Тақырыбы: Гвардияшы-панфиловшы жерлес жауынгер
Секция: Тарих
Облысы: Қызылорда
Ауданы: Шиелі
Мектебі: №149 «Қызылту» орта мектебі
Орындаушы: Әбутәліпова Айпатша
Жетекшісі: Биімбетова Коммуна
2016 жыл
Тақырыбы : Гвардияшы-панфиловшы жерлес жауынгер
Жоспар
І. Кіріспе
Ұлы Отан соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы
ІІ. Зерттеу бөлімі Ерлік ел талғамайды
1. Ел атағын - ер шығарар (Өмірі мен қызметі)
2. Ардагер жетістігі- ел жетістігі (марапаттары, жетістіктері)
3.Польша жерінде (деректі әңгіме)
4.Сарғыш суреттер сыры
5.Күнделік беттерінен
ІІІ.Қорытынды
Сарғайса да тарихтың ақпарағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады
ІV. Ұсыныстар
V. Пайдаланылған әдебиеттері
-1-
№149 «Қызылту» орта мектебінің
оқушысы Әбутәліпова Айпатшаның
«Гвардияшы-панфиловшы жерлес
жауынгер» атты ғылыми жобасына
Аннотация
«Қатардағы жауынгер» секциясына ұсынылып отырған Айпатшаның «Гвардияшы-панфиловшы жерлес жауынгер» атты ғылыми жобасында алдына қойған мақсытын толықтай орындаған.
Гвардияшы,панфиловшы жерлес жауынгер Қалдыбай Нұртазаевтің Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлігі ,өнегелі өмірі жайлы нақты мәліметтерге,деректерге сүйене отырып, тақырыпты аша білген.Бұл жұмыстың жас ұрпақты ата-баба ерлігін құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор .
Пікір жазған: К.Биімбетова
-2-
Кіріспе
Тақырыптың мақсаты мен міндеті
Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты- Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Қалдыбай Нұртазаевтің өнегелі өмірінің,өшпес ерлігінің жас ұрпақты отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа,еңбекқорлыққа,ұқыптылыққа,адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызына тоқталу.Дархан пейілді,жомарт мінезді,өз ұлтын сүюші,өзге ұлттарды құрметтеуші,адамгершілігі мол,жүрегінен иманы иөгілген қарапайым,өз ерлігінің және еңбегінің арқасында даңққа бөленген соғыс ардагері және еңбек адамының шынайы бейнесін ашу.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылады:
-Қ.Нұртазаевтің өмірін,ұлы майдандағы ерлігін, бейбіт өмірдегі еңбегін зерттеп,тарихи-ғылыми тұрғыдан талдау;
-Қ.Нұртазаев өмірі,мұралары жайлы қажетті деректер алу;
-Туған ел,туған жер алдындағы майдангер атамыздың ерлігін, сіңірген еңбегін жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік өрнегін айқындау.
Зерттеудің нысаны
Зерттеудің нысаны Қ.Нұртазаевтің өмірі,майдандағы ерлігі,бейбіт өмірдегі қызметі,майдангер жайлы жазылған мұралар негіз болып отыр.
Зерттеудің жаңашылдығы
Соғыс және еңбек,партия ардагері Қ.Нұртазаевтің өмірі мен артында қалдырған мол мұрасы ғылыми тұрғыдан зерттеліп,қажетті мәліметтер жиналып,жүргізілді.
Зерттеудің дереккөздері
Зерттеу жұмысының материалдары ретінде ата жайлы жазылған мақалалар,деректі әңгімелер,атаның күнделіктері,жазысқан хаттары,ауыл адамдарының, жұбайының,ұрпақтарының естеліктері негіз болды.
Зерттеудің әдістері
Зерттеуде баяндау,сұхбаттасу,жинақтау,саралау,тарихи-ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды.
-3-
Зерттеудің құрылымы
Жұмыс кіріспеден, бес тараудан,қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Ұлы Отан соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы
Нұрсұлтан Назарбаев:
Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.
Бұл күн- әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.Бұл күн- бүгінгі ұрпақтың сіздер силаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні.
Тағзым
ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет қайсы десек,ол екінші жаһан соғысы дер едік,себебі, оған әлем халықтарының 80% қатысып,майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды.40 елдің жері соғыс өртіне шарпылып,110 миллион адам қолына қару алды.Олардың арасында кешегі көп ұлттан тұратын Кеңес Одағы атты алып ел де бар еді.
Сол кездегі КСРО үшін бұл Ұлы Отан соғысы болды.Қазір кім қалай десе де,міне,осы ел бақайшағына дейін қаруланған фашистік Германияны тізе бүктіріп,тек өздерін ғана емес,бүкіл әлемді құлдық бұғаудан құтқарып қалды.Бұл жеңіс Кеңес адамдарына оңайға түскен жоқ.Оған 35 миллион адам қатысып,соның 27 миллионнан астамы апат болды.Бұл 1418 күнге созылған шайқастың әр төрт секунті сайын бір адам апат болып отырды деген сөз.Біле білсек өте қасіретті арифметика.
1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 млн. 366 мың адамын аттандырды.Статистика Жеңі күніне олардың тек жартысының ғана аман жеткенін айтады.Қалғандары ұрыс даласында мәңгілікке көз жұмған.Ал бұл дегеніміз республика халқының 11 пайызы еді.Қандай қасірет десеңші... Бірақ олар бізге «Жеңіс» -атты қасиетті де қастерлі сөзді силап кетті.Сондықтан да біз сол аталарымыз бен ағаларымызға мәңгілікке қарыздармыз.Өйткені,бұл Жеңіссіз планетада бейбітшілік болмас еді.Бұл Жеңіссіз тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.
-4-
ІІ. Зерттеу бөлімі
Ерлік ел талғамайды
Нұртазаев Қалдыбай
1921 жылы Қызылорда облысы,Шиелі ауданында дүниеге келген. 1941 жылы 29 сәуірде Кеңес Армиясы қатарына Шиеліден аттанады. Ресейдің Иваново қаласында жауынгерлік борышын өтеп жүргенде соғыс басталады. 316-шы дивизиясының II батальонында Бауыржан Момышұлының қарамағында соғысады.1942 жылдың 3 желтоқсанында «Социалистік Қазақстан» газетінде майданда түскен суретімен соғыста жасаған ерліктері айтылып мақала жарияланған.Соғысты Берлинде аяқтап,еліне аман-сау оралады.Соғыстан кейінгі жылдары бейбіт өмірде еңбек етеді.Аудан орман шаруашылығы мекемесінде қызмет етеді.Жұбайы Оразкүл апамыз екеуі 8 ұл-қыз тәрбиелеп өсіреді.Олардан немере, шөберелері бар.Нұртазаев Қалдыбай 1993 жылы 72 жасында қайтыс болады.
Ел атағын - ер шығарар
Ордендері мен медалдары:
Мәскеу үшін шайқаста ерлігі үшін медалімен екі рет марапатталған.
Варшаваны азат еткені үшін медалімен 1945 жылы 17 қаңтарда марапатталған.
Берлинді азат еткені үшін 1945 жылы 2 мамырда марапатталған.
Германияны азат еткені үшін медалімен марапатталған.
Жауынгерлік ерлігі үшін медалімен марапатталған.
Ұлы Жеңістің 20 жылдығы медалімен марапатталған
Ұлы Жеңістің 30 жылдығы медалімен марапатталған
Ұлы Жеңістің 40 жылдығында Ұлы Отан соғысының I дәрежелі орденімен марапатталған
Ұлы Жеңістің 50 жылдығы медалімен марапатталған
1997 жылы Г.К.Жуков медалімен марапатталды
Еңбек Ардагері медалін екі рет алған
-5-
Польша жерінде
Деректі әңгіме
Көбіне көңілді жүретін көршімнің апта болды,көзі кіреукіленіп,әдемі жүзі күрең тартып,қаққан қазықтай тіп-тік жүретін денесі салбыраңқырап,мазасызданып жүргенін байқап жүрдім. Кешегі соғыс салған жарадан ба, әлде анау бір немересі ауылдан ұзап, шеттеп жүргені жанына батқаннан ба,әлде... деген күдікпен кешкісін үйіне бардым.
-Кел,кел! Төрлет,-деп Қалдекең жұбайы Оразкүлге «шәйіңді қамда» дегендей ишара білдіріп,өзі дастарханды ыңғайлай берді.Көзім анадай жерде жатқан Бүкілодақтық басылым- «Ветеран» журналына түсті.
-Қалдеке! Қаншама қазақ тілінде шығатын газет-журналдардың бір де бірін оқымай, мына орысша газетті жастаныпжатқаныңызға жол болсын,-дедім әзіл аралас.Ақ бурыл тартқан қою шашын салалы саусақтарымен көсіп-көсіп жіберді де:
-Ішімде орыс өліп жатыр деймісің. Жасың жетпістен асқанда алды-артыңа көз жүгіртіп,көңіл түкпірінде қорда болып жатқан сағынышты сығып бір сыртқа шығарар мезгіл туады екен. Мына басылымда кешегі сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп,әр түрлі себептермен кезінде иесіне жетпей қалған орден-медальдарын ала-алмай қалғандардың аты-жөні жазылып тұрады екен.Әр саны келген сайын әкем Нұртазаның есімі кездесіп қала ма деп қарап шығатыным бар,-деп газетті қолына алды.
-Сонда қалай? Әкеңіз де соғыста болған ба? –деппін мен таңданғанымды жасыра алмай.
-Болмағанда ше!
-Оу,Қалдеке-ау! Біз сізді Ұлы Отан соғысының партия,еңбек ардагері,әрі қазақты ңкемеңгер ұлы Бауыржан Момышұлының дивизиясында болғаныңызды, 1942 жылдың з-желтоқсанында «Социалистік Қазақстан» газетінде Сіздің қырғыз жігіті Белен Тоқтағұловпен бірге түскен суретіңізді басып шығарғанын білущі едім,ал мынауыңызды,-дей беріп едім:
-Әп,бәрекелді,-Сен өзің мен жайлы менен жақсы біледі екенсің ғой,-деп мырс күлді,-барлығы осы суреттен басталды емес пе. Сен тыңда мен айтайын.
...Ол кезде жасым 17 мен 18-дің арасында. Кедейшіліктен сіңіріміз шиқылдап,әйтеуір өлместің күнін көріп жүрген күндер ғой. Біз Армия тәртібін жаттығу жұмыстарымен айналыса бердік.Екі айдың жүзі болды ма,соғыс басталды.Бізді тез жинады да,Эстонияға алып кетті,Таллин қаласының жанындағы қалың орман арасына әкеліп тастады.Ертесіне таңертең күн батыс жаққа қарасам бір,Құдай өзі сақтасын,саған өтірік,маған шын,бір қызыл-ала от лаулап жанып,аласапыран басталды да кетті.Аспанда сомолет,жерде жаяу әскері.Сөйтсем немістер шекараны бұзып,шабуыл жасаған екен.Жанымда ауылдан бірге келген ортақшылдық Бейсен,отызжылдықтық Құрманай Шәкіров және Қызылордадан Алатаев
-6-
Шәкір,тағы басқа қазақ жігіттері бармыз,көпшілігі жергілікті эстон ұлтынан еді. Немістермен тез тіл табысақойды ма,олар әрі қарай кете барды да,біз
қоршауда қалдық та қойдық.Көп сөйлеп кеткен жоқпын ба дегендей ол кісі маған тесіле қарады.
-Мұның бәрі дұрыс,-бірақ қазіргі қажеті сіздің әкеңіз Нұртазаның соғыста болуы жайлы оқиға еді ғой,-дедім.
-Айтпақшы,солай екен ғой,-деп Қалдекең әңгімесін әрі қарай жалғап кетті.
-Содан мен соғысқа кете бардым.Ауылда қалған қартаң-құртаңдардың жұмысқа жарайды-ау дегендерін жиып-теріп еңбек колониясына жібермей ме? Ішінде әкем де бар.Аралдан бір-ақ шығады.Аштыққа,ауыр жұмысқа төтеп бере алмаған әкей сонау Аралдан «ауыл қайдасың»деп тартып береді.Көлікке мінбейді,жаяу келеді.Аралдан Шиеліге келуін келгенмен көптің көзіне түсуден қорқып,өзі секілді қашқындарға ілесіп,дария бойындағы қалың тоғайды мекендейді. «Нұртазаны көрдік,қашып келіпті,тығылып жүргенге ұқсайды» деген лақап ел құлағына тиеді.Оны Сейтқасым да естиді.Сөйтіп жүргенде «Социалыистік Қазақстанға» менің майданда түскен суретім шыға қалады да,Сейтқасым газетті қатынаған адамнан тоғайдағы әкеме беріп жібереді.Баласының майданда мақталып түскен суретін көрген әкем алып-ұшып аудандық соғыс комиссиаратына келіп газетті ұсынады да:
-Осылай да,осылай, өлтірсең де мен еңбек колониясына бармайиын,мына жалғызым жапан далада неміспен жалғыз жағаласып жатқанда менің ауылда күйбеңдеген көптің бірі болып жүргенім жарамас. Басына сүйеу болайын,мені соғысқа жіберіңдер,-деп тепсініп тұрып алады.
-Сауатыңыз жоқ,оның үстіне жасыңыз алпысты алқымдап қалды,онда барғанда не жарытып жұмыс істей қоясыз.Тылда-ақ болмаясыз ба? –дейді.Ол көнбейді.Қойшы не керек,көк поезға мініп алып «Қалдыбай қайдасың» деп тартып отырады.Мен ол кезде Варшава қаласын азат етуге қатысып,Польшада жатыр едім.Бір күні командирім:
-Нұртазаев, тұр да биле, әкеңнен хат келді,-деп қарап тұр.
-Брось те!-деппін мен жаман орысшамды бөле-жара айтып.
-Сенбейсің бе? Міне,-деп командирім үш бұрышты хатты қолыма ұстата салды.
-Құдай-ау,орысша былай тұрсын, қазақша сауат ашпаған,әліпті таяқ деп білмейтін шалдың «жазған» хатына қарап,қалшиыппын да қалыппын.Көз алдыма ауылдың ақ шаңы аспанға атылған кір-кір жолдары,жатаған кепе,тулап атқан дария,аяулы ауылым Жаңатұрмыс,Сейітқасым бәрі кино лентасындай өте берді,өте берді. –Рас шығар деймін хатқа қайта қарап.Ашып оқысам,орыс әріпімен жазылған екен,бар жағдайды түгел айтыпты,өзі осы Польшада,Варшава қаласынан тоқсан шақырым жердегі Люблин қаласында жатқанын айтыпты.Дереу командиріме барып,мән-жайды айтып,бір-екі күнге мәулет сұрап едім,жібермеді.Амал жоқ,тәртіп қатал,бағынасың. Көп кешікпей біз Берлинге аттанып кеттік. Одан соң әкемнен хаттар болмады.
-7-
Сағынышта шек жоқ. Жатсам түсімнен бір шықпайды содан соғысты жеңіспен аяқтап,1946 жылдың мамыр айында аман-есен елге оралдым,әкем менен бір ай бұрын жеті рет жарақат алып,балдақпен оралған екен.Екеуіміз құшақтасып,көп жыладық.Соғыстан аман келгеніме қуансаң барар жер,басар тау жоқ,ішерге тамақ,киерге киім жоқ,екі тірі жетім ертеңгі күніміз не болмақ деп уайымдап жылаймыз. Осындай қиналған кезінде қол ұшын берген азаматтардың ішінде ерекше айтарым- марқұм Сейітқасым еді ғой,ол жайлы естелігім өз алдына,-деп көз шарасын жасқа толтырып алды.
Міне,көршіммен болған аз ғана әңгіменің ұзын –ырғасы осы. Сөйлесе шешіле беретін шежіре қарттың аузынан Шиелі жайлы талай тарих туатынына сеніммен шықтым үйден.Абзал азамат,шебер шежіресі,еңбек,соғыс,партия ардагері Қалдыбай Нұртазаевпен көрші болу әркімге бұйыра бермейтін несібе. Бүгінгі бейбіт күні көңіліңізге кірбің кірмей,ортамызда ойнап,күліп жүре беріңіз деген жақсы тілек те жоқ емес.
Сарғыш суреттер сыры
Атын ауызыңа алғанда жан түршігетін соғыстың аяқталғанына да 58 жыл толды. Әр бір саналы азамат бұл күннің қандай қиыншылықпен ,қан төгумен келгенін есте сақтайды.Ұлы Жеңістің,халықтар бірлігінің елге,Отанға деген сүйіспеншілік,әр бір азаматтың азаматтық борышының адал өтегендігінің қол жеткен үлкен жемісі деп білемін.Соғыс деген сөзді мен санама алғанда әкем жайлы айту-менің парызым деп санаймын.Өйткені,әкем сол соғысқа бастан-аяқ қатысып,екі рет жараланып,елге жеңіспен оралған азаматтың бірі.
Сонау 1986 жылы маусым айында әкеммен бірге Ленинград қаласында өткен соғыс ардагерлерінің кездесуінде болғанымда,орыс халқының соғысардагерлері алдында бас иетініне куәгер болдым.Сол кездері Москва-Ленинград поездімен кетіп бара жатқанда «Балам,мен мынау ормандарда соғысқанмын» дегенде,ертегі тыңдап отырғандай болатынмын. Беті аулақ,әр бір адамның соғыста бастан кешкен әр бір күні біз үшін аңыз тәрізді.Міне,әкемнің қайтқанына 10 жыл уақыт болыпты.Әкем ұзын бойлы,келбетті кісі болатын.Сұм соғыстың зардабы ма,басы –аяғына тиген оқтың әсері ме әкем 72 жасында дүние салды.
Пенденің өмірде сиынатын,сенетін бір күші болады.Мен сиынатын,мен пір тұтатын адам-әкем.Ол соғыс, партия,еңбек ардагері еді.Көптеген Үкімет медальдарының иегері болды.Халық сыйлауға,құрметтеп өтуге лайық адам.
Құрметті оқырман қауым! Әкелеріміз әкелген Ұлы жеңістің әр бір күнін бағалайық дегім келеді.Мына сарғыш суретте қырғыз жауынгері мен елге хат жазып отырған сәті түсірілген екен.1991 жылы шілде айында 50 жылдан соң қырғыз жауынгері
-8-
Белек Тоқтағұлов пен 28 –Панфиловшылар паркінде кездесу сәті де тарих парақтарымен жабылып бара жатыр.
Х.Нұртазаева.
Қызылорда қаласы.
«Бар ма екен бұл боздақтар?»
Майдангер,фотокорреспондент Нарцисовтың хаттары
Бірінші хат
Дорогой Калдыбай Нуртазаев , Здравствуйте!!
На-днях в газете «Казах Адебиети» была помещана фотография моей фронтовой работы, на который запечатлены в Хрломском районе Новгородской области , в Панфиловской дивизии два война: пишут письмо на родину. Это было в 1942 году.
В редакцию пришел человек и сказал, что знает вас,он дал ваш адрес и мне его сообщили из редакции. И вот пишу вам письмо из моего родного Липоука, прошу вас откликнуться написать мне : вы ли это тот товарищ , который запечатлен на фото ? т.е служили ли вы в ту годину в Панфиловской дивизий ? Я буду очень рад вашему письму!
Напишите мне о том, как сложилась ваша жизнь после войны, какие у вас награды, кто в семье, словом все спишите ,что пожелаете. Я буду рад вашему письму.
Жду ответа. С искренним приветом из Липецка – И.Нарцицов-*
Екінші хат
Дорогой Калдыбай Нуртазаев !
Мой славный одчополчанин по службе во 2м гвардейском стрелковом корпусе, в состав, которого входила Панфиловская дивизия –шлю вам свой сердечный привет и поздравляю вас и всю вашу большую семью с 40-летием нашей Великой Победы. Счастья вам во всех ваших делах и занятиях!
Эту фотографию – где вы запечатлены у землянке в суровый декабрьский день сорок второго года –я посылаю вам на память.
Хочу сказать что это фотография знаменита тем,что она опубликована во втором томе многотомного издания
-9-
«Великая Отечественная война в фотографиях и кинодокументах».
Встретит это издание можно сейчас крупных библиотеках.Ну и еще будет издано в конце года книга-фотоальбом: Память Московская битва (1941-1942год). Издательство «Масковский рабочий». Мне кажется,что это же фотография должна быть опубликовано в этом альбоме.Кажется,что так
Постарайся заказать для внуков и правнуков.Должна выйти в конце года.Как этот заказ делается работники книжной торговли -- , лучше всего заказать в облкниготорге / в Казахстане /.
Но главное,дорогой , это то,что пережил войну, что у тебя большая и славная семья,что дети любят тебя / чувствую это по фотографиям,которые прислал, которые оставляю себе на память! /
Мне семьдесят два года. Живем с женой вдвоем в однакомнатном квартире , на втором этаже. Приятного не пью,не курю,дружу с культурой.Это и поддерживает меня . А так давно бы рассыпался совсем . А еще хочу от души поблагадарит за хорошее теплое твое письмо,дорогой ополченин,за приглашение встретить твою семью.Спасибо дорогой.
Долго и с удоволствием рассматривал фото где снят в кругу своей семьи, слава тебе,что создал такую большую семью!
Еще вспоминаю, как на фронте дружили между собой люди разных национальностей.
Это письмо пишу тебе,дорогой Колдыбай,когда вся наша страна готовится торжественно отметить Сорокалетине Нашей Великой Победы.Я был на фронте дважды ранен.Но вот суждено было встретить День Победы в Берлине и вот еще прожит после этого сорок лет.Немного остается ветеранов и я бесконечно рад,что получил от тебя весточку.Огромного желаю тебе и твоей семье счастья !
Дружески обнимаю
Күнделік беттерінен...
Майдангер Қалдыбай Нұртазаевтің күнделіктерінен үзінді
I
1980 жылы 5 –шілде күні Алматыдағы госпитальдан емделіп, Жазушылар одағына ,Бауыржан Момышұлымен кездесуге бардым. Жазушылар одағының секретарына кірдім.Жұмысымды айттым. Мен Момышұлымен соғыста бірге болғанымды айтып едім,ол кісі қазір науқас,ешкімді қабылдамайды дегенді айтты.Үйіне телефон соғып көрейін деп трубканы алып,Бауке,сізге соғыста болған солдатыңыз келіп еді. Сонау Қызылорда облысы,Шиелі ауданынан екен, өзі шопан екен. Баукең келсін деп жатыр деді де,орнынан ұшып тұрып, менің қолымды алды. Әдірісін,үй нөмірін айтты.Сыртқа шықтым да 28 панфилов паркінің қасында жақын екен,жақында жаңа үйге көшіп-қонған екен.Мен сыртқы есіктің звоногын бастым.
-10-
Әйелі шықты,қайтіп сұрап келуге кетті де,сізді келсін деп жатыр деді.Мен ішке кіріп,шешініп, жатқан комнатына сәлем беріп кірдім. Төсек тартып жатқан екен. Креслоны нұсқады.Отырдым. Сен мені қайдан білесің?-деді. Мен сіздің қарауыңызда үшінші взводта болдым. Сізбен Полевой госпитальда бірге болдым дедім. Мария Иванова деген начальник госпаиталында деп айқай салды.Қатын,қатын,-деп шақырды,есіктен әйелі кірді.Қатын,мына жігіт менің майдандасым,ас –тамақ келтір,-деп бұйырды.Бес жұлдызды коньяк бар, тамақ үстел үстінде дайын болды.Үстелге отыр,мына коньякты аш,-деді,аштым да өтініп сұрадым,басымда оқ барын айттым,ол кісі ашу шығаруға барып,сен қандай солдатсың командиріңе келіп,100 грамм ішпейтін, деп айқайлап жіберді. Құй деп, екі стаканды көрсетті, ылаж жоқ құйдым да, сіздің денсаулығыңызға деп,соғыстырып,тартып жібердік.Осыдан денсаулық жақсарса,сіздің үйге,балаларыңа барамын,-деді.Орта Азия округінде 24 комнатада Панфиловтың қызы бар және полковник бір балаларға жолық деді.
Мен жолықтым,көп әңгімелер айтты.Күтемін,сәлем,-деп жүріп кеттім.
Қалдыбай
II
Кейінгі ұрпақтарға айтар өсиеттер.Ата жолының өмірін білуге,ел мен елдің бірлігі үшін үлкен оқиға болар деп ойлаймын.Ұлы орыс халқының ұлы Нарцисов іздеу салса,біз туысқан қырғыз-қазақ еліміздің мақтанышы болар деп қаламгер інілерім үміттенем. Мына газеттерден оқып көруге болады:
Қазақ әдебиеті газеті 1970 жыл 8 май
Қазақ әдебиеті газеті 1985 жыл 5 апрель
Соғыстан оралған жауынгер жайында мақалалар
Соғыс,еңбек,партия ардагері : Қ.Нұртазаев
22.01.1991 жыл
III
1942 жылы 3 декабрьде екінші армияның фотокореспонденті Нарцисов түсірген суретте 1взводтан екі адам қалдық.Біреуі қырғыз жігіті Тоқтұғұлов Белек болатын. Сол жолдасымның тірі-өлісін білмей жүретін едім. 1945 жылы 5 апрельде қазақ әдебиеті газетінде «Бар ма екен бұл боздақтар?» деген іздеу салған фотокореспондент Нарцисовтың мақаласы жарияланды.Мен қырғыз еліне хат жазып,сол жолдасымнан хат алдым.
Міне,48 жыл өткенде хабарласып отырмын және Қырғызстанның оқушы пионерлерінен де хат алдым.Кездесуді күтудемін.
-11-
Қорытынды
Сарғайса да тарихтың ақпарағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады
9 мамыр Жеңіс күні. 71 жыл бойғы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн... Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын!- деп Дәулетбек Қалышбекұлы ағамыз айтқандай әлемде соғыс болмасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақ елі қарыштап дами берсін, қашан да бейбіт елдің көгінде қыран құсымыз қалықтай бергей.
-12-
Ұсыныстар:
1. Мектеп бағдарламасында Ұлы соғысына және Ұлы Отан соғысы батырларына арналған тақырып көбейтілсе;
2. Жастарды патриоттық сезімге, Отаншылдыққа баулу үшін, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қатыстыра отырып үйірме, әскери клуб т.б. ұйымдастыру;
4. Облыс ,аудан орталығындағы,мектеп мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысты бірнеше тақырыптық көрмелер ұйымдастыру;
5. Республикалық, облыстық,аудандық деңгейде Ұлы Отан соғысы кезінде туындаған әндер фестивалін ұйымдастырып, арнайы ән альбомдарын, бейне клиптерді шығару керек.
6.Әлеуметтік желілерде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірі,қызметі,ерлігі жайлы мәлімет беретін арнайы сайттар ашу.
-13-
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан ұлттық энциклопедия. Алматы-2003 .
Қазақстан тарихы.5 том. Алматы-2010
Ұлы Отан соғысы тарихы.1-2 том.Москва
Н.А.Назарбаев.Победа в великой отечественной войне-немеркнуший народный подвиг.Казахстанская правда.11 мая.1995
Сыр бойы газеті.1981 ж.
Қ.Нұртазаева.Сарғыш суреттер сыры. Өскен өңір газеті.29 мамыр.2003 жыл
Майдангер Қ.Нұртазаевтің күнделіктері,хаттары.
-14-
Мазмұны:
Кіріспе.............................................................................................................1
Ұлы Отан соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы......................2-3
Зерттеу бөлімі Ерлік ел талғамайды
1. Ел атағын - ер шығарар (Өмірі мен қызметі)...........................................3-4
2. Ардагер жетістігі- ел жетістігі (марапаттары, жетістіктері).....................5
3.Польша жерінде (деректі әңгіме)...............................................................6-8
4.Сарғыш суреттер сыры...............................................................................8-9
5.Күнделік беттерінен...................................................................................10-11
Қорытынды
Сарғайса да тарихтың ақпарағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады..................................................12
Ұсыныстар..................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттері.....................................................................14
Достарыңызбен бөлісу: |