6-дәріс. Кванттық сандар. Зееман және Штарк эффектісі. Электронның спині және магниттік моменті.
Кванттық сандар. Зееман және Штарк эффектісі.
- Бас кванттық сан n атомдағы электронның энергетикалық деңгейлерін анықтайды.
n =1,2,3,...
-Орбитальды кванттық сан 1 мына мәндерді қабылдайды
l = 0,1,2,...(n - 1 )
және атомдағы электронның импульс моментінің (механикалық орбитальды моментінің) шамасын анықтайды
-Магниттік кванттық сан m мына мәндерді қабылдайды
m =0, 1, 2,..., /
және электронның импульс моментінің шамасын берілген бағытта анықтайды.
Электронның орбиталды импульс моментінің векторы L кеңістікте 2/+1 бағыттарды қабылдай алады. Суретте электронның орбиталды кванттық саны l=0 (а) және l=1 (б) болғандағы L векторының мүмкін болатын бағыттары көрсетілген. Сәйкесінше магнит өрісінде n бас кванттық саны бар деңгейдің 2/+1 деңгейшелерге ажырауы – Зееман эффектісі деп, ал сыртқы э лектр өрісінде энергия деңгейлерінің ажырауы Штарк эффектісі деп аталады.
n және l кванттық сандары электронды бұлттың өлшемі мен пішінін сипаттайды , ал кванттық саны кеңістіктегі электронды бұлттың бағытын сипаттайды. Атомдық физикада l=0 кванттық саны сипатталатын электронның күйін s-күй деп, (осы күйдегі электронды s-электрон) l=1 – р-күй, l=2 – d-күй, l=3 – f -күй және т.б. деп атайды.
Суретте s-, р-, d-, f -электрондар үшін ықтималдылық тығыздықтардың графикалық кескіндері және әрбір жағдайға сәйкес кеңістіктік квантталуы – импульс моментінің проекциясы сәйкес мәндерге (мысалы, l=2, m=2 үшін 2 ) ие болатын бор орбитасының бағыттары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |