«Семей қаласының №37 гимназиясы» кмм химия және биология пәні мұғалімі Шәріпхан Алма Ермекқызы Тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын»



бет1/5
Дата18.04.2023
өлшемі27,1 Kb.
#174792
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Патриот болу-парызың. Сынып сағаты


Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ
Химия және биология пәні мұғалімі Шәріпхан Алма Ермекқызы
Тақырыбы: «Мен елімнің патриотымын» 
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
«Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіну
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер. 
Сабақтың көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер, үнтаспа, кітаптар көрмесі. 
Өтілетін орын: акт залы
Жоспары:
 
I. «Алға Қазақстан» флешмоб (соңында мәңгілік ел символын жасап аяқтау)

ІІ. «Мен өз елімнің патриотымын» 
(әдеби –композиция)
 
III «Мәңгілік ел»
 ұлттық идеясының жеті тұғыры (Таныстырылым)
ІУ. «Көк тудың желбірегені» (Хормен)
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 
Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпар гүлімен,
Келіп ем қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Сылдырла,сыңғырла тағы да,
Шақыра білімнің бағына.
Қоңырау әсем саз әдемі,
Өзіңді күтем сағына.
2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Алғашқы қоңырау» мерекесімен, 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі «Мен елімнің патриотымын» тақырыбы аясында өтетін тәрбие іс шарасына хош келдіңіздер!.
1-жүргізуші: Биыл 2016 жыл айтулы күндерге толы жыл,атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Семей палигонының жабылуына 25 жыл, қазақ ақыны, драматург,әдебиеттанушы, абайтанушы Қайым Мухамедхановтың туғанына 100 жыл
2-жүргізуші: Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
1-жүргізуші: Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Жүргізуші:Тында жолдас,тында дала,тында ел!
Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан!
Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген
байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет