілген жұқа қабаты.
ЭПИТАЛАМУС (гркше “ері” – “сыртқы”, “thalamus” – “бөлме”) аралық мидың төмпешік үсті бөлімі. Оның құрамына эпифиз бен жүгендік ядро кіреді. Ол лимбикалық жүйемен тығыз байланысқан.
ЭРИТРОЦИТТЕР(грекше “erithros” – “қызыл”, “kytos” – клетка) кейбір жануарлар мен адам қанының құрамында болатын қан клеткаларының жеке тобы. Олар оттекті өкпеден ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.