Аурудың жеңіл түрінде
•
Аурудың алғашқы күндерінен бастап төсек режимі мен арнайы
диетаны сақтау ерекше маңызды (№5 үстел). Шектеу: сары май
(күніне 30-40 г дейін), жұмыртқаның сарысы аптасына 1-2 реттен
көп емес, ірімшік, сиыр шұжықтары, докторлық шұжық.
Қуырылған, ысталған, маринадталған өнімдердің барлық түрлеріне,
консервілерге, маринадтарға, шошқа етіне, қой етіне, қазға, үйрекке,
ащы дәмдеуіштерге, кондитерлік өнімдерге – торттар, шоколад,
какао, табиғи кофе, балмұздақ, саңырауқұлақ сорпаларына тыйым
салынады.
•
Арнайы диетаға мультивитаминдер қосу.
•
Гипотермиядан және шамадан тыс қызудан аулақ болғызу, науқасты
оңашалау.
•
Дененің метаболикалық процестерін жеделдету үшін теңдестірілген
витамин терапиясы тағайындалады.
•
Диетаны ұстату. Тамақтану калория мөлшері мен ақуыз, май,
көмірсулар, дәрумендер бойынша толық болуы керек. Күніне 4-6
рет кішкене бөліктерде тамақтану керек;
Достарыңызбен бөлісу: |