Сіздердің назарларыңызға қол сілтеулер түсіндірмелерінің бірнешеуін ұсынып отырмыз.
Аузын қолмен жауып тұрса
Оқушы сізді алдап тұр.
Ұстаздың айтып тұрған ақпаратына оқушының басқа көзқарасы бар немесе оған бірнәрсе ұнамай тұр. Егер де педагог мұндай белгіні байқаса, дереу сабақтың барысын өзгертуі керек немесе сынапты басқа жұмыс түрлерімен қызықтыруы керек.
Егер оқушы басын оңға, солға қисайтып отырса, оның қызығушылығы жоғары деген сөз. Сабақты айтып тұрған кезде оқушылар тарапынан мұндай белгі берілсе, онда сіз аудиторияның назарын өзіңізге аударта алдыңыз, бәрекелді!
Оқушы басын төмен түсірсе
Балада қызығушылық пен зәйін жоқ, ол шаршады немесе сізді тыңдағысы келмейді.
Оқушының іші пысты. Оның басы толығымен қолында жатса, сабаққа деген қызығушылығы жоқ екенін білдіртеді. Мұндай белгілерге назар аударатын педагог сабақ барысын басқара алатынына сенімдіміз!
Бетін немесе иегін сүйесе
Бұл белгі оқушы қызығушылығының жоғары екендігін білдіреді.