Әлеуметтік саладағы мемлекеттің ең маңызды қызмет ету бағыттарының бірі білім беру жүйесінің барлық сатыларын реформалау. Республикамызда соңғы жылдары мүлде жаңа сипаттағы мектептер жүйесі дами бастады. Қазіргі кезеңде Қазақстанда мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғарыдан басқару принципіне негізделген Еуропалық типтегі зайырлы білім беру жүйесі жұмыс істейді. Сала құрылымында барлық білім беру баспалдақтарының сабақтастық принципі енгізілген.

Еліміздегі білім беру саласын әлемдік деңгейге көтеру кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқандығы белгілі. Жыл өткен сайын мемлекеттік бюджеттен білім саласына бөлінетін қаржы өсе түсуде. Мәселен, 2006- жылы білім саласына бюджеттен 344 млрд.теңге бөлінсе, 2009-жылы бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі 540 млрд, теңгеге жеткізілді.[9] Мемлекет басшысының Жарлығымен білім саласын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламасы жасалды.