Семей қаласының Дүйсенбі Калматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы
медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Пән: «Акушерия мен гинекологиядағы мейіргер ісі»
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»
Біліктілігі: 0302043 «Жалпы практикадағы медбике»
IV курс 6 семестр
№ 2 Клиникадағы тәжірибе
Тақырып:
Жүктілік патологиясы.Ерте токсикоздар
1.Платформадағы берілген дәрістері оқып, дәптерлерінізге жазып
алыңыздар.
2. Берілген тапсырманы орындап, платформаға жауаптарын енгіземіз!
3. Тәжірбиелік дағдыларды оқып шығып жаттығамыз!
Ситуациялықты есепті шешіңіз:
Босану үйіне алғаш жүкті, 25 жастағы әйел құсуға (тәулігіне 15-тен
жоғары), әлсіздікке, бас айналуға, салмақ жоғалтуға (10 күнде 5 кг) және тері
жамылғыларының сарғайғанына шағым түсті.
Жас кезінде вирусты гепатиттің А түрімен ауырған. Етеккірі 14 жастан,
1,5 жылдан кейін тұрақталған. Жыныстық қатынаста 24 жастан. Осы
жүктілігі – 1-ші, соңғы етеккірі 30 шілдеде болған. Жүктіліктің баснан
таңертеңгі мерзімде құсу басталған. Соңғы 10 күнде тәулігіне 3-4 рет құсу
пайда болған және тері жамылғылары мен көздің ақ қабығының сарғаюы
байқалған. Ауруханаға түскен кезде жалпыжағдайы ауыр хәлде. Тері
жамылғылары сарғыш түсте және құрғақ. Ауызынан ацетон иісі шығады.
Тамыр соғысы минутына 76 рет, АҚҚ 95/50 мм с.б.б.. Дене қызуы 37,8С.
УДЗ мәліметі: Жүктілік 7-8 апта.
Тапсырма:
1.
Акушерлік диагноз қойыңыз.
Жауабы :
Гепатит А. Себебі,бұл науқастың анамнезінде вирусты
гепатитпен ауырғаны жазылған, және негізгі шағымдары осы Гепатит А –
ның клиникалық көріністеріне келеді. Және бұл науқаста гепатит А мен
бірге ерте токсикоз белгілері бар. Құсудың ауыр түрі.
2.
Акушердің іс-әрекетін анықтаңыз.
Жауабы :
•
Ең бірінші нақты диагностикалау және түрін
анықтау
•
Диагнозына көз жеткізгеннен кейін емдік, профилактикалық іс
шараларға кірісу