Өздік жұмысының мақсаты: Абай мен Шәкәрімнің үндестігін ашу, өлеңдеріне талдау жасау.
Әдістемелік нұсқаулық:Абай және Шәкәрім тақырыбын толық меңгеру мақсатында мезгіл басылымдарын,әдеби сын мақалалар еңбектермен танысу.
№15. Абай және М.О.Әуезов. Абай поэзиясындағы психологизм.
Тапсырма: Конспект, ғылыми сараптама
Өздік жұмысының мақсаты: Абай поэзиясындағы психологизм тақырыбын ашу, М.Әуезовтың Абайға қатысты зерттеулерін ғылыми тұрғыдан қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулық:Тақырыпты жоғары дәрежеде меңгеру үшін М.Мырзахметовтың, А.Байтұрсыновтың, С.Мұқановтың еңбектерін қарастыру.
Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар (СӨЖ) № 1
Тапсырма: өздік жұмыс
Өздік жұмысының мақсаты: студенттердің абайтану ілімінің қалыптасуына ғылыми тұрғыда іздене отырып, қысқаша ой-толғамдарын конспектілеу