Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат


Табиғи техникалық геожүйелердің мониторингі және экологиялық бақылау



бет66/90
Дата12.09.2020
өлшемі0,74 Mb.
#63667
түріСеминар
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   90
Табиғи техникалық геожүйелердің мониторингі және экологиялық бақылау.

Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:

құрлық экожүйелері-тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропиктер, тау.

тұщы су-ағынсыз су (көл-тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ, жылға) батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері

теңіз экожүйелері-теңіздер мен ашық мұхит

Тундра. Тундраның негізгі белгісі-орманның болмауы. Өсімдіктер дүниесі астық тұқымдастардан, қияр, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы-мүкті бірлестіктерден тұрады. Топырағы қышқыл, қоректік заттарға кедей. Жұқа өсімдіктер табыны оңай бұзылады және өте баяу қалпына келеді.

Тундрада жануарлардың тіршілік ету аймағы негізінен топырақ-жабын жер беті және бұталы белдеуден құралады. Белсенділігі жылы болатын 3-4 аймен шектеледі. Қолайсыз кезеңді омыртқасыз жануарлар анабиоз жағдайында өткізеді, кейбір жануарлар қысқы ұйқыға кетеді, кейбіреулері миграция жасайды.

Тайга. Бореалды қылқанжапырақты ормандар тайга деген атпен белгілі. Циркумополярлық зона түзе отырып үздіксіз белдеу түрінде Евразия, Солтүстік Америка арқылы өтеді. Евразиядағы қылқанжапырақты ормандардың енінің максимумы Енисей мен Лена өзендерінің аралығында болса, Солтүстік Америкада Тынық мұхит жағалауларында.

Тайганың климаттық жағдайлары салыстырмалы түрде қысқа вегетациялық кезеңмен, салқын қыс, салыстырмалы түрде салқын жазбен сипатталады.

Тайга ормандары моно немесе миго-доминантты, әдетте қарапайым және анық бөлінген белдеулік құрылым тән. Ағашты, бұталы, шөптесін өсімдіктер белдеуін және қыналы-мүкті топырақ қабатын бөліп көрсетуге болады.

Қылқанжапырақты ағаштардың түрлері-шырша, арша, қарағай, самырсын-бүкіл тайга бойындағы негізгі орман түзушілер.

Орман түзушілердің экологиясына байланысты тайга ормандары қара қылқанжапырақты (шыршалар, самырсын, сібір қарағайы т.б) және ашық қылқан жапырақты (қарағай, балқарағай) болып бөлінеді.

Дала. Қоңыржай белдеудің ксерофилді бірлестіктері әр түрлі аталады. Ксерофилді шөптесін өсімдіктердің таралу аймағына әр түрлі ұзақтағы қыс жылы құрғақ жаз, жаздағы жауын-шашын мөлшері максимум бөлу тән. Солтүстікте қаңтардың орта температурасы 200С, абсалюттік минимум 500С-қа дейін жетеді, ал оңтүстігінде бірде-бір айдың температурасы 00С-тан төмендемейді.

Тоған мен ұсақ көлдер. Зат айналымының тепе-теңдігі болмайтын, тұрақсыз экожүйенің мысалы тоған мен ұсақ көлдер бола алады. Мұндай су қоймаларында, әсіресе оларға айналадағы егіс танаптарынан тыңайтқыштар шайылып келетін болса, жағалаулық өсімдіктер мен бір жасушалы балдырлар жылдам көбейе бастайды.

Теңіздер-ірі, күрделі экожүйе болып табылады. Олардың тереңдігіне қарамай, түбіне дейін тіршілік таралған. Теңіздерде үнемі су массаларының айналымы, ағыстардың пайда болуы, жағалауларда төну мен қайту құбылыстары болып тұрады.

Күн сәулесі судың тек беткі қабатына ғана ене алады. 200 метрден төмен тереңдікте балдырлардың фотосинтезі мүмкін емес. Сондықтан терең жерлерде тек гетеротрофты ағзалар жануарлар мен бактериялар тіршілік етеді. Табиғатта абсолютті түрде ұқсас экожүйелер болмайды.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет