Оқушы:Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.
Оқушы:Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Оқушы:Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.
Оқушы:Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.
Оқушы:Бұл - біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!
Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын!
Алға, Қазақстан! ( барлығы бірге хормен)
«Көк тудың желбірегені» (Хормен) қолдарында көк жалаушалар
Хормен: «Отан,Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!»
Жүргізуші: Отанымызды,елімізді,жерімізді,заңымызды,рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.Туған жерге деген киелі ұғымды құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенімізді ұмытпайық.
«Ел ерімен мақтанар,жер кенімен мақтанар» деген,елімізді қорғар ер-азаматтар,асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздарымыз молая берсін.
Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |