Сәменов Ғалымжан Қайыржанұлы, аға оқытушы, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасы, педагогикалық стажы – 9 жыл
«Ашық кен жұмыстарының технологиясы» пәні,
050707 «Тау-кен ісі» мамандығы,
Кредиттер саны – 3
Курстың аңдатпасы
«Ашық кен жұмыстарының технологиясы» курсы 050707– Тау-кен ісі мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарлары негізінде құрастырылған, мазмұны және көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына, берілген мамандық бойынша мамандар дайындаудың кәсіби сипаттамасына және деңгейіне толық сай келеді. Теориялық материалдар тәжірибелік тапсырмалармен бекітілген. Оқу жүйесінде бакалаврлардың білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған.
Пәнді оқу мақсаты мен мәселелері – студенттің ашық кен жұмыстарының технологиясы бойынша терең білім алуын, қатты пайдалы қазбалар кенорындарын қазу жағдайларының ерекшеліктеріне сәйкес технологиялық шешімдер қабылдаудың есептік әдістерін игеруін қамтамасыз ету; өнеркәсіптің тау-кен өндіру саласының қазіргі жағдайын, негізгі бағыттары мен даму перспективалары; кенорындарын ашу әдістері; кенорындарын қазу жүйелері; тау жыныстарын қазуға дайындаудың техникасы мен технологиясы; қазу-тиеу жұмыстарының техникасы мен технологиясы; карьер жүктерін тасымалдау және үйінді жасаудың техникасы мен технологиясы; процестердің технологиялық параметрлерінің жыныстардың қасиеттерімен және тау-кен және тасымалдау жабдықтарының параметрлерімен байланысы; ашық тау-кен жұмыстарының технологиялық процестерін орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері; жеке технологиялық процестердің арасындағы өзара байланыс; карьерлерде тау-кен жұмыстарын жүргізуді регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар; тау-кен жұмыстарының экологиялық салдарлары және олардың қоршаған ортаға әсері.
Білім беру технологияларының мәселелері, педагогикалық инновациялар мен жаңашыл-оқытушылардың үлкен тәжірибесі материалды үнемі жүйелендіру мен жаңартуды талап етеді.
Білім беру технологиялары оқу үрдісімен тікелей байланысты: оқытушы мен студенттің қызметімен, оның құрылымымен, оқу құралдары, әдістері және формаларымен.
Сондықтан оқу процесінде келесі негізгі принциптер пайдаланылады:
концептуалды негіз;
оқытудың мазмұнды бөлігі:
оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
оқу материалының мазмұны;
процессуалді бөлік – технологиялық процесс:
оқу процесін ұйымдастыру;
студенттердің оқу қызметінің әдістері мен формалары;
оқытушы жұмысының әдістері мен формалары;
материалды игеру процесін басқару бойынша оқытушы қызметі;
оқу процесін талдау.
Материалдың мазмұны мен құрылымы осы негізгі принциптерге байланысты таңдалады.
Оқу жетістігі негізінен студенттердің мақсаты мен ішкі белсенділігіне, олардың қызмет сипатына, өз бетінше оқу дәрежесі, шығармашылық қабілеттерін көрсете білуіне байланысты және оқу әдісін таңдаудың маңызды критериі болып саналады.
Сабақты жүргізу үшін пайдаланылатын негізгі оқу формалары мен әдістері: семинарлар, қайталау-негіздеу сабақтары, конференциялар, диалогтар, диспуттар, мәселелік оқыту, студенттің өзіндік жұмыстары, рефераттарды қорғау, студенттің жеке жұмысы, баяндамалар, тестілеу, ғылыми-зерттеу жұмысы және т.б. оқу сапасын жоғарылатуға әсер етеді.
Жүргізілетін сабақтардың түрлері – лекциялар мен практикалық сабақтар.
Оқу үрдісінде тау-кен ісіндегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар AutoCAD-2008, Gemcom Surpac v.6.1, Cebadan Auto II бағдарламалары қолданылады. Дәрістер мен практикалық материалдарды презентация ретінде көрсету үшін мультимедиялық проектор мен интерактивтік тақта, дербес компьютер немесе ноутбук пайдаланылады.
Курста оқытылатын негізгі тақырыптар
1. Ашық тау-кен жұмыстарының мәнi мен ерекшелiктерi.
Негізгі өндірістік процестер
2.Тау жыныстарын қазуға дайындау әдістері. Ұңғылық зарядтар конструкциясы, параметрлерi және оларды есептеу принциптерi
3.Бұрғылау жұмыстарының технологиясы. Ұңғылық зарядтарды орналастыру және аттыру тәртібі
Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент: кенорындарын ашу әдістерін; кенорындарын қазу жүйелерін; тау жыныстарын қазуға дайындаудың техникасы мен технологиясын; қазу-тиеу жұмыстарының техникасы мен технологиясын; карьер жүктерін тасымалдау және үйінді жасаудың техникасы мен технологиясын;процестердің технологиялық параметрлерінің жынытардың қасиеттерімен және тау-кен және тасымалдау жабдықтарының параметрлерімен байланысы; ашық тау-кен жұмыстарының технологиялық процестерін орындау кезінде қауіпсіздік ережелері; жеке технологиялық процестердің арасындағы өзара байланыстарды білуі керек
Пәнді оқып болғаннан кейін студент: жыныстардың қасиеттері мен оларды қазудың шарттарына байланысты кенорынынын ашу сұлбасын, қазу жүйесін, тау-кен және тасымалдау жабдықтарының түрі мен типтерін дұрыс таңдауды; процестердің режимдерін таңдауды және технологиялық параметрлерін анықтауды; процестер бойынша жабдықтардың өнімділігін есептеуді; кен жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құжаттарды дайындауды (бұрғылау-аттыру жұмыстарының паспорттарын, қазу-тиеу жұмыстарының технологиялық сұлбаларын және т.б.); техникалық пайдалану және қауіпсіздік ережелері талаптарына сәйкес негізгі және қосымша процестердің орындалуын ұйымдастыруды білуі керек.
Нәтижелерді бағалау құралы мен технологиясы
Кредиттік технология бойынша «Ашық кен жұмыстарының технологиясы» пәнін оқыту үшін „Ашық кен жұмыстары” кафедрасында студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады.
Рейтинг 100-баллдық шкала бойынша бағаланады.
Пән үшін бақылаудың келесі түрлері белгіленеді:
1) Ағымды бақылау: тәжірибелік сабақ, рефераттар;
2) Аралық бақылау;
3) Қорытынды бақылау: 6 семестрде емтихан.
Бақылау түрлері бойынша рейтинг баллдарын бөлу
Қорытынды бақылау түрі
Бақылау түрлері
Балдары
Емтихан
Қорытынды бақылау
40
Аралық бақылау
20
Ағымды бақылау
20
Студент суммарлық рейтигтік баллы 30 болғанда ғана қорытынды бақылауды тапсыруға жіберіледі. Қорытынды бақылау баллы 20 болғанда ғана ол тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды бағасы студенттердің білімін бағалау шкаласы бойынша анықталады.
Сәменов Ғалымжан Қайыржанұлы - «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы 9 жылды құрайды.
2009-2011 жж. Қазақстан Республикасының талантты жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендиясының стипендиаты.
2005 – 2010 жж. ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚазҰТУ 9 фундаменталды және қолданбалы ҒЗЖ белсене қатысады.
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 15 ғылыми мақала, 4 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқау, 6 оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жарияланды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.
2008 жылдың 1 ақпанынан 15 маусымына дейін «Жас лекторлар мектебі» курсына қатысты.
2009 жылдың қаңтарында «Gemcom Surpac v.6.1» интеграцияланған тау-кен геологиялық жүйесінің тау-кен модулі бойынша базалық оқу курсынан өтті
(сертификат 26.01.2009ж., Gemcom Surpac. Geology and Mine Planning).
2009 жылдың ақпан айында «Ұжымдық мәдениет және ұстаз әдептілігі» семинар-тренингіне қатысты ( сертификат №38 05.03.2009г. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ).
2009 жылдың мамыр айында «Ашық кен жұмыстарының технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы бойынша біліктілігін жоғарылатты
(сертификат №78, 08.07.2009ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ РЦПК).