Сәкен Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы 25 ақпан 1939, Алматы, Қазақ кср, ксро) қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі24,37 Kb.
#185932
1   2   3
Байланысты:
Қосымша 2. С.Сейфуллин (1)
Музыка, Документ Microsoft Word
5-топ. С.Сейфуллин
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы - 25 ақпан [1] 1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.
Сәкен Сейфуллиннің ғылыми еңбектері
Сәкен Сейфуллиннің ғылыми еңбектерінің бір саласы қазақ әдебиетіндегі сын жанрының өркендеуімен, әсіресе, әдебиеттану ғылымының қанат қағып, даму кезеңімен тұстас келгенін білген абзал. Әрі сол тұста кеңестік кезеңнің үстем ой-пікірінің Сейфуллинге ықпал жасағанын да ұмытпалық. Әлдебір сөйлемдерге бола күллі еңбекке қара жабу қасаңдық.
Ол 1924 жылдары Орынбор қаласында қазақ жастарының клубында арнайы дәріс оқиды. Тақырыбы: «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы». Яғни, үнемі ізденісте, дайындықта жүргені осы уақыт аралығынан ілгеріде басталғанын байқаймыз. 1928 жылы да Ташкенттегі Қазақ-қырғыз ағарту институтының студенттеріне қазақ әдебиетінің жай-күйі жайында баяндама жасап, білімге сусаған жастардың әдебиетке деген шөлін қандырып, мәдениет пен өнердің оларға мәлім емес қыр-сырын, құпиясын білуге жол ашады.
Белгілі ғалым, профессор Тұрсынбек Кәкішұлы Сәкен Сейфуллин көне мұраларды, жеке ақындар шығармашылығын жинағанда мынандай жолдарды пайдаланған дейді. Олар:

  • Қазақтың біраз жерін аралап, көне көз қариялардың аузынан өзі жазып алады.

  • Елденестігендерінжадындасақтаған.

  • Біржан сал, Ақансері, Балуан Шолақ ұрпақтарымен кездесіп, біраз деректер алған.

  • ҮкіліЫбырайды, Жамбылды, Кененді, ИманЖүсіпті, Ғазизді көп тыңдаған.

  • Ә.Диваевтан көптеген керекті материалдар алған.

  • 1929 жылдан бастап студенттер арқылы жинастырған

  • 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне ашық хат жазып көпшіліктің көмегіне сүйенген.

Дерек көзі: http://old.el.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет