Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат


Дәріс №11 Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру



бет56/90
Дата12.09.2020
өлшемі0,74 Mb.
#63667
түріСеминар
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90
Дәріс №11

Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру

Кебірленген жерлер сортаңданған жерлердің бір түрі. Бұл жерлердің шын мәнісінде сортаңданған, сорланған топырақтарға қарағанда жоғарғы қабаттарында өсімдіктердің өсуіне зиянды ащы тұздары жоқ, олар кезінде бар болғанмен, кейін жауын шашынмен жуылып топырақтың төменгі қабаттарына сіңіп кеткен. Дегенде кезнде суға ерігіш тұздардың құрамындағы натрий топырақтың құрамына еніп барынша қанығып, сіңіп қалған. Бұл жерлерде топырақтың сіңіру құрамының астамы осы натрий катионының үлесіне тиеді. Мұндай жерлерді егістікке игеруге қиындық келтіріп тұрған да осы натрий катионы. Құрамында натрийі мол топырақтарда органикалық және коллоидты минералды бөліктер бірігіп, байланысу орнына ылғалдан ісініп, ыдырап, сумен төмен шайылады. Осының нәтижесінде топырақтың жоғары қабатындағы құнарлы заттар төмен ығысып, жоғары қабаттың түсі кремнийге байығандықтан, бозғылт тартады да оның есесіне топырақтың төменгі қабаты майда ұнтақталған коллоидты және органикалық қосылыстарға қанығып, түсі қара қоңырға айналады, ал оның реакциясы сілтілі болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет