Өнімсіз-селқос деңгей. Зияттылықты белсенді адамдардың іс-әрекетті, әрқашан қандай да бір сыртқы стимулмен анықталады.
Шығармашылық деңгей. Бұл деңгей зерттелінушісі зияттылықты бастаманың осы немесе басқа деңгейін сипаттайды. Әр жаңа заңдылық «эвристикалық» шығармашылық ізденіс, ашу ретінде бастан өткеріледі. Мұндай адамдар танымның басты құрамына салыстырамалы талдауды жатқызады.
Креативті деңгей. Креативті деңгейге ие адамдарда ойлау процесінің ақырғы пунктіне тірелмей, өз бетінше ары қарай зерттеу мақсатын құрумен байланысты. Креативті деңгейге тән ойлау іс-әрекетімен байланысты талдаудың терең процесі алға шығады.
Н.М. Гнатко креативтіліктің механизмін зерттеу арқылы, оны әлеуетті және көкейтесті деп екіге бөлген. Әлеуетті креативтілік – бұл тұлғаның әлеуетті бейімділік жоспарындағы индивидумды сипаттайтын іс-әрекетке дейінгі креативтілік. Ол базалық даярлық формасында белгілі бір сыртқы жағдайларда көкейтесті креативтілікке ие болумен сипатталады. Көкейтесті креативтілік – іс-әрекеттің сол немесе басқа түрінің сипатымен бірге тұлғаның әлеуетті креативті әсер ету сипатының туындауы. Яғни, бұндай адам шығармашылық белсенділікті белгілі бір іс-әрекет түрінде танытады.
Шет елде шығармашылық психологиясын зерттеуде іргелі зерттеулер жүргізілген. Жеке ерекшілектердің генетикалық алғышарттары да зерттелген. Дегенмен кешенді жалпы диагностикаға және арнайы дарындылыққа арналған әдістеме жасалмаған. Шығармашылық ойлау әлі күнге дейін толық зерттелмеді.
Креативтілік – шығармашылыққа жалпы қабілет, тұлғаны тұтастай сипаттайды, белсенділіктің әртүрлі сферасында пайда болады. Аталған анықтамадан шыға отырып, бұны В.Н. Дружинин, креативтілік бұл қабілет, ал қабілет – өмірлік әрекет барысында дамитын қасиет, және креативтілік – көлемі тұрақты емес, «белсенді креативтілік» қалпында пайда болатын дамушы деп анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |